Ветеринария

Ветеринария бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанына ақпарат

Аудандық ветеринария бөлімімен жүктелген аумақтың ветеринариялық-санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және жануарлар мен адам үшін ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар қолданылуда.
Ауданда 2019 жылға эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу, ветеринарлық дәрі-дәрмектер сақтау, егу жұмыстары және серологиялық зерттеулер жүргізуге жергілікті бюджеттен 62 500,0 мың теңге қаражат бөлінген.
2019 жылға аса қауіпті энзоотиялық және эпизоотиялық аурулар алдын алу ветеринариялық іс – шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жасалуда.
Ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары уақытылы жүргізілуде.
Адам және жануарлар өміріне қауіпті аурулардан ауданымызда көп кездесетін ауыл шаруашылық жануарларының сарып ауруы. Ауруды анықтау мақсатында ауданда жыл сайын ветеринариялық зертханамен ауыл шаруашылық жануарларына жоспарлы зерттеулер жүргізіледі. Ауылдық округтерге бөлгенде сарып ауруына зерттеуге жоспар бойынша ІҚМ - 44000 бас, ҰММ – 45300 бас. Ағымдағы жылдың басынан ІҚМ – 16120 басы зерттелді, оң нәтиже көрсеткен 104 бас, жұқтыру 0,1%. ҰММ – 13652 басы зерттелді, оның ішінде 2 бас оң нәтиже көрсетті, жұқтыру 0,0%. Бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында аудандық газетте мақалалар жарық көрді. Ағымдағы жылы ауылдық округ әкімдерімен, мал дәрігерлерімен және бруцеллез вакцинасын тасымалдаушы мамандармен жиналыс өткізу жоспарлануда. Бруцеллезден таза ауылдық округтерде бруцеллезге қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, сарып ауруына оң нәтиже көрсеткен жануарлар 15 күн ішінде Семей қаласының ет өңдеу зауытына және ЖШС «Семей ет комбинатына» тапсырылады.
Ағымдағы жылдың басынан АШЖБ базасына Бесқарағай ауданы бойынша ІҚМ-2412, ҰММ-1944, шошқа-26, жылқы-42 бас тіркелді.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 647500,00 теңгеге 259 қаңғыбас иттер ауланып жойылды.
Ауданда 22 қарапайым мал қорымы бар. Бүгінгі күнге КМК «Ветеринариялық қызмет» теңгеріміне мал қорымдары берілген, Глуховка ауылының мал қорымы берілген жоқ.
Аудан бойынша 7 ветеринарлық пункт жұмыс істеуде, Глуховка ауылдық округтерінде ветеринариялық пункт жоқ.
Ауданда 11 мал сою алаңдары іске қосылған. Барлық алаңдар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай.

Ветеринария
бөлімінің басшысы Е. Абдрахманов

 

 

2018 год  

2017 год  

2016 год  

2015 год  

 

Парақтар өзгертілді: 23-04-2019