Спорт

Спорттық ұйымдар

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директоры-Сабырбаев Айдос Бахтиярұлы

Туған жылы 21.08.1987 ж.Білімі жоғары. Самбо күресі мен қолма қол шебері. Жалпы жұмыс өтілі-5 жыл. 2010-2011 жылы Бесқарағай ауданының БЖСМ-ның дзюдо жаттықтырушысы. 2012-2015 жылдары олимпиадалық қорының колледжінде спорт әдіскері болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап БЖСМ директоры. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Мекеме) дене шынықтыру – сауықтыру функцияларын іске асыру және балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мекеменің түрі: коммуналдық.

Мекеме Шығыс Қазақстандық облыстық әкімдігінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 441 қаулысы негізінде құрылды. Мекеменің құрылтайшысы Бесқарағай аудандық әкімдігі болып табылады.

БЖСМ жұмысының негiзгi нысандары:

  1. оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);
  2. оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
  3. спорттық жарыстарға қатысу;
  4. спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;
  5. медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;
  6. теориялық сабақтар;
  7. оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы.

Бесқарағай аудандық балалар –жасөспірімдер мектебінде спорттың 6 түрі бойынша қызмет атқарылады. Олар: еркін күрес, жеңіл атлетика волейбол, футбол, қазақ күресі, үстел теннисі.
Жаттықтырушылар құрамы-18 адам, оқытушы-жаттықтырушылардың штат құрамы-7, сағатшылар-11 адамды құрайды.
Спорт мектебінде жалпы 422 спортшы: 160 спортшы- қазақ күресі бойынша, еркін күрестен-40, жеңіл атлетикамен-55, волейболмен-102, үстел теннисімен -34, футболмен-31 спортшы шұғылданады.        
Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің : спорт залының көлемі 12×24, құрылған күрес залы 9,5×12,6 шаршы метр, жалпы алаң 508,4 шаршы метр құрайды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 30×20 шаршы метрді құрайтын шағын футбол және 10×10 шаршы метр үстел теннисі бойынша зал ашылды. Сонымен қатар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жеңіл атлетика (қыс мерзімі), футбол (қыс мерзімі), үстел тенисі, волейбол бойынша секциялар өткізіледі. Сонымен қатар Өндіріс, Сосновка, Семеновка, Глуховка, Канонерка, К-Владимировка, Қоянбай, Беген, Бөдене және Н.Баймұратов атындағы орта мектептерінде БЖСМ сағатшылары секциялар жүргізеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қабілетті балаларды дене шынықтыру сабақтарында және спорт секцияларында мектеп мұғалімдерімен бірлесе тұрақты түрде іріктеу өткізіледі. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Мекеменің тұрған жері: инд.070300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 11.
факс телефоны 8(72236)9-01-04 электр.адресі   dych62@mail.ru  

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ

Парақтар өзгертілді: 06-12-2016