Мемлекеттік қызметтер

Ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау 

«Ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, «ШҚО Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ауданның ауылдық елді мекендеріне тұруға және жұмыс істеуге келген мамандармен жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғын үй алуға несие алу үшін Сізге ұсыну керек:
1. өтініш;
2. жеке куәлік көшірмесі;
3. кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

  1. білім алу туралы диплом көшірмесі;
  2. сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  3. көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлімет; 
  4. тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
  5. неке куәлігінің көшірмесі;
  6. маманның, оның әйелі немесе күйеуі және балаларында сол елді мекенде жылжымайтын мүлік жоқтығы туралы анықтама.

Көтерме жәрдемақы алу үшін Сізге ұсыну керек:
1. өтініш;
2. жеке куәлік көшірмесі;
3. кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

  1. білім алу туралы диплом көшірмесі;
  2. көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлімет; 
  3. тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

Мамандарға ұсынылады:
- 70 айлық есеп көрсеткіштері сомасында көтермеақы;
- үй алу үшін әлеуметтік қолдау – 1500 айлық есеп көрсеткіштері сомасында бюджеттік несие.
Мемлекеттік қызметті алу үшін талапкерлер келесі талаптарға сәйкес болу керек:
1) келуі туралы (көші-қон анықтамасы) құжатты ұсыну керек;
2) оқу орнын бітіргені туралы дипломы 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін алынуы және тиісті елді мекенге келгенге дейін болу керек;
3) жұмысқа орналасудағы мамандығы диплом бойынша мамандығына сәйкес келу керек;
4) талапкер мен оның отбасы мүшелерінде өз қызметін жүзеге асыратын елді мекенде жылжымайтын мүлігі болмау керек;
5) несие алу үшін ставка 0,75 кем болмауы тиіс.
Кеңесті Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі 39 мекенжайында орналасқан телефон 90345, 79035 «ШҚО Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы А. Алимбаева

 

Парақтар өзгертілді: 04-02-2019