Әлеуметтік бағдарлама

 

2014 жылғы 2 тотоқсандағы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат 

Халықты әлеуметтік қорғау саласы соңғы 3 жылда ауданда әлеуметтік қамтамасыз етуді дамытудың оңды динамикасын көрсетеді: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсуі, аз қамтылғандардың азаюы, жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жыл сайын өсуі, тіркелген жұмыссыздар үлесінің азаюы.

Барлық экономика және әлеуметтік саланың дамуына байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай өсті. 2013 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 1275 адамнан 1035 адамға дейін қысқарды. 2014 жылы 40 отбасыға, оның ішінде 172 алушыға 2603,8 мың теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2013 жылмен салыстырғанда төлем 3383,5 мың теңгеге қысқарды. 207 отбасыға, оның ішінде 574 балаға 5544,1 мың теңге сомада мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, 2013 жылмен салыстырғанда жәрдемақы төлемі 5513,1 мың теңгеге қысқарды.

«Қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмегі көрсетілуде.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай 11 көп балалы анаға және мүгедек балалаларды тәрбиелеп жатқан 10 анаға жергілікті бюджеттен жалпы 100,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
Наурыз мейрамын мерекелеуге орай 10 көп балалы анаға және мүгедек балалаларды тәрбиелеп жатқан 10 анаға жергілікті бюджеттен жалпы 100,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді.
2014 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын мерекелеуге орай Ұлы Отан соғысының 5 қатысушысы мен 4 мүгедегіне және 473 тыл еңбеккеріне жалпы 3145000 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын мерекелеуге орай тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде ауданның 18 зейнеткері «Уба» санаториясында денсаулықтарын жақсартты, сонымен қатар 1 адам Алматы облысындағы санаториялық «Спутник» кешенінде денсаулығын жақсартты.
12 адам Семей қаласындағы протездік-ортопедиялық көмекті алуға өтініш білдірді.

Сурдо-тифлотехникалық заттармен және міндетті гигиеналық заттармен 42 адам, оның ішінде:
32 адам гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді;
8 адам есту аппараттары, диктофон, мәтіндік хабарламасы бар ұялы телефон, телефакс;
2 адам тифлотаяқ алды.
12 адам бөлмеде жүретін және серуендеуге арналған кресло-арба алу үшін құжаттарын ресімдеді, оның ішінен 10 адам бөлмеде жүретін кресло-арбамен қамтамасыз етілді, 1 адам серуендеуге арналған кресло-арба алды, 1 адам электр жетегі бар (автоматтық) кресло-арба алды.
2014 жылдан бастап 235 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспар 90,3 %-ға орындалды. 2014 жылғы 1 шілдеге тіркелген жұмыссыздар саны 74 адамды құрады. 16 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа жіберілді, «Аспаз» мамандығы бойынша 2 адам, «Шаштараз» мамандығы бойынша 2 адам, «ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша 1 адам, «Маникрюрші» мамандығы бойынша 3 адам, «Дизайнер» мамандығы бойынша 1 адам, «Газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 3 адам, «В категориясындағы жүргізуші» мамандығы бойынша 2 адам, «Ағаш ұстасы» мамандығы бойынша 2 адам Семей қаласындағы құрылыс колледжіне жіберілді. 2014 жылға арналған жоспар 30 адамды құрайды, жұмыссыздарды қайта дайындыққа және дайындыққа жіберу бойынша жоспар 53,3 %-ға орындалды.

2014 жылғы 1 шілдеге 152 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 60 %-ға орындалды. 272 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспардың орындалуы 145,4 %-ды құрады. 406 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірді.
Жыл басынан бастап жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының 4 түлегі жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, 2014 жылғы жоспар 6 адамды құрайды, жоспардың орындалуы 66,6 %-ды құрайды.
Жыл басынан бастап 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жоспар 6 адам, жоспардың орындалуы 100 %-ды құрайды.

 

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының
міндетін атқарушы А.Нурканова

 

Парақтар өзгертілді: 15-04-2016