Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есеп

Бесқарағай ауданының мемлекеттік органдарымен 2017 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

2017 жылы Бесқарағай ауданының тұрғындарына 23818 қызмет көрсетілді, оның ішінде баламасыз қызмет көрсетулер арқылы мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен– 1851.
Баламалы қызмет көрсетулер арқылы мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 18565 қызметтің барлық түрі көрсетілді, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация арқылы – 2928. Электронды түрде 474 (Электронды үкімет порталы-457, Е-лицензирование - 17 ) қызмет көрсетілген. 2017 жылы электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесі 2,6%, (2016 жылы 1,3%) құрады былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3% - ға өсті.
Ішкі бақылау шеңберінде 16 іс-шаралары бақылау өткізілді, 481 бұзышылық анықталды. Қорытынды бойынша әр түрлі тәртіптік жазаға 23 адам тартылды.
Ақпарат және коммуникация министрлігінің базадан түсіру нәтижесінде, 2017 жылы -1 (2015 жылы – 1, 2016 жылы – 1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу анықталды.
"Электрондық үкімет" порталы пайдаланушылардың үлесін ұлғайту үшін
ауданда 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды (3 кітапханалардың базасында 10 бұрыш ауданның ауылдық округ әкімшіліктерінде), онда өзіне қызмет алу және электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтінім беру жолдары консультация түсіндірме жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 13 семинар-кеңес өткізілді, аудан әкімі аппаратының басшысы төрағалығымен және ХҚКО Департаментінің мамандарының қатысуымен өткізілген.
Жергілікті атқарушы органдар электрондық үкімет портал және мемлекеттік корпорация арқылы, мемлекеттік қызметтерді алу, халық арасында насихаттау мақсатында, тұрақты негізде жергілікті "Бесқарағай тынысы" газетінде және аудан әкімінің сайтында ақпаратты жариялайды.
Сондай-ақ, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында және
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру үшін ХҚКО бірлесе шалғай елді мекендерге мобилді ХҚКО шығуы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында және мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзуға жол бермеу үшін бақылау күшейтіліп 2018 жылғы 1 қантардан бастап аудан әкімінің аппаратында мониторинг мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технология бөлімі құрылды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша барлық мәселелермен сіз мына телефондар бойынша 8(72236)9-04-43, e-mail: a.iskakova@akimvko.gov.kz хабарлайаласыз.

Мониторинг мемлекетті қызмет және ақпараттық технология бөлімінің басшысы А. Искакова

 

2017 жылда Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат

Қызмет көрсетуді ұсынуда құқықтың сақталуын, халықтың еркіндігі мен заңдық мүддесін қамтамасыз ету критерилерінің бірі әкімшілік кедергілерді төмендету, халыққа қызмет көрсетуді ұсынудың тиімділігін арттыру, қызмет көрсетуді ұсыну мерзімін және сапасының бұзылуын болдырмау болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысты максималды толық, өзекті және егжей-тегжейлі ақпарат, сонымен қатар ХҚО, оның филиалдары мен өкілдіктерінің байланыс деректері www.egov.kz. сайтында көрсетілген. Мұнда, сол не өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және стандарттарды табуға, сонымен қатар элктрондық-сандық қолтаңбасы болған жағдайда online режимде мемлекеттік қызметті алуға болады. Осы процесс мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқартып, Сіз үйден шықпай-ақ қажетті мемлекеттік қызметті ала аласыз, қандайда бір өкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жүгіну қажеттілігі болмайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету әдісі бойынша альтернатитвті және альтернативсіз негізде көрсетілетін қызмет болып бөлінеді. Альтернативсіз негіздегі қызметтер тек халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ғана көресітеді.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет көрсетіледі, 2017 жылдың 12 айы ішінде 465 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру- 203;
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 76;
- Сәулет –жоспарлау тапсырмасын беру - 14;
- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру- 2;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан азаматтарға тұрғын үй беру үшін есепке қою -26.
- Эскизге келісім алу (эскиз жобасына) - 69;
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру - 0;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органымен жалданатын коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты тұрғын үйінің жоқтығы туралы анықтама 75.2

Бөлімде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің базасы жұмыс істейді, онда ауданның әділет органында тіркелген барлық жылжымайтын мүлік объектілері енгізіледі, мекенжайды анықтау және өзгерту кезінде жылжымайтын объекті жөнінде анықтама беріледі.
«Е-лицензиялдау» - сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу кезінде өндірістік объектінің құрылысына рұқсат беріледі.
«Е-әкімшілік» - Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін азаматтарды есепке қояды, кезектегілердің барлық деректері енгізіледі.
Елді мекен шегінен объектінің құрылысына жер телімін беру үшін елді мекен ауылының бас жоспары немесе әзірленген салу сұлбасы (бас жоспардың ықшамдалған нұсқасы) қолданылады.

Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімінің басшысы Н.Агибаев

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесі.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен 2017 жылы барлығы 1279 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 32 қызмет «халыққа қызмет көрсету орталығы» және электорндық үкімет порталы арқылы көрсетілді.
Бөліммен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1.тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру:
1) қызмет көрсетуші кеңсесіне;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz. www.elicense.kz
3) «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу: 1) қызмет көрсетуші кеңсесіне; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz
3. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру: 1) қызмет көрсетуші кеңсесіне; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz
4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу: 1) қызмет көрсетуші кеңсесіне; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz

5. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру:
1) «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ары қарай- Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғам;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Бесқарағай ауданы әкімінің сайтында немесе Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 8 (72236) 9 05 50 телефоны бойынша, сонымен қатар 1414 Бірыңғай байланыс телефон орталығы бойынша білуге болады.

Бөлім басшысы Ж.Бопаев

 

Парақтар өзгертілді: 15-02-2018
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 1+5=