Мемлекеттік қызметтер

Сұрақ-жауап

1. Бесқарағай аудандық ХҚКО бөліміне аудан тұрғыны Қалымжанов Әділбек Базарбайұлы: Біздің үйдің жанында гараждар және кейбір гараждардың араларында бос орындар бар. Енді біз гараж салғымыз келеді. Бос орындарға гараж салуға рұқсатты қалай алу және құжаттарды ресімдеуді неден бастау керек?
Сұраққа Бесқарағай аудандық бөлім басшысының орынбасары Айжан Нургали жауап береді:
2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру Кодекстің 48-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта жүзеге асырылады. Бұл ретте, жер учаскелері тек Кодекстің бабымен регламенттелген рәсімдер өтуіне қарай сауда-саттыққа қойылатынын атап өтеміз. Алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар нақты өткізу күнін, учаскелердің санын олардың орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және сауда-саттықтың басқа жағдайларын көрсете отырып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2. Департаменттің Бесқарағай аудандық ХҚКО бөліміне аудан тұрғыны Қалымжанов Әділбек Базарбайұлы: Мүгедек баласы бар отбасына үй салу үшін менің жер алу мүмкіндігім бар ма?
Сұраққа Бесқарағай аудандық бөлім басшысының орынбасары Айжан Нургали жауап береді:
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерін беру ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы № 255 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының нормаларымен (бұдан әрі – Қағида) регламенттелген. Көрсетілген Қағиданың нормалары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін ортақ болып табылады. Көрсетілген Қағиданың нормаларына сай ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру тек қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бөлу үшін дайындалған алаңшалар бар болуына қарай жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, қалада көрсетілген алаңшалар жоқ болуы салдарынан, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру қазіргі уақытта жүзеге асырылмайтынын, сондай-ақ мүгедек-баласы бар азаматтарға бірінші кезекте жер учаскелерін беруге жеңілдіктер қолданыстағы заңнамада көзделмегенін айта кетеміз.

Сұрақ - жауап?!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне азамат Д.О. Ахметов «Мен жер учаскесін сатып алдым және нысаналы мақсатын өзгертейін дегем, осыны қалай жасауға болады?» деген сұрағымен жүгінген еді.
Бұл сұраққа аталған бөлім басшысының орынбасары А.Н. Нургали былай деп жауап береді:
Жер учаскеснің нысаналы мақсатын өзгерту үшін Сізге халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруіңіз қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы, жер учаскесін сатып алу керек болғанда жер учаскесі кадастрлық (құндық) бағасы актісі болуы керек. Қызмет тегін көрсетіледі. Орындалу мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

Сұрақ - жауап?!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне аудан мынадай сұрағымен жүгінген еді: «Ағымдағы жылдың қараша айында бала туу бойынша демалысқа шығамын. Аяғым үшінші балаға ауыр. Осыған байланысты маған ХҚКО арқылы қандай қызмет түрін ресімдеу қажет? Қызметтердің орындалу мерзімдері қандай және қанша тұрады? Қандай құжаттар қолымда болуы қажет, егов арқылы қандай қызмет түрін алуға болады және ол үшін не қажет? Бала күту бойынша демалыста отырғанда жәрдемақы мен қандай жеңілдіктер болады (мысалы баланы балабақшаға және басқа да балалар мекемесіне орналастыру) сол туралы жан-жақты түсінідіріп берсеңіздер. Қазіргі кезде мен екі жерде жұмыс істеймін, сол себепті екі науқас парағы болуы керек пе және де құжаттарды екі данада ұсыну керек. Алатын жәрдемақы мөлшері қандай, қай уақытта ала аламын. Құжаттарды ұсыну мен қызметті ресімдеу барысында басты назарда нені ұстау қажет?».
Бұл сұраққа Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөлімі басшысы Назымбек Касымов былай деп жауап береді:
Сізге халыққа қызмет көрсету орталығына келіп «Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін алу үшін келесідей құжаттары қолында болуы керек:
1) жеке куәлігі;
2) мекенжай анықтамасы;
3) жүктілік пен босануға байланысты берілген науқас парағы;
4) жұмыс орнынан соңғы 12 айға кірістер туралы анықтама;
5) банк шоты.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар үшін:
1)жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлігі;
2) салықтар бойынша және басқа да бюджетке төлемдер бойынша салыстыру актілері.

Мемлекеттік қызметтің ұсынылу мерзімі 8 жұмыс күн, қызмет тегін көрсетіледі.
Егерде Сіз екі жерде жұмыс істеп жүрсеңіз, онда екі науқас парағын әкелуіңіз қажет.
Бала дүниеге келген соң Сіз баланы туу және баланы күтуге байланысты жәрдемақы ресімдей аласыз. Қажетті құжаттар:
1) жеке куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы хал актілері жазбасынан үзінді;
3) неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) қоғаншылық немесе асырап алуды растайтын құжаттар;
сенімхат – өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда.
Үшінші бала дүниеге келгенде бірінші және екінші балаға төленгендей – 86000 теңге төленеді.
Осы қызметтің көрсетілу мерзімі жеті жұмыс күн, тегін көрсетіледі. Сонымен қатар бұл қызметті egov порталынан аталған құжаттар тізбесімен алуға болады.
Туу  туралы жәрдемақыға құжаттарды ресімдеген кезде egov порталы арқылы  баланы балабақшаға кезекке қоюға болады. Сол себепті ЭЦҚ алып, порталда өтініш беру қажет. Нәтижесінде баланың кезекке қойылғандығы туралы хабарлама аласыз.

Сұрақ - жауап?!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне аудан мынадай сұрағымен жүгінген еді: «Ағымдағы жылдың қараша айында бала туу бойынша демалысқа шығамын. Аяғым үшінші балаға ауыр. Осыған байланысты маған ХҚКО арқылы қандай қызмет түрін ресімдеу қажет? Қызметтердің орындалу мерзімдері қандай және қанша тұрады? Қандай құжаттар қолымда болуы қажет, егов арқылы қандай қызмет түрін алуға болады және ол үшін не қажет? Бала күту бойынша демалыста отырғанда жәрдемақы мен қандай жеңілдіктер болады (мысалы баланы балабақшаға және басқа да балалар мекемесіне орналастыру) сол туралы жан-жақты түсінідіріп берсеңіздер. Қазіргі кезде мен екі жерде жұмыс істеймін, сол себепті екі науқас парағы болуы керек пе және де құжаттарды екі данада ұсыну керек. Алатын жәрдемақы мөлшері қандай, қай уақытта ала аламын. Құжаттарды ұсыну мен қызметті ресімдеу барысында басты назарда нені ұстау қажет?».
Бұл сұраққа Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөлімі басшысы Назымбек Касымов былай деп жауап береді:
Сізге халыққа қызмет көрсету орталығына келіп «Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін алу үшін келесідей құжаттары қолында болуы керек:
1) жеке куәлігі;
2) мекенжай анықтамасы;
3) жүктілік пен босануға байланысты берілген науқас парағы;
4) жұмыс орнынан соңғы 12 айға кірістер туралы анықтама;
5) банк шоты.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар үшін:
1)жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлігі;
2) салықтар бойынша және басқа да бюджетке төлемдер бойынша салыстыру актілері.

Мемлекеттік қызметтің ұсынылу мерзімі 8 жұмыс күн, қызмет тегін көрсетіледі.
Егерде Сіз екі жерде жұмыс істеп жүрсеңіз, онда екі науқас парағын әкелуіңіз қажет.
Бала дүниеге келген соң Сіз баланы туу және баланы күтуге байланысты жәрдемақы ресімдей аласыз. Қажетті құжаттар:
1) жеке куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы хал актілері жазбасынан үзінді;
3) неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) қоғаншылық немесе асырап алуды растайтын құжаттар;
сенімхат – өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда.
Үшінші бала дүниеге келгенде бірінші және екінші балаға төленгендей – 86000 теңге төленеді.
Осы қызметтің көрсетілу мерзімі жеті жұмыс күн, тегін көрсетіледі. Сонымен қатар бұл қызметті egov порталынан аталған құжаттар тізбесімен алуға болады.
Туу  туралы жәрдемақыға құжаттарды ресімдеген кезде egov порталы арқылы  баланы балабақшаға кезекке қоюға болады. Сол себепті ЭЦҚ алып, порталда өтініш беру қажет. Нәтижесінде баланың кезекке қойылғандығы туралы хабарлама аласыз.

 

Сұрақ - жауап?!

ХҚКО Бесқарағай аудандық бөліміне Адильбек Калымжанов жүгінді, ол өз кезегінде «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін қандай құжаттар керектігін сұрады:
Осы сұраққа құжаттарды қабылдау маманы Алмас Искаков жауап берді:
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік қызметін ХҚКО ресімдеуге болады. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін 09:00-ден 20:00-гедейін түскі үзіліссіз, жексенбі және мейрам күндерінен бөлек.

Қабылдау қызмет алушының тіркелген мекенжайы бойынша электронды тәртіпте жеделдетусіз қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
3) жұмыс орнынан анықтама;
4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Газет редакциясына оқырманнан тағы бір сұрақ келіп түсті. Бесқарағай ауданының тұрғыны жеке кәсіпкердің Халыққа қызмет көрсету орталығынан патент алуына мүмкіндік бар ма? - деп сұрайды.
Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Н. Касымов жауап береді:

  • Иә, енді жеке кәсіпкерлерге патент үшін мемлекеттік кірістер Комитетіне барудың қажеті жоқ, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

ХҚКО-да патентті тіркеу бір жұмыс күні ішінде орындалады, бірақ құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Патент алу үшін Сіздерге келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • Өтініш берушінің ЖСН-ы
  • Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы
  • Патент үшін есептесу
  • Төлем құжаттарының нөмірі

Айта кететін жайт, аталған мемлекеттік қызмет тегін. Кезек күтіп отыруға уақыты жоқтар электронды порталда егер электронды цифрлық қолтаңбасы болмаса да, талонды брондауына мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметті салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы.

«Сұрақ-жауап» айдары

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне азаматша М.В. Федорова «egov мобильдік қосымшасы туралы жиі радиодан естимін, ол жайлы не айта аласыз?» деген сұрағымен жүгінген.

Азаматша М.В. Федорованың сұрағына бөлім басшысының орынбасары А. Н. Нургали  жауап берді.

- «Мобильді үкімет» жобасы аясында egov мобильді қосымшасы ойластырылды. Қосымша GooglePlay, AppStore, WindowsMarket  интернет – дүкендердегі Android, IOS, WindowsPhone базасындағы смартфондар иелеріне қол жетімді. Аталған қызметті қолдану үшін тіркеуден өту керек. Оны электронды үкімет порталынан жасауға болады.
Мобильді қосымшаны іске қосақаннан кейін кең қызметтер спектрі қол жетімді болады. 
Біріншіден, қызметті іске қоспағанда, «Қонақ» режимінде келесі қызметтер қол жетімді: бала бақшаға немесе тұрғын үйге тұрған кезекті қарау, кезекті онлайн брондау және тағы басқалар.
Екіншіден, мобильді жеке кабинетіңізден  Сіз өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызды, тіркелген  жылжымайтын мүлік, автокөлік және  ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар т.б. көре аласыз.
Үшіншіден, мобильді қосымшада 80 түрлі сервис ұсынылған: ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар, борышкерлер реестріне қосу туралы және  бала бақшадағы кезектің өзгеруі туралы хабарламалар. Олар PUSH немесе  SMS форматында жіберіледі.
Белгілі мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет, оны SIM – картаға немесе  мобильді телефонға  файлді  ЭЦҚ жазу арқылы қолдануға болады.

Қазпошта арқылы ХҚКО қызметтерін алу

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне Ерназар (ШҚО Бесқарағай ауданы) ауылының тұрғыны Иван Стецов: «Біздің ауылда құжаттарды ресімдеу немесе анықтамаларды алу үшін ХҚКО филиалы жоқ. Бірақ менің естуімше қазір құжаттарды Қазпошта бөлімі арқылы алуға болады екен. Сол қаншалықты рас? Осы қызметтер туралы толығырақ білсем деймін, себебі, аудан орталығы 100 шақырым оған барып қайту ұзақ әрі шығындар шығады» деген сұрағымен келіп жүгінді.
Аталған сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Назымбек Касымов жауап берді:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы жоқ елді мекендерде тұратын ШҚО тұрғындарын қуантқым келеді. Өңірде мемлекеттік қызметтерді Қазпошта бөлімдері арқылы көрсету пилоттық жобасы іске қосылды. Енді тұрғындар аудан орталығына бармай және ХҚКО мобильді топтарын күтпей – ақ 70 астам сұраныстағы қызметтерді ала алады. «Қазпошта» АҚ қызмткерлері құжаттарды қабылдап және жақындағы халыққа қызмет көрсету орталығына жібереді.

Пошта байланыстары орталығы құжаттарды алу үшін құжаттар тізімін ұсынып, қызмет көрсету үшін өтініш жазып, қажет болғанда мемлекеттік бажды төлеу қажет. Дайын құжаттарды бірнеше күннен кейін алуға болады, мерзімі қызметті ресімдеу мен жеткізу уақытымен анықталады.
- Қызметтерге төлем жүргізу қажет болатытын, - Назымбек Касымов қосып айтты. – бірақ, қызмет алушының шығыны азырақ болады, себебі, бұрын оларға аудан орталдығына екі – үш рет баруға тура келген. Қазір күні мемлекеттік баждан бөлек 1200 теңге төлеу қажет. Құжатты аудандық ХҚКО-на жеткізу үшін  600 тенге және қайта әкелу үшін 600 тенге, сонымен жиынтығы 1200 тенге шығады.

Қазпошта бөлімдері арқылы көрсетілетін қызметтер тізіміне әскери билеттерді және көшірмелерін беру, соттылығының болуы, болмауы туралы анқтамалар беру, мекенжай анықтамаларын беру, БҰЗҚ анықтамаларын беру, туу туралы куәлік беру және басқа да жәрдемақыларды тағайындау кіріп отыр

 

Департаменттің Бесқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғыны келесі сұрақпен келген: «Мен білім туралы дипломды РФ Томск қаласынан алдым. Жұмысқа тұру кезінде менен дипломның жарамдылығын растауды сұрады, осы қызметті мен ХҚКО-дан ала алам ба, және де оған қандай құжаттар қажет?»
Сұраққа Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Назымбек Касымов жауап береді:
- «Білім туралы құжатты нострификациялау мен тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ХҚКО-дан алуға болады. Аталған қызмет ақылы түрде орындалады. Ол үшін Сізге білім туралы құжатыңызды, оқылған пәндер мен олар бойынша бағалар, сонымен қатар сағаттар саны көрсетілген қосымшасын қосып, көшірмесін жасатып, нотариуста оны растап, ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Сонымен қатар,  білім туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару қажеттігін естеріңізге саламыз. ХҚКО-ға келіп, Сіздерге өтініш толтырып, қолдағы құжаттарды, баж салығының төленгендігі туралы түбіртек және оқу орнының аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, аталған оқу орнының мөрімен расталғанды тапсыру қажет. Егер Сізде аккредитациядан өткендігі туралы куәлігінің немесе лиценциясының көшірмесі болмаған жағдайда, сайт немесе оқу орны туралы басқа ақпарат көзінің сілтемесі бар сканерленген немесе электронды түрдегі ақпаратты ұсынсаңыз жеткілікті.
Егер диплом алғаннан кейін, Сіз тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атыңызды ауыстырған болсаңыз, қосымша тегіңіздің, атыңыз немесе әкеңіздің атының өзгергендігін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі жолдау қажет болады.
Егер құжаттарды тапсыру кезінде Сіз ҚР азаматы болмасаңыз, онда Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды растау қажет болады.
Толықтай ақпаратты алу үшін С.Сейфуллина көшесі 142 мекенжайындағы ХҚКО-ға немесе 9-06-29 телефоны бойынша, немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғыны, ер адам жүгінген. Ол ХҚКО арқылы пәтерін қайта жоспарлауға рұқсат алуға бола ма деген сұрақты қойды. Және де ол үшін қандай құжаттар қажет?
Сұраққа аталған бөлімнің реттеу зал басшысы Айжан Нургали жауап береді:

- Әрине, болады. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдайды, қызмет «Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі деп аталады. Аталған қызметті алу үшін айтарлықтай талаптары бар, атап айтқанда – жүргізілген қайта жоспарлау салмақ түсетін конструкцияға тиіп кетпеуі керек. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Аталған қызметті алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру керек:

1. Бекітілген үлгідегі өтініш
2. Жеке бас куәлігі
3. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
4. Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі 
5. Болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) 

Қызмет тегін көрсетіледі. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет.
Естеріңізге саламыз, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Мұрағаттық анықтамаларды алу
Бесқарағай ауданының тұрғыны ХҚКО-ға келесі сұрақпен жүгінді: өткен жұмыс орынындағы, егер фирма ертеректе жабылып қалған болса, зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар, еңбек ақы төлемдері туралы ақпаратты осы жерден алуға бола ма? 
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Бесқарағай аудандық бөлімінің инспекторы А.Тлеугабылова жауап береді:

  • Әрине, ала аласыз. Кез келген мұрағаттық құжатты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Әрі қажетті мұрағаттық құжатты жүгінуден кейін 15 күн өткен соң алуға болады, құжатты тапсыру күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметке өтінішті ресімдеу кезінде өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті (егер анықтаманы басқа тұлға үшін алатын болсаңыз, сенімхат). Электронды үкімет порталы арқылы анықтама алу үшін – ЭЦҚ. Айта кететін жайт, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу – тегін.
Ескеретін жайт, ХҚКО-дан жасы туралы, мемлекеттік және ведомствалық марапаттар, ғылыми атақтар мен дәрежелерді тағайындау, эвакуациялық және сауықтыру орындарында, экологиялық апатты аймақтағы емдеуде болу, зорлық – зомбылықта және репатриацияда болу, азаматтық хал актілері немесе мүліктік құқық туралы деректерді алуға болады, сонымен қатар еңбек өтілін, білімін, біліктілікті растауды да осы жерден алуға болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бесқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғынынан мына бір сұақ келіп түсті: ХҚКО арқылы сыртқы жарнаманы орналастыруға құжаттар тапсыруға бола ма?
Аталған сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Н.К.Касымов жауап береді:

  • Аталған қызметті алу үшін Сізге ХҚКО-ға да, ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронды үкімет порталына да жүгінуге болады. Аталған қызмет тегін ресімделеді. Көрсетілу мерзімі 5 жұмыс күні. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетусіз, кезек тәртібінде қабылданады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі елді мекендерде сыртқы жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат, сонымен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беру болып табылады. Құжаттар әрекет ету мерзімі бір жыл. Ол сәйкесінше органмен ұзартылуы мүмкін, бірақ бір жылдан көп емес мерзімге. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты және құжаттар пакеті тізімін 8-72-236-9-06-29 телефон нөмірі мен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Естеріңізге саламыз, жарнама - адамдардың белгiленбеген топтарына арналған әрi жеке, заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, қызмет көрсетулерге, жұмыстарға және оларды сату туралы кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын (орналастырылатын) ақпарат; сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

Бесқарағай аудандық ХҚКО-ның кеңес беру қызметіне жеке кәсіпкер Н.А.Алексеев жүгінді. Оны ХҚКО арқылы алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия алуға бола ма? Ол үшін қандай құжаттарды тапсыру керек? – деген сұрақтар қызықтырды.

Сұраққа бөлім басшысы Қасымов .Н жауап береді:

  • Сіз лицензияға құжаттары ХҚКО арқылы да, электронды лицензиялау сайты арқылы да тапсыра аласыз. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
  • Этил спирті өндірушісі бекіткен және әзірлеген, өндіріс паспортының көшірмесі;
  • арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
  • Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге
    сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлардың болуы;
  • стационарлық үй-жайдағы алкогольдік өнім өндіруді қамтамасыз ететін коммуникацияның (сумен жабдықтау, электр қуаты және кәрізбен қамтамасыз ету) болуы;
  • ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттары;
  • лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде
    беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімінің өндірілу көлемін есепке алатын аспаптардың болуы (виноматериал мен көміртектің қостотығы қышқылынан басқа);
  • Алкоголь өнімін өндіруде сақтау, қабылдау мен жіберу үшін және алкоголь өнімін өндіруде қолданылатын этил спиртін сақтау, қабылдау мен беру үшін арналған қойма-арнайы стационарлық үй-жайдың болуы;
  • Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға
    (өңдеуге), беруге арналған қойма;
  • Лицензиардың сұрауына санитарлы-эпидемиологиялық бақылау аясындағы атқарушы органның жауабы;
  • Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету
    жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық
    режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін
    сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптардың болуы;

Электронды лицензиялау сайты арқылы өтініш беру үшін Сіздерге ЭЦҚ алу қажеттігін ескертеміз. Сайтқа тапсыру кезінде құжаттар электронды нысанда болу қажет.

 

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.
«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.
Құмарғалиевтің айтуынша, композит «Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу», «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою» қызметтеріне қатысты болып табылады.
Дайын болған туу туралы куәлікті ата-аналар, құжат тапсырған күнді есептемегенде, 2 жұмыс күні ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседі. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегін egov.kz электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулеріне болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлік беру болып табылады.
Бесқарағай ауданы бойынша бұл пилоттық жоба 1 жас анаға көрсетілді. Жас ана Бесқарағай аудандық Орталық ауруханасында 23 қыркүйек айында босанып, перзентханадан шықпай баланың туу туралы куәлігіне, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауға және балабақша кезегіне қоюға өтініш білідірген.
Бүгінгі күнгі жағдайына клиент туу туралы куәлігін алып, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындалған және жаңа туған нәресте балабақша кезегіне қойылды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бесқарағай аудандық бөліміне азаматша Чурбакова Мария Александровна жүгінді. Ол ХҚКО-ға жалғыз тұратын зейнеткер ретінде тұрғын үйге көмекке құжаттар тапсыра алам деп сұрады. Ол үшін қандай құжаттардың қажет?

Оның сұрағына аталған бөлімнің реттеу зал басшысы А.Н.Нургали жауап береді:

  • Әрине, тапсыра аласыз. Қазіргі таңда, дәл солай «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Мәслихаттың шешімі бойынша жеке топқа жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, ЧАЭС қатысушылары, «ауған соғысына қатысушылар» топтастырылады және олар үшін 6 % - дейінгі коммуналдық қызметтер шығыны үшін жеткілікті үлесін қарастырады. Білу керек нәрсе, егер отбасында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, әскерде қызмет атқармаған, оқымайтын, жұмыс істемейтін еңбекке жарамды тұлғалар бар болса, отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқылы бола алмайды. 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-қағатын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.

Тағы бір ескеретін маңызды жайт, егер Сіз заңды некеде тұрсаңыз, бірақ жолдасыңыз Сіздің пәтеріңізде тіркелмеген болса, оның кірісі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есептелінетін болады. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, егер заңды некеде бола тұра, жолдасыңыздың тұрғылықты жері туралы білмесеңіз және осы сұрақ бойынша құқық қорғау органдарына жүгінбесеңіз.

Құжаттарға қатысты, Сізге тапсыру керек:

  • Сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлығының жеке бас куәліктері;
  • Тұрғын үйге құқық орнатушы құжат (жекешелендіру шарты немесе сыйға тарту, сату-сатып алу шарты және т.б.), Сіздің құқық меншігіңізге қандай тұрғын үйдің тиесілі екендігі туралы ақпараттық анықтама, бұл ХҚКО-да берілетін № 6 нысан. Ол жылына бір рет беріледі;
  • Отбасының барлық мүшелеріне мекенжай анықтамасы;
  • Отбасының кірісі туралы өткен тоқсанның анықтамасы, бұл анықтамаларды әрбір үш ай сайын тапсыру қажет болады;
  • Егер жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс істейтіндігі туралы анықтама, немесе зейнетақы куәлігі. Егер жұмыс істемейтін болсаңыз – жұмыссыздық туралы анықтама;
  • Жалғыз басты аналарға АХАЖ қызметінен берілетін №4 нысанды анықтама;
  • Тұрғын-үйді күтіп ұстауға арналған төлемдер туралы түбіртек, коммуналдық және байланыс қызметтері үшін түбіртек (өткен тоқсанның), стационарлы емес газды плиталарды үйлер үшін – газ баллондарын қолдану туралы анықтама (өткен тоқсанның). Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, сенімхат түпнұсқасын тапсыру қажет.

 

Және де, құжаттар пакетін тапсырған мерзімнен бастап қызмет күнтізбелік 10 күн ішінде көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

 

ХҚКО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге қалай отыруға болады?

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бесқарағай аудандық бөліміне аудан тұрғынынан ХҚКО арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге отырға бола ма деген сұрақ келіп түсті.
Сұраққа Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Назымбек Касымов жауап береді:

Иә, ХҚКО арқылы қосымша келісімге отыруға болады. Ол Conection point секторында ЭЦҚ-ның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін порталдың «Азаматтар» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік» тарауына өту керек, осыдан кейін «Тұрғын үй қатынастары» қосымшасынан Жалпы талаптарға қосылу мақсатында, соның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдары бойынша өтемақы төлеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасауды» таңдау керек. «Онлайн қызметке тапсырысты» басқаннан кейін қолданушы салымдардың тізімін алуға келісімді растайды, осыдан кейін келісімге отыру қажет салымдарды таңдайды, міндетті жолақтарды толтырады, қосымша келісім талаптарымен танысады және оған ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Электронды қосымша келісім қолданушының жеке кабинетіне түседі. Айта кететін жайт, тұрғын үй құрылыс жинағының келісімнің қосымша келісімдеріне қол қою 8 ақпаннан басталды және 2016 жылғы 01 маусымға дейін созылады (2016 жылғы 31 мамыр қабылдаудың соңғы күні).

Аудандық газет редакциясына азаматтардан сұрақтар келіп түсіп жатады.

Оқырманның тағы бір сауалы, ХҚКО арқылы сотқа талап арызын беруге болама? Егер болса, ол үшін не қажет?
Жауапты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Назымбек Касымов береді:
- Иә, 2015 жылғы 16 қаңтардан бастап «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында осындай қызмет бар. Азаматтар ХҚКО-да «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы электронды өтінімді, талап арызын, сонымен қатар сот актілерін қайта қарастыруға құжаттарды (аралық сот шешіміне шағымдану туралы өтініш, апелациялық шағым/жеке шағым, тексеру тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы қолдаухат, төрелік шешімін кері қайтару туралы қолдаухат, кассациялық шағым, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарастыру) ұсына алады. Назарларыңызды келесіге аударуды сұраймын, «Сот кабинетіне» кіру қосымша авторланусыз жүзеге асырылады. Ол үшін Электронды үкімет порталында авторланса болғаны. Егерде қандай да бір мәселелер туындап жатса, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Зырян аудандық бөлімі қызметкерлеріне жүгінсеңіз болады. Олар ЭЦҚ алуға, тіркелуге, сканирлеуге және құжаттарды бекітуге, банк карточкаларынан төлемдерді жүргізуге көмек береді.

Аудандық газет редакциясына келесі бір оқырманнан келесідей сұрақ келіп түсті: Халыққа қызмет көрсету орталығынан медициналық қызметке лицензияны жылдам қалай алуға болады?
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Бесқарағай аудандық бөлімінің басшысы Н.К.Касымов жауап береді:

  • Иә, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі. Лицензияны 15 жұмыс күнінде алуға болады, қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күн. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым алынады. Лицензия алу үшін – 10 АЕК; лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-тен көп емес; лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктен 100 %-ы. Төменде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі берілген.

Медициналық қызметке лицензия алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: нысан бойынша өтініш, жеке куәлік үшін – жеке басын куәландыратын құжат,  қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; нысанға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны; үй-жайға немесе ғимаратқа меншік не жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат; жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом; қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік; қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеу кезінде: мемлекеттік қызметтің аталған стандартының 3 немесе 4-қосымшасына сәйкес бекітілген нысандағы өтініш, ЭҮПШ арқылы төлемнен басқаларды қосапағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; лицензияны қайта ресімдеу жағдайы кезінде; мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздеме бола алатын өзгертулер туралы ақпараты бар құжаттар көшірмесі.
Лицензия телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: бекітілген нысандағы өтініш; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмау жағдайында, нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну қажет.

«ХҚКО РМК  ШҚО бойынша филиалының
Бесқарағай аудандық бөлімі»

 

Халыққа сапалы қызмет көрсету барысында

ХҚКО қызметкерлері мен Бесқарағай аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері арасында өткізілген «дөңгелек үстел» тақырыбы – халыққа сапалы қызмет көрсету мәселесіне арналды.
Әділет басқармасының басшысы Г.М.Мирашева және оның маманы Г.Рысбекқызы қатысқан «дөңгелек үстел» Халыққа қызмет көрсету орталығының мекемесінде өткізілді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары Әділет басқармасымен мемлекеттік қызметтер бойынша ХҚКО ашылған сәттен бастап қарым-қатынасата.
Азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу не сату кезінде, сонымен қатар, нәресте туған сәтте туу туралы куәлік алу және АХАТ бойынша қайталама куәліктерін алу үшін және т.б. қызметтер бойынша ХҚКО-ға жүгініп өтініштерін өткізіп, дайын құжаттарын алады. ХҚКО өз кезегінде бұл өтініштерді орындау үшін уәкілетті орган, яғни, Әділет басқармасына жібереді. «Дөңгелек үстелде» қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелер және олардың шешілу жолдары туралы сөз қозғалды.

В целях качественного обслуживания населения В целях качественного обслуживания населения

Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алу үшін 7 жасқа дейінгі балаларды кезекке тіркеу тәртібі туралы

Бүгінгі күнге балаларды балабақшаға кезекке тіркеуді Электронды Үкімет порталы e-gov арқылы өткізуге болатынын барлық ата-аналар біле бермейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.08.2012ж. №1119 Қаулысымен бекітілген қызмет көрсету Стандартына сәйкес бұл қызмет аудан және қаланың білім бөлімдерімен, сонымен қатар, ХҚКО және веб-портал арқылы баламалы түрде ұсынылады.

Қызмет түрі мектепке дейінгі мекемелердегі орын санымен шектеледі, кезекке бірінші болып тұруға құқылы жеңілдіктері бар тұлғалар:

      1. мүгедектердің балалары
      2. ата-анасыз қалған балалар
      3. жетім-бала
      4. көп балалы жанұяның балалары
      5. жеңілдіктер барларға сәйкестендірілген тұлғалардың, ҰО соғысына қатысқан және ҰО соғысының мүгедектерінің балалары
      6. әскери қызметшілердің балалары

Веб-портал арқылы өтініш тапсырған уақытта:

  1. электронды құжат түріндегі сұрауды толтырып, қызмет алушының электронды-цифрлі қолтаңбасымен қол қою керек
  2. мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (заңды өкілінің біреуі)
  3. баланың тууы туралы мәлімет (егер бала 2007 жылдың 13 тамызына дейін туылса) немесе электронды сұрауға туу туралы куәліктің сканерленген көшірмесі тіркеледі
  4. Жеңілдігі барын растайтын құжат (мүгедектігі туралы мәлімет, бар болса мектепке дейінгі мекемеге жолдау)
  5. тұрғылықты мекенжай туралы мәлімет. Қызмет алушының «жеке кабинетіне» порталда сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп беріледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңын іске асыру

Жоғарыда аталған, «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңын орындау мақсатында, аудан әкімінің 2010 жылғы 13 мамырдағы №1-1ө өкімімен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітілді.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға қосымша жазу күнделікті қабылдау бөлімінің хатшысы Бесқарағай ауылы С.Сейфуллин көшесі №144 мекен-жайы бойынша №1 кабинетте (872236) 91400 телефон арқылы жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша арыздарын қарауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының кеңсесі арқылы, кеңсенің меңгерушісі Наталья Ивановна Панюковамен іске асырылады, байланыс телефоны (872236) 91800.

2016 жылғы 1 қарашадағы аудан әкімінің аппаратына 133 жүгінім түсті, оның ішінде жеке  тұлғалардың жазбаша және ауызша жүгінімдері - 118, заңды тұлғалардан - 15, олардан қаралғаны – 132, бақылауда тұрғаны 1 өтініш. 

Парақтар өзгертілді: 07-12-2017