Мемлекеттік қызметтер

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Бесқарағай аудандық бөлімшесі

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы жана № 105-V ҚР Заңы *.doc 84.6 Kb

 

Құрметті зейнетақы және жәрдемақы қызметтерін алушылар!

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына мәлімет үшін хабарлаймыз, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылдың 29 қаңтардағы №39 қаулысына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамыны құрылды, оның құрамына төрт ұжым кірді - РМК «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», РМК «Жылмымайтын мүлікорталығы», РМК «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» және РМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы».
Мемлекеттік корпорация «бір терезе» принцпі бойынша мемлекеттік қызметтерін көрсету саласында біртұтас провайдер болып саналып, заңды және (немесе) жеке тұлғаларға ғимараттарды, имарттарды және (немесе) олардың қосымшаларын техникалық қамсыздандыру, мемлекеттік жер кадастрларын жүргізу, зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін кепілдікке тіркеу қызметтерін жүзеге асырады.
Құрметті қызмет алушыларға, хабарлаймыз, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗТМО департаментінің қызметкерлері зейнетақы және жәрдемақыларды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыруды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелерінің ғимараттарында кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
 
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Бесқарағай аудандық бөлімшенің мекен-жайы: Бескарагай ауылы Сейфуллина көшесі 142 үй

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін ресімдеу жөнінде қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, 79993 аудандық бөлімшенің келесі телефоны бойынша: 9-06-30, 9-06-31 аудандық бөлімшенің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпарат алуларыңызға болады, сондай-ақ ЗТМО байланыс-орталығына 1411 нөміріне тегін хабарласуыңызға болады.

 

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің 2014 жылғы 1 сәуірден арттыру туралы ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР Парламенті Сенатымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды.

Осыған байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы жылдың басынан бастап арттырылғанын қоса есептегенде, базалық зейнетақыны 12 %- ға дейін, еңбек зейнетақыларын – 14 %-ға дейін арттыру жүзеге асырылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша зейнетақы мөлшері 214 мыңнан астам алушыға, базалық зейнетақының мөлшері 217 мыңнан астам алушыға арттырылды.
Зейнетақының орташа мөлшері республика бойынша – 36,5 мың теңге, базалық зейнетақы төлемін есепке алумен – 46,5 мың теңгені құрайды, біздің облыс бойынша – 39,1 мың теңге, базалық зейнетақы төлемін есепке алумен – 49,6 мың теңге. Зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 736 теңге, базалық зейнетақы төлемін есепке алумен – 32 186 теңге.

Сонымен қатар, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын табыстың шамасын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 39-дан 41 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту бөлігінде, өзгерістер енгізілді.

2014 жылғы 1 сәуірінен тағайындалатын зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғары табыстың мөлшері 75932 теңгені құрайды (41 АЕК).
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың, №1 және №2-тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақының, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшерлері, айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі күнкөріс деңгейі, жалақының ең төменгi мөлшерiне еселенген коэффициенттің өзгеруін ескерумен 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 12 %- ға дейін арттырылды.

2014 жылғы сәуірден бастап:

Еңбекақының ең төмен мөлшері - 19 966 тенге
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнің мөлшері - 10 450 тенге
Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері - 1 852 тенге
Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 19 966 тенге

Бесқарағай аудандық
ЗТМО бөлімшесінің бастығы: Ж.Ж.Жиембаева.

 

Зейнетақы және әлеуметік төлемдердің өсуі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.12.2013 жылғы № 1403 «2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» қаулысына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы алушы азаматтардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өсті, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоса алғанда.

Қазақстан Республикасының 03.12.2013 жылғы № 148-V «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, 2014 жылдың 1 қаңтарынан төменгі мөлшерлерде белгіленді:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 852 теңге,
Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 20 782 теңге,
Ең төменгі күн-көріс деңгейі (ЕТККД) – 19 966 теңге,
Базалық зейнетақы төлемі – 9 983тенге (ЕТККД –нің 50 пайызы),
Ең төменгі еңбекақының мөлшері – 19 966 теңге.

2014 жылы тағайындалатын зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғары табыстың мөлшері 72 228 теңгені құрайтын болады (39 АЕК).
2014 жылы тағайындалатын зейнетақының ең жоғары мөлшері 54 171 теңгені құрайтын болады (39 АЕК-тің 75 %).
Заңның 10 бабына сәйкес:

  • Базалық зейнетақылық төлемнің мөлшері  ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді (ЕТККД –нің 50 пайызы);
  • Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;
  • №1 тізім және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;
  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерінің 7%-ға өсуін қамтамасыз ету мақсатында жәрдемақылардың мөлшері 1 887 теңге сомасындағы айлық есептіш көрсеткіш мөлшері бойынша есептелді.
  • Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін ай сайынғы жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінің 19 966 теңгеге өсуіне байланысты көбейді .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1405 «2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы» қаулысына сәйкес, 2014 жылдың 1 қаңтары қарсаңына еңбек ету қабiлетiнен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем алушы болып табылатын алушылардың төлемдері 7 %-ға өсті.

Қазақстан Республикасының 03.12.2013 жылғы № 148-V «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, 2014 жылдың 1 қаңтарынан МӘСҚ-нан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ең төменгі мөлшерде әлеуметтiк төлем алушы алушылардың төлемдерінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді.

Бесқарағай аудандық ЗТМО бастығы: Жиембаева Ж.Ж

 

Зейнеткерлік жүйедегі реформа туралы

Бүгінгі таңда зейнетақы жүйесін әлемнің көптеген елдері дамушыдан дамыған елдерге дейін реформалайды.
Қолданыстағы зейнетақы жүйесін талдау барысындаелдегі экономикалық және демографиялық жағдайларға байланысты бірқатар мәселелер айқындалды.
Баршамызға белгілі, 1998 жылға дейін, зейнетақы мөлшері, негізінен, еңбек өтіліне байланысты болған: өтіл көп болған сайын, төлем де жоғары болған.
1998 жылы жинақтаушы жүйе еңгізілді. Оның негізгі қағидасы – төлемнің көлемі тікелей жинаған ақшаға байланыстылығы.
Сөйтіп, қазіргі кезде 1998 жылдан кейін де еңбек етіп жатқандардың зейнетақы мөлшері:

  • 1998 жылға дейін жиналған еңбек өтіліне;
  • 1998 жылдан бастап жиналған сомаға (жалақыдан 10%) байланысты болып келеді.

Бірақ қазіргі кезден зейнетақы төлемдері тиісті тұрмыс деңгейін сақтап қалуға жеткіліксіз болып қалатын адамдар үлесі күннен күнге артып келеді. Бұл:

  • 1998 жылға дейін еңбек өтілінің аз болуымен;
  • жүйенің жаңадан еңгізілуіне байланысты жинақтың жетіспеуіне және оның жеткілікті түрде болмауына байланысты.

Зейнетақы жүйесін жаңартудың келесі бағыттары қарастырылады:
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ)тиімділігін арттыру;
- зейнетақы аударымдарын жүргізетін ЖЗЖ қатысушылар саннын көбейту;
- зейнетақымен қамсыздандырудағы кепілдіктер жүйесін өзгерту;
- ерекше еңбек жағдайында еңбек ететін азаматтарды еріктіден жарналарды міндетті кәсіби жарналар жинақтаужүйесіне көшіру;
- зейнетақы жасын біріздендіру;
- зейнетақымен қамтудың ортақ жүйесінің параметрлерін өзгерту. Бұл жерде келесіні атап өту қажет: 2013 жылдың 1 маусымынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынқұру туралы біржолата шешім қабылданды. Ал жаңартудың қалған аспектілері, соның ішінде әйел адамдардың зейнетақы жасын өсіру қазіргі кезде талқылау сатысында. Және бұл жерде барынша басқа елдердің оң тәжірибелері сияқты, халықтың пікірі де ескеріледі.

Бірыңғай қордың негізгі артықшылығы оның біртұтастылығында, мемлекеттің толық кепілділігінде, және бұл оның жұмысындағы айтарлықтай жоғары тиімділікті, ашықтықты және сенімділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде ЖЗҚ жұмысындағы жүйенің тиімділігін төмендететін негізгі кемшіліктер, біріншіден, зейнетақы жүйесіне жаңа қатысушыларды тартудың орнына олардың өз бәсекелестерінен клиенттерді өз жақтарына қаратып алу болып келгені бәрімізге мәлім.
Екіншіден, есеп жүргізу жүйесінің қателігі, зейнетақы жасына жеткен салымшылар, немесе шетелге шығып кеткен, тіпті қайтыс болғандар да есепте болған жағдайлар кездеседі.

Үшіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялау және басқаруда коммерциялық қорлар оған ашықр және тиімді түрде іске асыра алмады. Кейбір кезде олар тіпті өздерінің салымшыларының емес, құрылтайшыларының мүдделеріне ғана қарай әрекет етті.
Бұл тұтастай алғандақорлардың табыстылығының төмендеуінен де, бірқатар жағдайда – жылдың қорытындысы бойынша шығынынан да көрінеді.
МЖЗҚ (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) негізінде Бірыңғай қорды құру бұл қордаланған мәселелерді шешеді. Ең алдымен салымшылардың бірыңғай есебін жүргізу қамтамасыз етіледіі.

Жаңа үлгіге сәйкес зейнетақы активтерін басқару және инвестициялауды, елдің тәуелсіздік жылдарында өз жұмысының жоғары тиімділігін дәлелдеген қаржы институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі іске асырады. Бұл ретте инвестициялық стратегия және Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін үлестіру үшін (яғни қайда салу керек) рұқсат етілген құралдарды таңдау ҚР Президенті жанындағы кеңес беруші органмен бекітіледі. Оған Үкімет, ҚР Ұлттық банк өкілдері, қаржы нарығының қатысушылары және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Инвестициялауды – табыс көру мақсатында зейнетақы аударымдарын жүргізу – нарықтық бәсекелестік қағидаларын сақтай отырып, инвестициялық портфельді басқаратын мекемелер жүргізеді. Оларды Ұлттық банк конкурс негізінде таңдап алады.

Тағы да көңіл аударамыз – оларға инвестициялық стратегияны Кеңес бекітеді. Ал табыстың шекті деңгейі ҚР Ұлттық банкісінің конкурстық іріктеу кезінде белгіленеді және қолданылады.
Сонымен қатар, Бірыңғай қордың үлкен масштабты әсері жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әкімшілік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Белгіленген кестеге сәйкес, Заң күшіне енгеннен кейін, ЖЗҚ-ры зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Бірыңғай қорға тапсырады. Осы уақыттан бастап ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерін іске асыруды тоқтатады. Бірақ заңды күші бар қорлар өз активтерін сақтап қалады және инвестициялық портфельді басқарушы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде жұмыс істей алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық келісімшарттар бойынша құқық иеленуші болады. Бұл ретте салымшылардың меншіктік құқығы толық көлемінде сақталады. ЖЗҚ толық көлемдегі жинақ түсетін салымшылардың шоты да бұрынғыдай қалады. Зейнетақы активтерін және міндеттемелерді Бірыңғай қорға тапсырумен байланысты барлық шығындар, коммерциялық қорлардың қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Жаңа үлгі бойынша мемлекет зейнетақы аударымдарының сақталуына ғана кепілдік беріп қоймай, сонымен қатар олардың табыстылығына да кепілдік береді.
Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңартудың негізгі мақсаты – инвестициялық стратегияларды жетілдіру және зейнетақы активтерінің табыстылығын жоғарылату. Инвестициялау саясатын ҚР Ұлттық банкі реттейтіндіктен, мемлекет толығымен зейнетақы жүйесін бақылап отырады және азаматтардың жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Бірыңғай қорды құрудың негізгі мақсаты зейнетақы жинақтаушы жүйесінің барынша ашықтығы. Инвестициялық стратегияны құрастыруда мемлекет сияқты – Үкімет, Ұлттық банк өкілдері, қаржы нарығының қатысушылары және тәуелсіз сарапшылар қатысады. Бұл ретте барлық салымшыларға ақпараттар тұрақты қолжетімді болады.

Салымшыларды жинақ сомасы мен инвестициялық табыс мөлшері туралы хабардар ету сол қалпында қалады.

Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдерінің мөлшері бірнеше бөлшектерден құралады:
1) Базалық зейнетақы төлемі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% немесе 2013 жылға - 9 330 теңге)
2) 1998 жылдың 1 –ші қаңтарына 6- айдан кем емес жұмыс өтілі болғанда толықтай ЗТМО-дан зейнетақы төленеді. Бұл көрсеткіш орташа айлық табыс және еңбек өтілі негізінде есептеледі. Бұл сұрақ бойынша толығырақ кеңес алу үшін тұрғылықты жері бойынша ЗТМО бөлімшелеріне немесе Департаментке хабарласа аласыз.
3) Зейнетақы жинағы болғанда ЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемі.
4) Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан,егер ондай жинақ болған реттетөленетін зейнетақы төлемі.Әрбір нақты зейнетақы мөлшері әр азаматтың зейнетақы жүйесінің құрамдас бөліктеріне қатысуына байланысты болып келеді.

Бірінші бөлікке, зейнеткерлікке 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін шыққандар, сонымен қатар, 1998 жылдың 1 қаңтарына 6 айдан кем емес жұмыс өтілі бар (ынтымақты зейнетақы жүйесі) азаматтар жатады. Олар қазіргі уақытта зейнетақыны ортақ зейнетақы жүйесінен және ең төмен күнкөріс деңгейінің 50% мөлшеріндегі базалық зейнетақы төлемін алады.
Екінші бөлікке, 1998 жылдан кейінгі зейнетке шыққандар жатады. Олардың зейнетақы төлемдері ынтымақты, жинақтаушы және базалық зейнетақы төлемдерінен құралады.
Үшінші бөлікке – тек қана жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары жатады. Олардың қатарына 1998 жылдың 1-ші қаңтарына еңбек өтілдері жоқ немесе 6 айдан төмен тұлғалар жатады. Олардың зейнетақы төлемі тек қана жинақтаушы қордан жүзеге асады, ал егер қоры жеткіліксіз болса- төменгі кепілді зейнетақы төлемінен тұратын болады.
Соңғы топқа, жинақтаушы жүйенің қатысушылары болып табылмайтын азаматтарға базалық зейнетақы төлемін алу құқығы беріледі.

Әрбір қазақстандық өз қарттық шағын қамтамасыз ету үшін барлық еңбекақысының 10% есебінен міндетті зейнетақы жарнасы төлеу арқылы өз қорын қалыптастырады. Сонымен қатар, азаматтың тікелей өзі арқылы не оның пайдасына үшінші тұлғалардың төлеуі арқылы ерікті зейнетақы төлемдеріқарастырылған.
Осы негізде қалыптастырылған зейнетақы жарналары азаматарт зейнеткерлік жасқа толғанда жеткілікті төлемдерді қамтамасыз етеді.
Әр түрлі себептермен, соның ішінде өз немқұрайлығынан зейнетақы жарналарын аудармаған азаматтар үшін, мемлекет ең төмен күнкөріс деңгейінің 50% мөлшеріндегі базалық зейнетақы төлемін алу құқығын қамтамасыз етеді.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзарту, ҚР Үкіметіндегі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, әртүрлі салалар мамандары кірген Жұмыс тобының ұсыныстарының бірі.

Бұл ұсыныс әйелдердің зейнеткерлікке шыққаннан кейін лайықты өмір сүру үшін жаңа жағдайларда жеткілікті ақша қорын қалыптастыруға негізделген. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, зейнеткерлік жастың өсуі зейнеткерлік жүйесінің тиімділігін көтерудің бір жолы болуы мүмкін.
Бүгінде, ЖЗҚ шеңберінде әйелдердің үлесі 45%. Әйелдердің зейнетақы қорының орташа мөлшері ерлермен салыстырғанда 25% төмен.
Әйелдердің жинақтау қорындағы сомасының аз болуы төмендегі себептерге байланысты:
-жүктілік және босануға байланысты демалыста болу, зейнеткерлік жастың төмен болуы жинақтаушы жүйеге қатысу уақытын азайтады.

  • әйелдер еңбекақысының деңгейі ерлердікіне қарағанда азырақ деңгейде болуына байланысты және де зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі әйелдердің орташа жас ұзақтығы ер адамдардан жоғары- 20,8 жыл, ал ер адамдарда- 12,9 жыл.

Әйелдердің зейнетақы жасын көтеру әйелдере зейнетақы жинағы мөлшерінің біршама өсуіне қосымша мүмкіндіктер береді. Осы шешім қабылданған жағдайда , әйелдердің зейнетақы жасын 63 жасқа көтеру 10 жыл ішінде жарты жыл сайын кезең-кезеңмен өсіп отыруы көзделеді:
2014 ж. зейнетақы жасы 58 жас 6 айға жетуі мүмкін
2015 ж. -59 жас.
2016 ж.-59 жас 6 ай.
2017 ж. -60 жас, т.с.с.
Осыған орай, мемлекет зейнетақы төлемдерін көтеру үшін, жұмыспен қамту және зейнеткерлік жасына тақаған әйелдердің жұмыс орындарын сақтау бойынша кешенді шаралар қабылдайтынын атап өту қажет (кәсіби даярлық, қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындары, шағын несие беру, жұмыс берушілермен келісім- шарттар жасасу).
Қолданыстағы заңнама 58 жаста зейнеткерлікке шығуды көздейді. Бірақ, бұл жастан келесі жағдайларда ертерек шығу мүмкіндігі бар екенін атап өтеміз:

  • 53 жаста – 5 және одан да көп балалар тәрбиелеген, еңбек өтілі 20 жылдан кем емес әйелдерге ;
  • 45 жаста – 29.08.1949- 05.07.1963 аралығында төтенше және ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында 10 жылдан кем тұрмаған , еңбек өтілі 20 жылдан кем емес әйелдерге;
  • 50 жаста –ЖЗҚ –да жеткілікті зейнетақы жинақтары болғанда.

Маңызды жайт- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы салымдарын 5 % -ға арттыру ұйғарылған. Бұл төлемдерді жұмыс беруші салық төлемдері есебінен төлейтінін ерекше атап көрсетеміз. Сонымен, бұл санаттағы зейнеткерлердің жағдайларын жақсарту кәсіпкерлерге қосымша қаржылай салмақ салмайды және еңбекақы төлеу қорының өсуіне әкелмейді.

Бесқарағай аудандық ЗТМО бастығы: Ж.Ж. Жиембаева.

Хабарландыру

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 01 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірлері енгізіледі. Төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) орнына Бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, ал тізім бөлігінде – жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіледі.

Осыған байланысты, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бизнес сәйкестендіру нөмірін хабарлаймыз:
ЗТМО БСН – 970 740 001 013.

2013 жылғы 01 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары мен өсімақыларды, зейнетақы жинақтарын, әлеуметтік аударымдар мен өсімақыларды аудару ЗТМО-ға аударғанда төлем құжаттарында осы ЗТМО БСН көрсету қажет. Сондай-ақ, осы БСН екінші денгейдегі банктерге зейнетақыларды, жәрдемақыларды мен әлеуметтік төлемдерді аударғанда ЗТМО-ның төлем құжаттарында көрсетіледі.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық Қазыналық мемлекеттік кәсіпорын Шығыс- Қазақстан облысы филиалының Бесқарағай аудандық бөлімшесі

ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Бесқарағай аудандық бөлімшесі өз жұмысын «Еңбек
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және оның аудандық (қалалық) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесі туралы» Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Бесқарағай аудандық бөлімшесінің бастығы лауазымын Жұмагүл Жиембайқызы Жиембаева атқарады.

Жұмагүл Жиембайқызы Жиембаева 1965 жылдың 10 қазанында дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік иститутының «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Институтты тәмәмдағаннан кейін Бесқарағай ауданындағы «Долон сауда кәсіпорны» аға бухгалтерінің орынбасары, 1991 жылдың наурызынан «Долон совхозрабкоопының» төрағасы болып қызмет атқарған. 1994 жылдың желтоқсанынан «Бесқарағай аудандық тұтыну қоғамының» орынбасары болып қызмет жасаған. 1997 жылдың қазан айынан бастап ЗТМО Бесқарағай аудандық бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалған.

Бөлімше бастығына бөлімшедегі жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету дербес жауапкершілігі жүктеледі.
Бөлімшедегі штат саны- 7 маман.
Бөлімшенің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді. Алыстан келген келушілер хабарласқан күні қабылданады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Бөлімнің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс- Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы,Бесқарагай ауылы Сейфуллин көшесі 130 үй, тел. . 8 (72236) 79-993.
ЗТМО РМҚК бөлімшелерінің қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңдарын және қызметіндегі заңнама нормаларының сақталуын бұзу туралы фактілерін хабарлау үшін сағат 9.00-ден 18.00 дейін Бесқарағай бөлімшесінде 8 (72236) 79-993., ЗТМО ШҚ облыстық филиалында 8 (8732) 560-403 «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Сондай-ақ Байланысу-Орталығына ақысыз бірлестірілген қысқа 1411 нөміріне хабарласып әлеуметтік-еңбек саласы бойынша анықтама-ақпараттық қызметін және еңбек қатынастары, халықтың жұмыспен қамтылуы, зейнетақымен қамтамасыздандыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде кеңес алуға болады.

ЗТМО бөлімшесінің басты міндеттері:
1. Орталықтан зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» АҚ-нан әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақы алушылардың істері мен зейнеткерлік іс макеттерін құрастыру үшін құжаттарды қабылдап, қолданыстағы ережелер мен нұсқауларға сәйкес оларды Филиалға беру.
2. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың істерін есепке алу, сақтау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету және түгендеу жұмыстарын жүргізу.
3. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекетер қорын жүргізу және оған өзгерістер енгізу.
4. Республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» АҚ-нан зейнетақы мен жәрдемақы алушылар ведомосының тізімін құрастыру, әрі қарай екінші деңгейлі банктерге беру үшін.
5. Екінші деңгейдегі банктер шарттарына сәйкес, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін жүзеге асыруды қадағалау.
6. Нақты жүргізілген зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне және әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізу, Филиалға төленген зейнетақы және жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер туралы, ай сайынғы жаңару есебімен зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны туралы мәліметтер ұсыну.
7. Орталықтың жарғылық мақсатына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларымен және басқа да ұйымдармен көрсетілетін басқа да қызмет түрлері бойынша ақыл-кеңес ұсыну.
8. Республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан зейнетақы мен жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер сұрақтары бойынша халықты ақпараттық-кеңеспен қамтамасыз ету.
9. Міндетті зейнеткерлік жарналарды төлеуші агенттен қате төленген міндетті зейнеткерлік жарнаны және (немесе) өсімпұлды қайтару үшін өтініш және жұмысшының міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша зейнеткерлік қамсыздандандыру туралы шартының бар екендігін растайтын өтініш қабылдауға.

Хабарлама

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ЗТМО ЖСН-ға көшуімен «Бизнес – Информ» ЖШС бағдарламасын таратпайтындығын хабарлайды.
Барлық мәселелер жөнінде ақпарат алу үшін 8(727) 2725730, 2723416, 2722726 телефондары бойынша тікелей «Бизнес – Информ» ЖШС жүгінуге болады.

Зейнетақы төлемдерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2012жылғы № 1676 «2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы» қаулысына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы алушы азаматтардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өсті.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға өсті.

Қазақстан Республикасының 23.11.2012жылғы № 54-V «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан төменгі мөлшерлерде белгіленді:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1731 теңге,
Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 19066 теңге,
Ең төменгі күн-көріс деңгейі (ЕТККД) - 18660 теңге,
Базалық зейнетақы төлемі - 9330 тенге (ЕТККД –нің 50 пайызы),
Ең төменгі еңбекақының мөлшері - 18660 теңге.
2013 жылы тағайындалатын зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғары табыстың мөлшері 67509 теңгені құрайтын болады (39 АЕК).
2013 жылы тағайындалатын зейнетақының ең жоғары мөлшері 50 632 теңгені құрайтын болады (39 АЕК-тің 75 %).
Заңның 9 бабына сәйкес:

  • Базалық зейнетақылық төлемнің мөлшері  ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді (ЕТККД –нің 50 пайызы);
  • Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;
  • №1 тізім және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді немесе орташа есеппен 7 %-ға өсті;
  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерінің 7%-ға өсуін қамтамасыз ету мақсатында жәрдемақылардың мөлшері 1763 теңге сомасындағы айлық есептіш көрсеткіш мөлшері бойынша есептелді.
  • Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін ай сайынғы жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінің өсуіне байланысты көбейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы» қаулысына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтары қарсаңына еңбек ету қабiлетiнен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем алушы болып табылатын алушылардың төлемдері 16%-ға өсті.

Қазақстан Республикасының 23.11.2012жылғы № 54-V «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан МӘСҚ-нан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ең төменгі мөлшерде әлеуметтiк төлем алушы алушылардың төлемдерінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты көбейді.

 

Парақтар өзгертілді: 15-08-2016