ТЖ

Бесқарағай ауданының ТЖБ

Саметаев Кабиржан Калибаевич Бастық - Кабиржан Калибаевич Саметаев
1972 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақши ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Үш жоғары білімі бар. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «машиналар және азық-түлік өндірісінің аппараттары» мамандығы бойынша, 2012 жылы ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Қайнар» университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген. Өртке қарсы қызмет органдарында 2004 жылғы наурыз айынан бастап. Қызметін Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының инженерінен бастады. 2011 жылғы наурызда ШҚО ТЖД Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері лауазымына тағайындалды, ал 2012 жылғы шілдеден бастап ШҚО ТЖД Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы қараша айында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.11.2013 жылғы № 741 ж/қ бұйрығымен ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.  
2011 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, 2012 жылы «За вклад в развитие структуры КЧС МВД РК» ҚР ТЖ Министрінің медалімен және 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталды. Үйленген, екі қызы бар.

Қабылдау кестесі:
Қабылдау күндері және уақыты: Әр айдың 1, 3 дүйсенбісі, 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бесқарағай а., Шәкәрім к-сі, 7
Байланыс телефоны 9-11-93

Қызметкерлер тізімі:
Бастық - Кабиржан Калибаевич Саметаев

Өтініштерді қабылдау ережелері:
1. Азаматтардың немесе ұжымдардың жазбаша өтініштері ТЖБ кеңсесінде қабылданады және тіркеледі.  
2. Өтініште өтініш берушінің Т.А.Ә., ЖТН, тұрғылықты мекенжайы, жұмысы немесе оқуы туралы деректер, кімнің әрекеті шағымдалатын органдардың немесе лауазымды тұлғалардың атауы, шағымдану себебі, өз талаптары көрсетіледі. Өтініш өтініш берушімен қол қоюлуы керек. Азаматтар мемлекеттік тілде, ұлттық қарым-қатынас тілінде, ана тілінде немесе басқа өзі білетін кез келген тілде өтініш беруге құқылы. Жауаптар мемлекеттік тілде немесе ұлттық қарым-қатынас тілінде беріледі.
3. Азаматтардың өтініштері қарастырылады және олар бойынша органға түскеннен бастап бір айға дейінгі мерзімде шешімдер қабылданады.

Қызмет бағыттары: Төтенше жағдайлар бөлімінің негізгі тапсырмалары табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою, азаматтық қорғау, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, төтенше жағдайларды алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

ШҚО әкімінің орынбасары С.К.Актановпен 2017 жылғы 22 мамырда бекітілген «2017 жылғы суға шомылу маусымында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-жоспарына» сәйкес Бесқарағай ауданының демалуға және суға түсуге қауіпті және жабдықталмаған су айдындарының учаскелерінде демалыс және мереке күндері 54-ӨСБ жеке құрамымен және Бесқарағай ауданының инженерлік-инспекторлық құрамымен ЖПҚ мен ЖАО бірлесіп үгіт-насихат материалдарын таратумен рейдтер және патрульдеу жүргізіледі. 2017 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 484 адамды қамтумен 13 рейд өткізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

 

ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!!!
Суға түсу мен шомылу ережелерін бұзу судағы бақытсыз жағдайларға және өлімге алып келеді.

 

Суға түсу маусымы кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

Бірінші суға түсуді судың 18°-20° температурасы кезінде желсіз ашық күні бастау керек. Суда 1-5 минуттан артық болуға қажет емес. Келесі суға түсу уақытының ұзақтығын 15 минутқа дейін жеткізуге болады.     

  1. Суға алдын ала таңдалған қауіпсіз немесе сол үшін бөлінген арнайы орындарға тәулігіне екі рет түсуге ұсынылады – таңертең және кешке.
  2. Суға түсу үшін таңдалған орындағы су мөлдір, түбі таза, тырбиған ағаштарсыз, су асты тастарынсыз, қадаларсыз, иірімдерсіз, шұңқырларсыз және т.б. болуы керек.
  3. Жалғыз суға түсуден де алшақ болу керек, себебі оқыс жағдай бола қалған жағдайда жаныңызда көмек көрсететін адам болмай қалады.
  4. Күн ваннасын қабылдағаннан кейін суға бірден секіруге болмайды; суға түсуді көлеңкеде біраз демалып алғаннан кейін немесе жүрек тұсын суық сумен сүртіп алғаннан кейін ғана бастау керек.
  5. Ешкімді суға, әсіресе аяқ астынан итеруге болмайды, себебі бұндай ойын суық суға өте нәзік адамдарды өліммен аяқталатын шокқа алып келуі мүмкін.
  6. Еш уақытта иірімдерге жақын келуге болмайды – бұл судағы өте үлкен қауіптілік.
  7. Арнайы сол үшін бөлінген немесе жабдықталған орындарда ғана сүңгуге болады. Жүзбелі құрылыстардан баспен суға секіру қауіпті, өйткені судың астында өмірге қауіпті заттар жатуы мүмкін.
  8. Мас күйінде суға түсу және шомылу өте қауіпті. «Судағы мас адам – суға батқан адам» – деген халықтың мақалы бар.
  9.  Тақтайларда, бөренелерде, үрленген резеңке автомобиль камераларында және үрленген заттарда суға түсу және шомылу өте қауіпті.  

 

Памятка

Қоршау белгісінен әрі жүзуге
Тыйым салынған орындарда суға түсуге
Балаларды қараусыз қалдыруға
Суға түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға
Суда ойнауға
Жалған дабыл беруге
Өтіп бара жатқан катерге, қайыққа жақын жүзуге
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге
Тамақ ішкен бойда суға түсуге
Суға мас күйде түсуге
Таныс емес жерге сүңгуге

ШҚО Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Жадынама Сайлау учаскелерiнде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртiбi

Сайлау учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi бар тақтайша орнатылады (iлiнедi).
Дауыс беруге арналған үстелдердi, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етудi ескере отырып, үй-жайдың периметрi бойынша жүзеге асырылады.
Сайлау учаскелерiнiң жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Көрсетiлген жұмыстар қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты бақылауымен жүргiзiледi.
Сайлаушыларды тiркеу, бюллетеньдердi беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерiнiң (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар) орындары әр жерге орналасқан кемiнде екi эвакуациялау жолы бар үй-жайларда орналастырылады.
Сайлаушылардың қозғалысы қиылысатын және қарсы лектi болдырмайтындай етiп ұйымдастырылады. Адамдар легінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгiленедi.
Сайлау учаскелерiн пайдалану кезiнде:
Эвакуациялау жолдарын, өрт сөндiру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшiру құрылғыларына қол жеткiзу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты iс-шараларды өткiзу кезiнде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есiктерiн жабуға жол берiлмейдi.
Өрт шыққан жағдайда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:
Өрт шыққан туралы дабыл қағылған жағдайда ғимараттағы барлық адамдар жедел көшіру жоспарына сәйкес бөлмелерден шығып,ең қысқа жолдармен ғимараттан шығу керек. Көшіру кезінде сабырлық сақтау қажет.
Өрт шықан кезде дереу 101 номеріне қоңырау шалу қажет

 

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудің қажеттігі туралы хабарлама

ҚАЖЕТ:
- Тұрғын үй аумағын қардан тазалау;
- Қарды қаттап тастау орындарына қарды шығару;
- Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;
- Тұрғын үй аумағы бойынша өтетін немесе телім аумағына іргелес көпірлерді тазалау;
- Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау;
- Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындау;
- Құнды заттарды, азық-түлік қорларын жер қоймадан немесе су баспайтын аумаққа көшіру.

Су тасқыны және су басу кезіндегі  өзін ұстау ережелері бойынша жадынама
- Газ және элект жүйесін өшіріңіз;
- Егерде су басу ақырын жүрген жағдайда (су деңгейі ақырын көтерілгенде) мүліктер мен материалды құндылықтарды құтқарып қалу шараларын жүргізіңіз: аса құнды заттарды жоғарғы қабатқа немесе шатырдың астына көшіріңіз, жануарларды шығырыңыз;
- Көршілерге ескертіңіз, балалар, қарттар мен мүгедектерге қауіпті жерден кетуге көмектесіңіз. Үстіңгі қабаттардан, шатырдың астынан, ғимараттың шатырынан орын алыңыз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламаларын тыңдаңыз және қатаң түрде нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз;
- Көшіруге дайың болыңыз! Су тасқынын ілгеруі мүмкін бағытын ескере отырып, кешеуілдемей қауіпсіз орынға шығыңыз;
- Бірнеше күнге құжаттарды, ақшаны, құндылықтарды, жылы киім, аяқ-киім, азық-түлік және су, жеке гигиена заттарын, медицианылық дәрі қорап өзіңізбен алыңыз;
- Суға түскен жағдайда жылы киім мен аяқ-киімді шешіп тастаңыз, жақын арада қалғып жүрген немесе су үстіндегі заттар тауып алуға тырысыңыз, көмек келгенге дейін соларды қолданыңыз;
- Су басқан жолда машинамен жүрмеуге тырысыңыз, Ағып кетуіңіз мүмкін. Егерде Сіз су басу аумағында қалсаңыз, машинаңыз сынып қалса, одан шығып, көмек шақырыңыз.

ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Сиренаны іске қосу туралы

Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Бесқарағай ауданының тұрғындар назарына, ағымдағы жылы 10 қараша мен 8 желтоқсанда сағат 09.00 – ден 10.00 – ге дейін электросиренаны іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады.
«Баршаның назарына» сиренасының дыбыс сигналы қазір маңызды ақпарат берілетіндігін білдіреді. Осыған байлансты, қазіргі уақытта облыстың аудандық орталықтарында телерадиоарналарға қосылудың техникалық мүмкіншілінің болмауына байланысты тұрғындар үшін ақпарат ШҚО ТЖД ресми сайтында (www.vkogps.kz) жарияланатын болды.

Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

Парақтар өзгертілді: 27-07-2017