Мемлекеттік қызметкерлер имиджі

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады....

Әрбір мемлекеттік қызметшінің терең шығармашылық білімі және белгілі бір практикалық дағдысы мен кәсіпқойлығының бар болуы, мемлекеттік міндеттерді құру, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау бойынша бір негізгі қозғаушы тетігі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты бағдарламасында мемлекетіміздің дамуының негізгі басымды бағыттарын белгіледі.
Бесқарағай ауданының мемлекеттік қызметкерлері «КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУДЫҢ» 1-ші бағытын іске асыру мақсатында кешенді аттестациядан жоғары нәтижемен өтіп, өздерінің құзыреттіліктері мен атқарылып отырған лауазымдарына сай екендіктерін көрсетті.
Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру мен тиімді басқару құрылымы көбіне мемлекеттік қызметкердің кәсібилігін ескереді.
Бұл мәселеде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Ұлт көшбасшысы әрбір өзінің бағдарламалық құжатында қоғамдағы тұрақтылықты, бейбітшілік пен бірлікті сақтауға басты назар аударады, онсыз мемлекетіміздің дамуы мен экономикалық гүлденуі мүмкін емес.
Бұл тұрғыдан алғанда біздің мақтанатын жөніміз бар, себебі бесқарағайлықтарды өздерінің ынтымақтастығы ерекшелендіріп тұрады, бірлігіміздің арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, осымен тоқтап қалмай болашаққа ауқымды мақсаттар құрамыз. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында алға қойған жаңа міндеттерін толықтыра отырып, Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» кезең-кезеңмен одан әрі іске асырылуын өткізу барысында Бесқарағай ауданында бірінші кезектегі міндеттер мен қызметтің әр саласының бағыттары әзірленді.
Осылайша ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және ветеринария саласында:
сүт - тауар фермалары мен сүт қабылдау пунктерінің санын ұлғайту, сүт өңдеу цехтарын ашу; селекциялық-асыл тұқымды жұмыстарын жақсарту арқылы асыл тұқымды репродукторлар ашу, ауыл шаруашылық кооперативтерін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін ашу; егістік алқабын ұлғайту, оларды ұтымды пайдалану мен пайдаланылмайтын суармалы жерлерді айналымға тарту; ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық ветеринариялық объектілердің тиісті жай-күйін, жұмыс істеуін қалпына келтіру.
Жұмыспен қамту және бизнес саласында: экономиканың нақты секторына инвестицияларды белсенді тарту; жаңа өндірістердің ашылуы; өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі; ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыт бойынша орындалуын қамтамасыз ету.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау саласында: мектепке дейінгі білімді 100%- ға дейін қамту; үштілділік бойынша бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жалғастыру; салауатты өмір салтын насихаттау және тарату; спорттық және зияткерлік көрсеткіштер бойынша нәтижелерін жақсарту; Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, тұрғындардың әлсіз тобына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударып сапалы медициналық көмек көрсету; нысандарды техникалық жабдықтандыруды ескеріп, әрдайым дәрігерлер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
ТҮКШ саласында: елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыру, соның ішінде көшелерді асфальттау, жарықтандыру және көгалдандыру; ауданнан қашық жерде орналасқан ауылдарды ұялы байланыспен қамту мәселесін шешу; ауданның елді мекендерін сумен жабдықтау, энергия және жылумен қамтамасыз ету бойынша жобалық- сметалық құжаттама дайындаумен айналысу;
Тапсырманы сапалы және уақытылы орындау болашаққа белсенді қарауға мүмкіндік береді, өйткені мемлекет басшысының 100 нақты қадам ұлт жоспарының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған барлық ауқымды тапсырмалары бірлескен күшпен табысты жүзеге асырылатын болады.
Бүгін біз мемлекеттік қызметтің бірлескен беделі әлеуметтік институт ретінде салынуының куәгерлері болып отырмыз. Бірлескен ұқсастықтың пайда болуының басты құраушысы болып, ұйымның нақты жұмысы болып табылады, осының негізінде бірлескен сипаттамалар анықталуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшінің имиджі қоғам ықыласының жауабы ретінде болуы қажет.
Осыған байланысты қазірден бастап мемлекеттік қызмет саласы бойынша келесі реформаның өзекті бағыттарын анықтауға болады, мемлекеттік қызметкерлер арасында жағымды бейнені қалыптастыру арқылы мәртебені арттыру, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында атап өткендей: 1. Мемлекеттік кызметші билік пен өз өкілеттерін қолдана білуі жәнесонымен қатар адал болуы керек. 2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. 3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?" деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаган дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек. 4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. 5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. 6.Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. 7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. 8. Мемлекет мүдделеріне зиян келтіру немесе жемқорлық әрекеттердің дайындалуын көрген кезде, дереу араласып, шаралар қабылдау қажет.
Талдауды қорытындылай келе кадрлардың тұрақсыздығын, конкурс бойынша төменгі қызметте орналасқан мемлекеттік қызметшілердің қатарынан жоғары қызметтің «Б» корпусына жоғарылауы, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза беру, Бесқарағай ауданы бойынша бос орындардың болуы (№1 диаграмма) кәсіби аппараттың және мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру бойынша дамуының жүріп жатқанын бақылауға болады.

Уличные фонари

Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызмет реформасы тиімді кадр тетігінің қалыптасуын болжайды: мемлекеттік қызметке түсудің тиімді және анық тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тоқтаусыз дамуының мүмкіндігі, ынталандыру жүйесін және жұмыс нәтижелерінің өзара байланысы. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінде басым бағыты мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру болуы қажет, соның ішінде азаматтардың өтініштеріне кертартпалық пен уақытылы ақпараттандыру, билік құрылымы туралы қолайлы пікір құру. Мемлекеттік қызмет имиджінің оң қалыптасуының негізгі бағыты болып мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуі және қоғаммен қарым қатынас орнату, осыған байланысты мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің артылуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын ұғынып, халыққа қызмет ету жолына түскенін барлық жауапкершілікпен қабылдауға тиіс.
Өз елінің нағыз патриоты, өз ісіне адал, әділетті болуы тиіс.
Құзыреттілік – басшылық стилінің жоғары ажырамас бөлігі. Қазіргі мемлекеттік қызметтен қоғам осыны күтеді.
Бірге біз ауданда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қойылған Ұлт жоспары және барлық қойылған тапсырмаларды жүзеге асыратын боламыз.
Ұлт көшбасшысының стратегиялық дарыны, оның саяси еркіндігі, күш- жігері, қойылған мақсатқа қол жеткізудегі тұрақтылығы Қазақстанды бірлігі мен бейбітшілігі және қоғамда жоғарғы құндылықтары бар қоғамдық келісімі бар мемлекетке айналдырды. Соның арқасында біз тұрақты мемлекетте, ертеңгі күнге сенімді, балаларымыздың болашағы үшін сабырлы өмір сүрудеміз.

 

Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастырушылық және инспекторлық
жұмысы бөлімінің басшысы А.Тастенбеков

Парақтар өзгертілді: 09-06-2017