ТЖ

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» РММ

Атқарылған жұмыстар туралы    

Ереже    

Жарғысы  

54-Өрт сөндіру бөлімі    

Төтенше жағдайлар мен өрт шыққан жағдайда:

ТЖ жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары –Е.Е.Рахметуллинге жұмыс телефоны: 9-14-47, 87775131035,
аудан әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы - жұмыс телефоны: 9-06-38, 87024260866.
әкімдік кезекшісіне жұмыс телефоны: 9-14-00,
№54 өрт бөліміне жұмыс телефоны:101, 8 (72236)9-13-69 телефондар арқылы хабарлаңыз.

kn Мекен-жайы:
ШҚО, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы, Шәкәрім көшесі, 7
жұмыс телефоны: 8(722-36) 9-11-93, 9-13-69

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызметтің майоры –Кабиржан Калибаевич Саметаев

kn Қабылдау күндері:әр айдың 1,3 дүйсенбісі 16.00-ден 18.00-дейін.

ТЖМ ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері өртке қарсы қызметтің капитаны - Асхат Сейтқазыұлы Кабиденов
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері өртке қарсы қызметтің капитаны -Мақсат Қанбарұлы Иманқажы. 

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудің қажеттігі туралы хабарлама

ҚАЖЕТ:
-  Тұрғын үй аумағын қардан тазалау;   
-  Қарды қаттап тастау орындарына қарды шығару;  
-  Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;
- Тұрғын үй аумағы бойынша өтетін немесе телім аумағына іргелес көпірлерді тазалау;
-  Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау; 
-  Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындау;
-  Құнды заттарды, азық-түлік қорларын жер қоймадан немесе су баспайтын аумаққа көшіру.                                 

Су тасқыны және су басу кезіндегі
өзін ұстау ережелері бойынша жаднама
-  Газ және элект жүйесін өшіріңіз;
-  Егерде су басу ақырын жүрген жағдайда (су деңгейі ақырын көтерілгенде) мүліктер мен материалды құндылықтарды құтқарып қалу шараларын жүргізіңіз: аса құнды заттарды жоғарғы қабатқа немесе шатырдың астына көшіріңіз, жануарларды шығырыңыз;         
-  Көршілерге ескертіңіз, балалар, қарттар мен мүгедектерге қауіпті жерден кетуге көмектесіңіз.  Үстіңгі қабаттардан, шатырдың астынан, ғимараттың шатырынан орын алыңыз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламаларын тыңдаңыз және қатаң түрде нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз;
- Көшіруге дайың болыңыз! Су тасқынын ілгеруі мүмкін бағытын ескере отырып, кешеуілдемей қауіпсіз орынға шығыңыз;
- Бірнеше күнге құжаттарды, ақшаны, құндылықтарды, жылы киім, аяқ-киім, азық-түлік және су, жеке гигиена заттарын, медицианылық дәрі қорап өзіңізбен алыңыз;
- Суға түскен жағдайда жылы киім мен аяқ-киімді шешіп тастаңыз, жақын арада қалғып жүрген немесе су үстіндегі заттар тауып алуға тырысыңыз, көмек келгенге дейін соларды қолданыңыз;                                          
- Су басқан жолда машинамен жүрмеуге тырысыңыз, Ағып кетуіңіз мүмкін. Егерде Сіз су басу аумағында қалсаңыз, машинаңыз сынып қалса, одан шығып, көмек шақырыңыз.

ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

Қар тұтқынынан аман шығу жолдары

Күртік қар дегеніміз – ол жел жылдамдығы 15 м/с жоғары және қардың түсу ұзақтығы 12 сағаттан артық болатын қардың көп түсуімен байланысты гидрометеорологиялық апат.
Қысқы уақытта жолға жиналмас бұрын бәрін мұқият жоспарлап алыңыз. Апатты жағдайда барлығы да маңызды! Метеорологиялық барлауларды тыңдай отырып ауа-райының өзгеруіне құлақ салыңыз. Жолға шықпас бұрын ауа-райын нақтылап алыңыз. Бірақ жақсы ауа-райының өзі жолдағы қауіпсіздіктің кепілдемесі бола алмайды. Қарлы боран кезінде өлімнен кепілденген қорғаныш – бірнеше қарапайым ережелерді сақтауда.
Егер сізге жолда автомобильде бұрқасын, боран кезіксе, тұрақ орнын белгілеп тоқтау қажет, ол үшін самаладай матаны іліп қойып, көлікті толығымен жауып, радиатор жақтан қозғалтқышты жауып қою керек. Көліктің капотын жел бағытына қарай орналастырыңыз. ЖЖМ үнемдеңіз, пешті үздіксіз қосып қоймаңыз. Көлікті қар массасы жауып қалу қаупі туындаған кезде салонның ішінде қамалып қалмау үшін есіктердің бірін қайта-қайта ашып, итеріп отырыңыз, омбы қарды тазалап отырыңыз. Қар басып қалған көліктің ішінде қалай тонсаңыз да көлікті оталдырмаңыз. Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі бөлінетін және автомобильдің салонында тұрақты жиналып отыратын пайдаланылған газдар сізді қатты аяздан қарағанда ерте мерт қылуы мүмкін. Егер сіз жылынғыңыз келсе, онда далаға шығып, газ шығатын трубаны газ автомобильдің астына емес атмосфера шығатындай етіп тазалаңыз. Бірақ далаға шығар алдында міндетті түрде жіппен байланып шығыңыз. Себебі өз үйінен немесе көлігінен боранда жарты метрге алыстаған адам бірден бағыт-бағдарды жоғалтып, адасып, қайтыс болған жағдайлар мәлім.
Егер сіздің көлігіңіз өшіп қалса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағытты, орналасу орнын, елді мекенге дейінгі қашықтықты бағалаңыз. Егер сіз көмекті күтуді шешсеңіз, онда ұйықтамауға тырысыңыз. Жүру туралы шешім қабылдасаңыз жолды, асфальтті ұстаныңыз, олар қар күртігіне аз шалдыққан және олардың бағыт-бағдарды ұстануға болатын жиегі бар.
Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың аяқтары, қолдары және беті жиірек және тез үседі. Қатты үсікті санаулы минуттарда да алу мүмкін. Көбінесе үсу білінбей өтеді. Сондықтан айналадағы адамдарыңыздың аяқ астынан құлақ сырғалықтары, мұрын ұштары, иектері, беттері ағара бастаса, дереу ол адамға хабарлау керек. Қатып қалған адамды жылытқаннан гөрі үсуді ескерткен жеңілдірек екенін естен шығармаған жөн. Қыстың өзінің сынақтары мен күтпеген жағдайлары көп, арасында ол жарымжандыққа және өлімге алып келуі мүмкін. Әрбір адам апатты жағдай ларға – моральді, дене, психологиялық, ұйымдасқан дайын, табиғатта аман қалу жолдарын білу керек, өзінің дағдылары мен машықтарымен, білімі мен тәжірибесімен төтенше жағдайлардан шыға білу керек.
Үсу кезіндегі көмек – жылытылатын жайда дененің үсіген бөлігін құрғақ жұмсақ матамен сүртіп жылытыңыз, содан кейін оны жылы суға салып, бірте-бірте су температурасын 40-45 градусқа дейін апарыңыз. Егер ауыру басыла бастап сезімталдылық қалпына келе бастаса, қолын (аяғын) құрғатып сүртіп, биялай (шұлық) кигізіңіз, және мүмкіндігінше дәрігерге қаралыңыз.

Жолға шыққанда келесіні ұмытпаңыз:
- жылы киімдер мен азын-аулақ азық-түлік қорын,
- құжаттар мен телефон қуаттағышын,
- қарды тазалауға арналған құрал,
- толық бакты құю.

Сынық мұздағы адамдардың әрекеті

Жағдайға мұқият болу керек. Топтағы басқа адамдарды тыныштандыру. Мүмкін болса суға секіріп (біреуіне, екеуіне), көмекті ұйымдастыру үшін негізгі мұздаққа (жағаға) дейін малтып жету. Онымен қоса, желдің бағыты мен күшін, мұздақтың қалқуын нақтылау қажет. Мүмкіндігінше мұздақта орналасу керек. Айғаймен, қолдарды сермеп, атыспен, немесе алаумен айналадағылардың назарын өзіне тарту. Бір уақытта салдың немесе ағаштардан, резеңке камералармен, курткалардан және т.б. құтқару құрылғысын бастау. Азық-түлік пен өртегіш құралдарға түгендеу жасау және бөлу. Киімді және денсаулық жағдайын бағалау. Шелек болған жағдайда мұз қалыңдығын мұздақтармен, қармақтармен немесе жіптермен өсіру. Су болып қалған киімді шешпеу, себебі ол адамның су процессін баяулатады. Аяқ киімді және тағы басқа су түбіне тартатын ауыр киімдерді шешуге болады. Жағалық бағдар, компас және аспандағы жұлдыздар бойынша мұздақ орнын үнемі нақтылап отыру. Түнгі уақытта авариялық шамдарды, алауларды пайдалану немесе дыбыстық белгілерді жиі беріп отыру. Тамақты, жылуды, өртегіш құралдарды, күшті үнемдеу және жағдайды болжау. Көмекті байсалды күту және аман қалу тактикасын ойластыру. Топта бәрін ұйымдасқан түрде, үрейсіз және ашусыз істеу, қалыпты психологиялық климатты ұстап тұру.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

Тағдырыңызды және бірінші мұзды сынамаңыз

Күзгі мұз құрсауы – ол өзендерде, көлдерде, тоғандарда және басқа су айдындарында мұздардың тұрып қалу кезеңі. Бірінші мұз коньки тебуге, балық аулауға және жай ғана жолды қысқартып, мұз арқылы су айдынынан өтуге арбайды.

Бірақ бірінші мұз тек қана бірінші көзбен қарағанда ғана берік болып көрінуі мүмкін, ал шындығына келгенде ол әлі жұқа, берік емес және адамның салмағын көтере алмайды, демек, өмір үшін қауіпті.
Бесқарағай ауданының ТЖБ жұқа күзгі мұзға шығу қаупі туралы тұрғындарды ескертеді.
Қайғылы оқиғаға ұшырамау үшін нені білу керек? Мұздың тұруы кезеңінде қауіпсіздік ережелері бойынша мұзға шығуға, мұздың үстінде ойындар ұйымдастыруға, су асты балық аулаумен айналысуға қатаң тыйым салынады. Мұз қалыңдығы 10-12 см жеткенде ғана мұздың үстінде қауіпсіз жүруге болатынын естен шығармаған жөн. Бірақ мұз қырбақ қармен басылған жерлерден қауіптену керек: қардың астындағы мұз баяу қатады.  Кейде бүкіл су айдынындағы мұздың қалыңдығы 10 см болса, ал қардың астындағы бар-жоғы 3 см болатын жағдайлар да болады. Бұлақ ағып жатқан, су айдынына өзен немесе шағын өзен, өңделген жылы сулар құйылатын орындардағы мұздың үстіне шыққан да қауіпті. Ондай жерлерде мұз өте баяу қатады және қысқы кезеңнің өзінде қауіп төндіреді.
Егер сіз біреумен қайғылы жағдай болғанын көрсеңіз, дереу 112 телефон нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз және зардап шегушіге көмек көрсетуге тырысыңыз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:
- ойық орнына жер бауырлап жақындаңыз, әйтпесе өзіңіз мұздың астына құлауыңыз мүмкін;
- егер қол астыңызда тақтай, бұтақ, шаңғы, шана немесе қандай да болсын басқа бір зат болса, онда ол құтқаруға көмектесуі мүмкін. Осы заттардың бірін өзіңіздің алдыңызда итере отырып зардап шегушіге ойыққа 3-4 метр қалғанда беріңіз. Содан кейін зардап шегушіні жағаға немесе қатты мұзға қарай тартыңыз;
- егер сіз өзіңіз мұздың астына кетсеңіз, онда дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше, тыныштықты сақтап, үрейленбеуге тырысыңыз, судың астында тыпырламаңыз.
Мұз жиегіне кеудеңізбен тіреліп, алдыға қарай жағаға немесе қауіпсіз орынға жеткенше жылжуға тырысыңыз.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ

Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мерекелік іс-шараларды қауіпсіз жүргізу мақсатында мерекелік шараларды жүргізу орындарының ұстау тәртібін ұсынады

Адамдар жаппай болатын iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде:

1) кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;
2) шыршалар мықты негізге орналастырылады және үй-жайдан шығу жолдарын үймелемеуі қажет;
3) шыршалардың бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр алшақта орналастырылуы қажет;
4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда, шырша жанындағы iс-шаралар күндiзгi уақытта ғана өткiзiледi;
5) иллюминация Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;
6) иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюi, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы), ол дереу сөндiрiледi;
7) iс-шараларды өткiзу кезiнде залда, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдардың мүшелерiнiң немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерiнiң кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Мыналарға:

1) iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлардың терезелерiнде торлар болған жағдайда оларды өткiзуге;
2) доғалы прожекторларды, шырақтар мен шартылдақтарды қолдануға, отшашулар мен өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн басқа да жарықтандырғыш өрт қауiптi әсерлердi өткiзуге;
3) отпен байланысты және басқа да жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзуге;
4) үй-жайларды қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;
5) қатарлар арасындағы өту жолының енiн қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға;
6) үй-жайда қойылымдар жүрiп жатқан уақытта жарықты толықтай өшiруге;
7) үй-жайды жобалық құжаттамада белгiленгеннен артық адамдармен толтыруға;
8) қолдан жасалған электрлік гирляндаларды, жарық музыкалық қондырылғыларды, электрлік музыкалық аппаратураны, шыршаларды айналдыруға арналған құрылғыларды пайдалануға және шырша гирляндаларының жыпылықтап жанатын әсерлерін жасауға жол берілмейді.

Ашық от көзi қолданылатын басқарылмайтын ұшпалы фонарьларды пайдалануға және iске қосуға жол берiлмейдi.

Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде: салюттерді ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын, жабындар мен ағаштардың астында атуға;

2) қатты желде пайдалануға жол берілмейді.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД
Бесқарағай ауданының ТЖБ

2016 жылдың 9 ай ішінде атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

Бесқарағай ауданы әкімдігімен 2016 жылғы 5 ақпанда №47 «2016 жылдың көктемгі кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары туралы» қаулы қабылданып, іске асырылуда. Елді мекендердің және ауылдық округтердің аумағында су өткізу құбырларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны кезеңінде жауапты мамандар ішінен аудандық әкімдігі және ауыл әкімдіктерінде, әсіресе су басып қалу аумағында орналасқан Глуховка ауылдық округінде (Глуховка, Старая Крепость, Бірлік, Белокаменка ауылдары), Долон ауылдық округінде (Долон және Черемушка ауылдары), Жетіжар ауылдық округінде (Жетіжар, Грачи, Кривинка ауылдары) және Қарабас ауылдық округінде (Қарабас ауылы) тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Востоквзрывпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының авиациялық бөлімшесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жарылғыш материалдарды төтенше жағдайлар аймағына жеткізу үшін тікұшақтарды қолдануға қызмет көрсету туралы, құтқару, мұздарды жару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге келісім-шарттар жасалды. Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында жанар-жағармай материалдарының 25000 литр дизель отыны және 25700 литр мөлшерінде АИ-80 қоры бар. Ауданда хабардар ету жүйелері дайындыққа келтірілді. 10000 қаптар дайындалды. Ауылдық округтері әкімдерінің өтініштеріне сәйкес төтенше жағдайлар қорынан су тасқындарына қарсы шараларға жанар-жағармай материалдары бөлінді. Бесқарағай ауданында гидротехникалық құрылыстар жоқ, бірақ Жетіжар ауылында су басып қалу мүмкіндігі бар тасқын қауіпті учаскесі бар. Сол учаскеде Жетіжар гидропосымен тәуліктік бақылау жүргізіледі.
2016 жылдың 16 ақпан күні жергілікті аудандық прокуратурамен, ТҮКШ, ЖК және АЖ басшысымен, жұмылдыру дайындығы бойынша инспекторымен, ТЖБ өкілімен бірлесе жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ су тасқын қауіпті аумақтарына шығып, тексеру бойынша жүргізілді.
2016 жылғы 18 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен 2016 жылғы су тасқынына қарсы дайындығы бойынша Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, аудан әкімінің орынбасарымен нақты тапсырмалар берілді және олардың орындалуы бақылауға алынды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 17 ақпандағы №35 қаулысына сәйкес, 2016 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында 2016 жылғы 2 наурыздағы құрылған комиссия құрамы: топ жетекшісі, ҚР ШҚО ІІД ТЖД ТЖК Семей қаласының ТЖБ бастығының орынбасары полковник Б.К.Байбуров, ШҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының инженер-гидротехнигі Е.К.Сиргельбаев, су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейіндік инспекциясының бас маманы В.Н.Каверин, сондай-ақ Бесқарағай ауданы әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Б.С.Ауганбаев, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры К.К.Саметаев Бесқарағай ауданыны бойынша 2016 жылдың су тасқыны кезеңдегі іс-шараларды және потенциалдық-қауіпті төтенше жағдайлардың шығу жерлерде тексеру жүргізді.
Ауданның аумағында су басу жағдайы қалыпты. Ертіс өзені Семей қаласынын бастап Павлодар облысына дейін мұздан ашық. 2016 жылдың 4 сәуірде Жетіжар ауылынан Кривинка ауылына қарай 7 шақырымдай жерде 8 километрде мұздар жиналып, Ертіс өзені тармағында судың дәлізін азайтты. 2016 жылғы 2 сәуір мен 6 сәуір аралығында мұздың қозғалысы байқалды, судың деңгейі 510 см-ден 196 см-ге төмендеп, сыни нормадан 354 см-ге азайды (сыни нормасы – 550 см). Мұздың қалыңдығы өзенде – 25-30 см құрады. Су деңгейінің тербелісі Үлбі ГЭС-нің су жіберу тізіміне сәйкес жүзеге асырылды:
31 наурыз – 994 куб.м.
1 сәуір – 1200 куб.м.
2 сәуір – 1571 куб.м.
3 сәуір - 1613 куб.м.
4 сәуір – 1668 куб.м.
5 сәуір – 1949 куб.м.
6 сәуір – 2577 куб.м.
Сәуірдің 2-6 күндері Жетіжар аумағында болған аудан әкімі Н.Токсеитовтың, аудан әкімінің орынбасары Е.Рахметуллиннің басшылық етумен барлығы алдын-ала және ақпараттандыру жұмыстарына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп сақтау жұмыстарына, адамдарды эвакуациялау болған жағдайда 42 атқарушы органдарының қызметкерлері қатысты. Төтенше жағдай болған жағдайда 16 бірлік автокөлік техникасы, Семей қаласынан «ӨҚ және АҚЖ» мемлекеттік мекемесінен 2 бірлік автокөлік техникасы Жетіжар мен кривинка ауылына жұмылдырылды:
1. КАМАЗ – 1 бірлік;
2. погрузчик – 1 бірлік;
3. трактор – 3 бірлік;
4. автобус - 2 бірлік;
5. нива – 3 бірлік;
6. УАЗ - 1 бірлік;
7. жеңіл автокөліктер – 3 бірлік;
8. К-700 – 2 бірлік;
9. ЗИЛ-131 – 2 бірлік.
Сондай-ақ азық-түліктермен қамтамасыз етуге келісім-шарттар жасалған жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары тартылды.
Келесі дайындау жұмыстар атқарылды:
1. Кривинка арқылы өтетін су ағысы жағалауы нығайтылды;
2. 220 тонна құм және гравий әкелінді. 1500 қаптар қапталды;
3. Халықты және малдарды эвакуациялау жерлері белгіленді;
4. Азық-түлік қорлары дайындалды.
Аудан әкімімен Кривинка ауылының үйлерін су басып қалу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халықтың үй-үйді аралау өткізіліп, олардың қолдарымен таныстырылды. Кривинка ауылының периметрі бойынша су басу қауіпі бар жерлерінің жағалауында нығайту жұмыстары жүргізілді. Барлық АҚ және ТЖ қызметтері күшейтілген режимге ауысты. Ауданда аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыстарды атқаруға 14 қызмет дайындыққа келтірілді. Жөнге салынған және ұйымдастырушылық жұмыстарының арқасында Глуховка, Долон, Жетіжар ауылдық округтердің жағалық ауылдарында халықтың су басуы болған жоқ.
Аудандық және ауылдық округтердің әкімдіктерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды, сондай-ақ Ертіс өзенінің тәуліктік су деңгейі мен мұздың қозғалысы байқалды. Сондай-ақ Жетіжар мен Кривинка ауылдарында аудандық ветеринариялық қызметі, медициналық қызметі, учаскелік инспекторы, білім беру бөлімі жұмыс істеді. ҚР ШҚО ТЖК ІІД ТЖД Семей қаласының ТЖБ полковнигі Қ.Т.Абдиловтың басшылығымен 25 адам жеке құрамы келді. Аудан әкімінің басшылығымен атқарушы органдаының төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу бойынша барлық сұрақтар бақылауға алынды.
Бесқарағай аудандық әкімдігімен 2016 жылдың 28 сәуірдегі №162 «Өрттерді алдын алу жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі айлықты өткізу жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды, онда лауазымдық тұлғалардың нақтылы іс-әрекеттері мен кейбір шаралары қаралды. 2016 жылы сәуір айында ауылдық округтері әкімдерімен аудан аумағындағы орман-дала өрттерін сондіруге арналған құралдар мен күштердің өзара әрекет жоспары келісіліп, бекітілген болатын, осы жоспар бойынша дала өрттерін сөндіруге қосымша техника тартуға ауылдық округ әкімдері шаруа қожалықтары басшыларымен 30 келісім-шарт жасалды. Осыдан басқа «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аймақтық мемлекеттік мекемесінің құрал-күштері, сондай-ақ 54-ӨБ-де өртке қарсы іс-шараларға арналған 11 автоцистерна техникалары бар.
2016 жылғы өрт қауіпі кезеңіндегі өрттерді алдын алу және жою мақсатында, үлкен залал мен адамдардың қаза болуын болдырмауға байланысты:
- дала өрттерін сөндіру үшін жанар-жағармай материалдарының қорлары құрылды;
- 54-ӨБ құрал-күштері келгенге дейін ауылдық әкімдіктеріне техника мен адамдарды өрт болған жерге шығуы ұйымдастырылды;
- Бесқарағай ауданының аумағында өрттердің алдын алу бойынша алдын алу шаралары жүргізлді (елді мекендердің жиегін және жолдардың бойын минералданған жолақтармен қамтамасыз ету, тұрмыстық қоқыстарды жинауын, қолда бар су көздерінің ахуалы, ауылдық әкімдерінің тарапынан қадағалау, шаруа қожалықтарының және басқа да ауыл шаруашылығының ұйымдарының сәйкес аумақтағы ауыл шаруашылық егістіктерге, жайылымдарда және шөп шабындықтарында орылған жерлерге, егістік және басқа да өсімдік қалдықтарын жағуды ұйымдастыру);
- ауылдық округтерінің әкімдерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін тұрғындарға үйрету және насихаттауды жүргізу, ауылдық әкімдіктерінің дала өрттерін сөндіруге қатысуы жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бесқарағай ауданы аумағында жазғы кезеңде суда адамдардың өлімін болдырмау бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде:
- ескерту белгілері (аншлагтар) орнатылды;
- Ертіс өзенінің жағалаулары тазалануда;
- Бесқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе үгіт- насихат жұмыстары жүргізілуде;
- көпшілік суға түсу орындары түгенделіп, суға шомылуға жарамсыз орындарда тыйым салу белгілері орнатылды.
- бекітілген тізімге сәйкес, Бесқарағай ауданының ТЖБ және жергілікті полиция қызметімен бірлесе демалыс және мереке күндері жабдықсыз су қоймалары мен көпшілік суға түсу орындарында үгіт-насихат рейдтері өткізілді.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне су қоймалары мен өзендердегі тәртіп ережелері, сондай-ақ атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жарияланады.

Аудан әкімінің
АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Б.Ауганбаев

2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

4 сәуір1668 куб.м.

- бекітілген тізімге сәйкес, Бесқарағай ауданының ТЖБ және жергілікті полиция қызметімен бірлесе демалыс және мереке күндері жабдықсыз су қоймалары мен көпшілік суға түсу орындарында үгіт-насихат рейдтері өткізілуде.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне су қоймалары мен өзендердегі тәртіп ережелері, сондай-ақ атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жарияланады.
2016 жылғы Бесқарағай ауданының аумағындағы су тоғандарында адамдардың өлімін болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары бар.  

Аудан әкімінің
АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісі Е.Жумагулов

2016 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

Бесқарағай ауданы әкімдігімен 2016 жылғы 5 ақпанда №47 «2016 жылдың көктемгі кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары туралы» қаулы қабылданып, іске асырылуда. Елді мекендердің және ауылдық округтердің аумағында су өткізу құбырларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны кезеңінде жауапты мамандар ішінен аудандық әкімдігі және ауыл әкімдіктерінде,  әсіресе су басып қалу аумағында орналасқан Глуховка ауылдық округінде (Глуховка, Старая Крепость, Бірлік, Белокаменка ауылдары), Долон ауылдық округінде (Долон және Черемушка ауылдары), Жетіжар ауылдық округінде (Жетіжар, Грачи, Кривинка ауылдары) және Қарабас ауылдық округінде (Қарабас ауылы) тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Востоквзрывпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының авиациялық бөлімшесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жарылғыш материалдарды төтенше жағдайлар аймағына жеткізу үшін тікұшақтарды қолдануға қызмет көрсету туралы, құтқару, мұздарды жару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге келісім-шарттар жасалды. Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында жанар-жағармай материалдарының 35000 литр дизель отыны және 35700 литр мөлшерінде АИ-80 қоры бар. Ауданда хабардар ету  жүйелері дайындыққа келтірілді. 10000 қаптар дайындалды. Ауылдық округтері әкімдерінің өтініштеріне сәйкес төтенше жағдайлар қорынан су тасқындарына қарсы шараларға жанар-жағармай материалдары бөлінді. Бесқарағай ауданында гидротехникалық құрылыстар жоқ, бірақ Жетіжар ауылында су басып қалу мүмкіндігі бар  тасқын қауіпті учаскесі бар. Сол учаскеде Жетіжар гидропосымен тәуліктік бақылау жүргізіледі.
2016 жылдың 16 ақпан күні жергілікті аудандық прокуратурамен, ТҮКШ, ЖК және АЖ басшысымен, жұмылдыру дайындығы бойынша инспекторымен, ТЖБ өкілімен бірлесе жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ су тасқын қауіпті аумақтарына шығып, тексеру бойынша жүргізілді.
2016 жылғы 18 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен 2016 жылғы су тасқынына қарсы дайындығы бойынша Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, аудан әкімінің орынбасарымен нақты тапсырмалар берілді және олардың орындалуы бақылауға алынды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 17 ақпандағы №35 қаулысына сәйкес, 2016 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында 2016 жылғы 2 наурыздағы құрылған комиссия құрамы: топ жетекшісі, ҚР ШҚО ІІД ТЖД ТЖК Семей қаласының ТЖБ бастығының орынбасары полковник Б.К.Байбуров, ШҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының инженер-гидротехнигі Е.К.Сиргельбаев, су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейіндік инспекциясының бас маманы В.Н.Каверин, сондай-ақ Бесқарағай ауданы әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Б.С.Ауганбаев, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры К.К.Саметаев Бесқарағай ауданыны бойынша 2016 жылдың су тасқыны кезеңдегі іс-шараларды және потенциалдық-қауіпті төтенше жағдайлардың шығу жерлерде  тексеру жүргізді.
Ауданның аумағында су басу жағдайы қалыпты. Ертіс өзені Семей қаласынын бастап Павлодар облысына дейін мұздан ашық. 2016 жылдың 4 сәуірде Жетіжар ауылынан Кривинка ауылына қарай 7 шақырымдай жерде 8 километрде мұздар жиналып, Ертіс өзені тармағында судың дәлізін азайтты. 2016 жылғы 2 сәуір мен 6 сәуір аралығында мұздың қозғалысы байқалды, судың деңгейі 510 см-ден 196 см-ге төмендеп, сыни нормадан 354 см-ге азайды (сыни нормасы – 550 см). Мұздың қалыңдығы өзенде – 25-30 см құрады. Су деңгейінің тербелісі Үлбі ГЭС-нің су жіберу тізіміне сәйкес жүзеге асырылды:
31 наурыз – 994 куб.м.
1 сәуір – 1200 куб.м.
2 сәуір – 1571 куб.м.
3 сәуір  - 1613 куб.м.
4 сәуір1668 куб.м.
5 сәуір – 1949 куб.м.
6 сәуір – 2577 куб.м.
Сәуірдің 2-6 күндері Жетіжар аумағында болған аудан әкімі Н.Токсеитовтың, аудан әкімінің орынбасары Е.Рахметуллиннің басшылық етумен барлығы алдын-ала және ақпараттандыру жұмыстарына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп сақтау жұмыстарына, адамдарды эвакуациялау болған жағдайда 42  атқарушы органдарының қызметкерлері қатысты. Төтенше жағдай болған жағдайда 16 бірлік автокөлік техникасы, Семей қаласынан «ӨҚ және АҚЖ» мемлекеттік мекемесінен 2 бірлік автокөлік техникасы Жетіжар мен кривинка ауылына жұмылдырылды:

  1. КАМАЗ – 1 бірлік;
  2. погрузчик – 1 бірлік;
  3. трактор – 3 бірлік;
  4. автобус - 2 бірлік;
  5. нива – 3 бірлік;
  6. УАЗ - 1 бірлік;
  7. жеңіл  автокөліктер – 3 бірлік;
  8. К-700 – 2 бірлік;
  9. ЗИЛ-131 – 2  бірлік.

Сондай-ақ азық-түліктермен қамтамасыз етуге келісім-шарттар жасалған жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары тартылды.
Келесі дайындау жұмыстар атқарылды:

  1. Кривинка арқылы өтетін су ағысы жағалауы нығайтылды;
  2. 220 тонна құм және гравий әкелінді. 1500 қаптар қапталды;
  3. Халықты және малдарды эвакуациялау жерлері белгіленді;
  4. Азық-түлік қорлары дайындалды.

Аудан әкімімен Кривинка ауылының үйлерін су басып қалу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халықтың үй-үйді аралау өткізіліп, олардың қолдарымен таныстырылды. Кривинка ауылының периметрі бойынша су басу қауіпі бар жерлерінің жағалауында нығайту жұмыстары жүргізілді. Барлық АҚ және ТЖ қызметтері күшейтілген режимге ауысты. Ауданда аудан әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыстарды атқаруға 14 қызмет дайындыққа келтірілді. Жөнге салынған және ұйымдастырушылық жұмыстарының арқасында Глуховка, Долон, Жетіжар ауылдық округтердің жағалық ауылдарында халықтың су басуы болған жоқ.
Аудандық және ауылдық округтердің әкімдіктерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды, сондай-ақ Ертіс өзенінің тәуліктік су деңгейі мен мұздың қозғалысы байқалды. Сондай-ақ Жетіжар мен Кривинка ауылдарында аудандық ветеринариялық қызметі, медициналық қызметі, учаскелік инспекторы, білім беру бөлімі жұмыс істеді. ҚР ШҚО ТЖК ІІД ТЖД Семей қаласының ТЖБ полковнигі Қ.Т.Абдиловтың басшылығымен 25 адам жеке құрамы келді. Бүгінгі күні Бесқарағай ауданы бойынша жағдай, қоғамдық саяси жағдай қалыпты. Аудан әкімінің басшылығымен атқарушы органдаының төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу бойынша барлық сұрақтар бақылауға алынды. 

Аудан әкімінің АҚ және ТЖ жөніндегі
көмекшісінің міндетін атқарушы Б.Ауганбаев

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты, Азаматтық қорғанысты, өрт қауіпсіздігін, төтенше жағдайларды жою және алдын алудың мемлекеттік жүйесінің іс-қимыл жасауын және ары қарай дамуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ведомостына қарасты мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - Департамент).
Бөлім өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрдің және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар нағыз Ережеге сай жүзеге асырады. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр және мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланктері бар. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастар тарапына, егер оның заңнамаға сай уәкілеттігі болған жағдайда мемлекеттің атынан шығуға құқылы.
Бөлімнің заңды мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Қаз. ССР 40 жылдығы көшесі, 7.
Бөлімнің толық атауы- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызмет аясы
Бөлімнің негізгі міндеттері болып: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты, Азаматтық қорғанысты, өрт қауіпсіздігін, салааралық үйлестіруді, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын, Бесқарағай ауданы бойынша төтенше жағдайларды жою және алдын алудың мемлекеттік жүйесінің іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
Бөлім қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сай келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты, Азаматтық қорғанысты жүзеге асыруды қамтамасыз етуді;
    төтенше жағдайларды жою және алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі Департаментіне енгізуді;
  • Азаматтық қорғаныс жасақтарының және ұйымдардың басшыларын, азаматтық қорғаныс бойынша тұрғындарды, төтенше жағдайларды жою және алдын алуды даярлаудың бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі Департаментіне ұсыныстар енгізуді;
  • төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізуді;
  • өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізуді;
  • өз құзырының шегінде төтенше жағдайларды жоюды басқаруды жүзеге асыруды;
  • бақылау жүргізу, жағдайды қадағалау және болжау, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің қызметтеріндегі төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларға азаматтық қорғаныс күштерінің қатысуын басқаруды;
  • қолданыстағы заңнамаға сай төтенше жағдайларды жою кезінде меншік нысанасына және ведомстволық қарамағына тәуелсіз ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды;
  • ұйымдардың басшыларын және тұрғындарды қазіргі заманның залалдану құралдары қолданылған жағдайда қорғану тәсілдеріне және төтенше жағдайлар жағдайында әрекет етуге оқытуды ұйымдастыруды;
  • азаматтық қорғанысты тікелей басқаруды;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіруді;
  • Азаматтық қорғаныстың бейбіт және әскери уақытына арналған жоспарын әзірледі;
  • жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар, сонымен қатар тұрғындар міндетті орындау үшін Азаматтық қорғанысты әзірлеу және жүргізу мәселелері бойынша шешімдерді өз құзырының шегінде әзірлеу, қабылдауды;
  • басқару органдарын және Азаматтық қорғаныс күштерін даярлауды ұйымдастыруды;
  • техниканың, қорғану құралдарының және өзге де Азаматтық қорғаныс мүддесіне материалдық–техникалық құралдардың қажеттілігін анықтауды, төтенше жағдайларды жою және алдын алуды;
  • төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс салаларындағы әдістемелік нұсқауларға, нормативтік –құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламентке және өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Департаментіне ұсыныстар енгізуді;
  • қалалар мен шаруа нысандарын санаттауға байланысты Азаматтық қорғаныс іс-шараларының инженерлік-техникалық көлемі және мазмұны жөніндегі Департаментіне ұсыныстар енгізуді;
  • Бөлімнің бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін басқаруды;
  • қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайларды жою және алдын алу шаралары туралы мемлекеттік мекемелерге, тұрғындарға және ұйымдарға ақпараттандыруды ұйымдастыруды;
  • тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің және байланысын дереу қолданудың тұрақты даярлығын қамтамасыз етуді; олардың жабдықталуы және кеңеюі;
    мониторинг жүйесін, техногенді апаттар, болуы мүмкін су тасу, селдер, су басу және өзге де қауіпті құбылыстар туралы тұрғындарды және шаруа субъектілерін құлақтандыруды;
  • мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыруды елдімекендердегі және нысандардағы, олардың ведомстволық меншіктігіне қарамастан, өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресу даярлығын бақылауды жүзеге асыруды;
  • мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруды;
  • авариялық-құтқару қызметтері мен жасақтарының, олардың меншік нысанасынан тәуелсіз, қызметін үйлестіруді;
  • тұрғындарды, елдімекендерді және шаруа нысандандарын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша перспективті және ағымдағы
  • жоспарларын және оларды жою бойынша іс-қимыл жасау жоспарын әзірлеуді;
  • өз құзырының шегінде салдары төтенше жағдайлар туғызған аварияларға, зілзала апаттарға және катастрофаларға тексерістерді ұйымдастырды және жүргізуді;
  • автоматты анықтау және өрт сөндіру құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды;
  • жеке және заңды тұлғалардың қызметін жарым-жартылай немесе толық тоқтата тұру жөнінде талапарыздарды құрастыру және Қазақстан Республикасының бекітілген заңдарының негізінде сотқа жіберуді;
  • мемлекеттік және жұмылдырылған материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де резерв қорларының құрамында бар ресурстарды пайдалану жөніндегі Департаментіне ұсыныстар енгізуді;
  • меншік нысанасына тәуелсіз өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестіруді;
  • өз құзыры шегінде өрттер бойынша анықтау жүргізуді;
  • құрылысы біткен кәсәпорындарды, ғимараттарды, имараттарды және өртке қарсы ережелер мен межелерге сай жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссия жұмысына қатысуды;
  • құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды олардың жобалық-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкесігін тексеруді;
  • азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамаларды беру және өрттің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуді мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу туралы міндетті күші бар ұйғарымдамаларды беруді;
  • ұйымдардың, өндіріс учаскелерінің жеке өндірісінің, агрегаттардың жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жарым-жартылай немесе толық тоқтата тұру, құрылыс, қалпына келтіру, кеңейту немесе ұйымды, нысанды, имаратты, ғимаратты техникалық қайта құрылымдау кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелері мен межелерін бұзып, сонымен қатар жобада қарастырылған өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындамай субъектілер жүзеге асыратын ғимараттарды, имараттарды, электр тораптарын, жылыту құрылғыларын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
  • адам өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын ақаулы техникалық құрылғыларды, үрдістерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға байланысты жағдайды қоса есептемегенде бұл бұзушылықтар жойылмағанша тыйым салу.
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі 54-Өрт сөндіру бөлімі

    Мекен-жайы:ШҚО, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы, Шәкәрім көшесі, 7
    жұмыс телефоны: 8 (722-36) 9-13-69 9-11-93

    «ӨСжАҚЖҚ» ММ 54-ӨСБ бастығы өртке қарсы қызмет капитаны - Асылбек Қадылбекұлы Жамелов

    Қабылдау күндері:әр айдың 2,4 дүйсенбі 16.00-ден 18.00-дейін.

    «ӨСжАҚЖҚ» ММ 54-ӨСБ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет аға лейтенанты – Ерсын Константинович Булумбаев

    Қабылдау күндері:әр айдың 1,3 сәрсенбісі 16.00-ден 18.00-дейін.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі » мемлекеттік мекемесінің жарғысы

    1. Жалпы ережелер
    1.1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызметі) Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы өрттерді және өзге де төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндірудің мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
    1.2. Қызмет «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес құрылды.
    1.3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Минстрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік Қызметті басқару органы болып табылады (бұдан әрі- Уәкілетті орган).
    1.4. Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Минстрлігінің (бұдан әрі- Министр), Өртке қарсы қызмет Комитетінің (бұдан әрі- Комитет) бұйрықтарына, өзге де құқықтық нормативтік құқықтық актірлеріне, сонымен қатар Уәкілетті органның бұйрықтарына және нағыз Ережеге сәйкес жүргізеді.
    1.5. Қызметтің құрылымын және штаттық санының шегін Министр бекітеді.
    1.6. Қызметтің заңды мекен-жайы: 070004 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Александр Протазанов атындағы көше, 97/1.
    1.7. Қызметтің толық атауы – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Миинстрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі.

    2. Қызметтің заңды мәртебесі
    2.1. Қызмет заңды тұлға құқығын өзінің мемлекеттік тіркеу уақытынан бастап иемденеді.
    2.2.Қызметтің өзінің дербес балансы, заңнамаға сай банкте есепшоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар бланктері, мөрлері және мөртабандары бар.
    2.4. Қызмет өзінің міндеттері бойынша өзінің қарамағындағы қаражатқа жауап береді.
    2.5. Қызмет жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіпте тіркеуге жатады. Келісілген міндеттер бойынша Қызметтің жауапкершілігі заңнамаға сәйкес Қызметті қамтамасыз етуге Министр бекіткен смета шегінде күшіне енеді.

    3. Қызметтің негізгі міндеттері және құқықтары
    3.1. Қызметтің негізгі міндеттері болып: қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарда және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында өрттерді сөндіру және қорғау жөнінде қызметті қамтамасыз ету, өрттерді және өзге де төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық- құтқару жұмыстарын жүргізу.
    3.2. Өртке қарсы қызметтің қызметкерлері жүктелген міндеттерді орындау үшін құқылы:
    3.2.1. өрттерді сөндіруге өртке қарсы қызметтердің күштері мен құралдарын, көлік және өзге де материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
    3.2.2. өрттерді сөндіру және жою кезінде цехтар мен нысандардың жұмысын тоқтата тұруға, қажет болса қауіпті аймақтан адамдарды, материалдық құндылықтарды көшіруге өкім беруге;
    3.2.3. Өрт кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың жайларына азаматтардың кіруін шектеуге немесе тыйым салуға;
    3.2.4. өрт шыққан жағдайда азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарды құтқару, оттың өрістеуінің алдын алу және өртті жоюға бағытталған іс-шараларды қабылдау мақсатында дипломатиялық иммунитеті бар шетелдік мемлекет өкілдерінің және халықаралық ұйымдардың аумақтарынан және жайларынан басқа тұрғын және өзге жайларға, азаматтардың ұйымдарына, оларға меншікті жер учаскелеріне кедергісіз кіруге;
    3.2.5. Адамдарды құтқару және өрттерді сөндіру үшін қажетті жағдайда жабық есіктер мен терезелерді, сонымен қатар құрылым қоршауын ашуға.

    Егер Сіз, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құқықтарыңызды бұзу фактісімен Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Бесқарағай ауданының 54-Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің дөрекі қылықтарымен беттесеңіз Бесқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Бесқарағай ауданының 54-Өрт сөндіру бөлімінің сенім телефондарына хабарласуыңыз:

    Бесқарағай а. 8(72236) 9-11-93
    Өскемен қаласы 8(7232) 26-24-31

    Mұрағат

    2015 жыл
    2014 жыл
    2013 жылғы ішінде атқарылған жұмыстар туралы анықтама *. doc, 63 Кб
    2012 жылғы ішінде атқарылған жұмыстар туралы анықтама *. doc, 39 Кб
    2012 жылғы ішінде атқарылған жұмыстар туралы анықтама *. doc, 32 Кб

    Парақтар өзгертілді: 24-02-2017