Әлеуметтік бағдарлама

Оказание специальных социальных услуг инвалидам и престарелым

Бесқарағай аудандық мүгедектер мен қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығының
2017 жылдың 2-тоқсанына арналған
АҚПАРАТ

Мүгедектер мен жалғызбасты қарт азаматтарға арналған аумақтық орталығында 2017 жылдың 1-шілдесіне 305 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Оның:
- 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар– 37;
- психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан 1 және 2 топтағы мүгедектер – 85;
- жалғызбасты қарттар мен мүгедектер – 183.
Аумақтық орталығында 2 бөлімше жұмыс істейді: үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және 18 жасқа дейіңгі мүгедек - балаларға арналған күндізгі бөлімше.
Жалпы штат саны 66 адам. Оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер – 44, мамандар – 11 және техперсоналдар – 11 адам.
Орталықтың ғимараты бір қабатты, толық бейімделген. 2017 жылдың мамыр айында аумақтық орталықтың кіре беріс алаңына және пандусқа ағымдағы жөндеу жұмыстары мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізілінді.
Мүгедектері оңалту және өмірлік тонусын көтеру үшін қызмет алушылар мен олардың отбасыларына мәдени – ойын-сауық іс-шаралары өткізіледі. Барлық өткізілген іс-шаралар сайтында Бесқарағай ауданының әкімінің сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметі туралы» заңын іске асыру және халықты әлеуметтік қорғау саласына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартын енгізу үшін 2017 жылдың 2-тоқсанында 21269,0мың.теңге қарастырылды және игерилді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмыс бүгінгі күні жалғасуда.

Аумақтық орталықтың директоры Г. Байкадамова

Мүгедектер мен қарт азаматтарға арналған  Бесқарағай аумақтық  орталығының
2017 жылдың 1 тоқсандағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуі бойынша қорытынды
жұмысы бойынша ақпарат

«Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккен мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Бесқарағай аумақтық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде  1 тоқсан барысында келесі жұмыстар жүргізілуде:
- Күндізгі бөлімшеге баратын балалар үшін көліктік тасымалдау және екі мезгіл тамақтану ұйымдастырылған: таңғы және түскі ас және де диеталық тамақтану жүргізіледі, күнделікті  денсаулығын бақылау, сондай-ақ соматикалық жай-күйін, жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бойынша емдеу-сауықтыру іс-шаралары өткізілуде.  Әлеуметтік –тұрмыстық дағдыларына  оқыту және бекіту, тіл дамыту, зерделеу, ойлау қабілеттерін дамыту сабақтары өткізіледі. Фронтальды және жеке сабақтар мен үйірме жұмыстары ұйымдастырылады.

Орталықта келесі  мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді:

  • 2017 жылдың 10 қаңтары күні аумақтық орталығында мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін аналар үшін дөңгелек үстел өкізілді;
  • 2017 жылдың 4-5 ақпаны күндері  мүгедек балалар мен ата-аналары үшін «Елімай» базасында демалыс ұйымдастырылды;
  • 2017 жылдың 27 ақпаны күні аумақтық орталығында «Ай, да Масленица!» атты мерекелік іс-шара өткізілді;
  • 2017 жылдың 2 наурыз күні жалғызбасты  зейнеткерлер мен мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналар үшін «Анамызға мың алғыс» атты іс-шара өткізілді;
  •  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін қарсаңында, Кармен кафесінде «Ох, уж эти девушки» атты іс-шара өткізіліп, онда 18 жастан асқан мүгедектер қатысты;
  • 2017 жылдың 18 наурызы күні Ұлттық  мереке «Наурыз» күнін мерекелеуге арналған  «Тұсау кесу рәсімі»  атты іс-шара өткізілді;
  • 2017 жылдың 31 наурызы күні Наурыз мерекесіне арналған «Армысың Наурыз!» атты іс-шара өткізілді.

Аумақтық орталығының мамандары  ауылдық округ мектептерімен бірлесіп «Денсаулық сағаты»  сауықтыру іс-шара жоспарын әзірледі, ол аптасына бір рет (сәрсенбі күні) ДшСК (денешынықтыру сауықтыру кешені) жүргізіледі.
Жыл ішінде «Туған күн иесі» мерекелері ұйымдастырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жұмыстары жалғасуда.

Аумақтық орталықтың директорының
міндетін атқарушысы  А. Ажгожина

 

Парақтар өзгертілді: 28-07-2017