Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есеп

Бесқарағай ауданының мемлекеттік органдарымен 2018 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

2018 жылы Бесқарағай ауданының тұрғындарына 40928 қызмет көрсетілді, оның ішінде баламасыз қызмет көрсетулер арқылы мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен – 336.
Баламалы қызмет көрсетулер арқылы мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 4397 қызмет көрсетілді, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация арқылы – 2830.
Электронды түрде мемлекеттік органдар арқылы – 20055 қызмет көрсетілді. Электронды түрде «электрондық үкімет» арқылы 13306.
Көрсетілген қызметтер үлесі 32,5%, (2017 жылы 2,6%) құрады былтырғы жылмен салыстырғанда 29,9% - ға өсті.
Ішкі бақылау шеңберінде 5 іс-шаралары бақылау өткізілді, 22 бұзышылық анықталды, онын ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарымен қарастырылған құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету фактісі 2, мемлекеттік қызметтің бизнес-процестерін бұзу фактісі – 5, есептік деректердің сәйкес келмеуі фактісі - 1, мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі басқа да заң бұзушылықтар -14. Қорытынды бойынша әр түрлі тәртіптік жазаға 4 адам тартылды.
2018 жылы «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің тексеруі бойынша «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу анықталды (2016 жылы – 1, 2017 жылы – 1).
«Электрондық үкімет» порталы арқылы пайдаланушылар үлесін арттыру
ауданда 15 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды (3 кітапханалардың базасында 10 бұрыш ауданның ауылдық округ әкімшіліктерінде, 1 аудан әкімі аппаратында, 1 Жұмыспен қамту орталығында), онда өзіне қызмет алу және электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтінім беру жолдары консультация түсіндірме жүргізіледі. 2018 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы арқылы 4335 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 12 семинар-кеңес өткізілді, 4 электрондық қызметтер жәрмеңкесі, ЭЦҚ алу бойынша 4 ақпараттық-түсіндірме іс-шарасы, цифрлық грамматика бойынша 7 семинар-тренинг, мемлекеттік корпорация негізінде мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен 5 семинар-тренинг өткізілді. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 2018 жылы электрондық түрде 13306 қызмет көрсетілді.
Халық арасында электрондық қызметтерді насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын Канонерка және Қарабас ауылдық округтерінің әкімдері белсенді түрде жүзеге асырады.
Төмен деңгейде Беген және Долон ауылдық округтерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдар электрондық үкімет портал және мемлекеттік корпорация арқылы, мемлекеттік қызметтерді алу, халық арасында насихаттау мақсатында, тұрақты негізде жергілікті "Бесқарағай тынысы" газетінде, аудан әкімінің сайтында және әлеуметтік желілердің ресми беттерінде ақпарат жариялайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша барлық мәселелермен мына телефондар бойынша 8(72236)9-04-43, e-mail: a.iskakova@akimvko.gov.kz хабарласа аласыз.

Мониторинг мемлекетті қызмет және
ақпараттық технология бөлімінің басшысы А. Искакова

2017

 

Парақтар өзгертілді: 15-01-2019
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 4+12=