Әлеуметтік бағдарлама

«Бесқарағай аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» 2018 жылдың I тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келесі жұмыстар атқарылды:

«Ақылы қоғамдық жұмыстар»
«Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 24712,0 мың.теңге сомасында 210 адам жоспарланған. 6627,0 мың.теңге сомасында 94 адам жіберілді.

«Әлеуметтік жұмыс орындары»
«Аумақты дамыту» бағдарламасы  бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 3394,0 мың теңге сомасына 10 адам жоспарланып, 11 адам жіберілді немесе 110 %. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 8089,0 мың теңге сомасына 26 адам жоспарланып, 27 адам жіберілді немесе 103 %.

«Кадрларды қайта даярлау және қысқа мерзімді кәсіби оқыту»
«Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша кадрларды қайта даярлауға 6000,0 мың теңге сомада 30 адам жоспарланған, 15 адам оқуға жіберілді.
«2017- 2021 жылдарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 6297,0 мың.теңге сомада 20 адам жоспарланған, 23 адам оқуға жіберілді немесе 115%.

«Жастар іс-тәжірибесі»
«Аумақты дамыту» бағдарламасы  бойынша жастар іс-тәжірибесіне 3608,0 мың теңге сомасына 10 адам жоспарланды, ағымдағы жылдың шілде айында бағытталады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 3607,0 мың теңге сомасына 10 адам жоспарланды, ағымдағы жылдың шілде айында бағытталады

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік төлеулер «Атаулы әлеуметтік көмектің жана үлгісі »
93 отбасыға, оның ішінде 399 алушыға 6947,4 мың теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

«Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі»
51 отбасыға, оның ішінде 58 адамға 1773,1мың теңге сомада тағайындалып, төленді. 2017 жылдың ұқсас мерзімде 44 отбасыға, оның ішінде 48 адамға 1348,6 мың теңге сомада тағайындалып төленді.

«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету»
17 отбасыға, оның ішінде 17 балаға 490,1 мың теңге сомада тағайындалып, төленді. 2017 жылдың ұқсас мерзімде 17 отбасыға, оның ішінде 17 балаға 414,0мың теңге сомада тағайындалып төленді.

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлеулер»
18 адамға 392,7 мың теңге сомада жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлеу көрсетілді.

«ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер»
289 алушыға 8648,0 мың теңге сомада коммуналдық қызметтер тағайындалды. 2017 жылдың ұқсас кезеңіне 75 алушыға 8832,0 мың теңге сомада.

Мүгедектерді қамтамасыз ету
2018 жылдың I-тоқсанында мүгедектерге құжаттарды ресімдеу үшін, протездік-ортопедиялық көмекке 13 мүгедектер жүгінді.
2018 жылдың I-тоқсанында гигиеналық, сурдо-тифло құралдарымен 42 адам қамтамасыз етілді.
2018 жылдың I-тоқсанында 1 адам кресло-арбаларды алу үшін жүгінді.
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында 2018 жылы қамтамасыз етілген 302 адам.
Санаторий-курорттық емдеумен 2018 жылы 15 адам қамтамасыз етілді.

Паспорттау және бейімдеу
2018 жылы бейімдеу және паспорттауға мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы үшін 10 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жоспарланды. Паспорттау және бейімдеу жүргізу кезінде арнайы комиссия әкімдігінің қаулысымен құрылған 28 ақпандағы № 160 «Комиссия құру туралы түгендеу жүргізу (паспорттау) тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы» Бесқарағай ауданы бойынша кедергісіз кіріп-шығуы үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар мен халықтың қауқары аз топтар.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу»
Жыл басынан бастап АХАТ секторында:
Туу– 175;
Қайтыс болу -220;
Неке қию – 76;
Некені бұзу – 49;
Әкелікті тану – 54;
Азаматтық хал актілері қалпына келтіру туралы - 5акт;
Асырап алу- 1;
Т.Ә.Ж ауыстыру- 4.

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Б.Баталов

 

Mұрағат

2017 жылдың қорытындылары *. doc, 84 KB
2016 жылдың қорытындылары *. doc, 84 KB
2015 жылдың қорытындылары  
2014 жылдың қорытындылары  
2013 жылдың қорытындылары *. doc, 80 KB
2012 жылдың қорытындылары *. doc, 59 KB
2011 жылдың қорытындылары *. doc, 61 KB
Парақтар өзгертілді: 09-04-2018