Мемлекеттік қызметтер

ХҚКО тұтынушыларды Е-gov порталы арқылы жұмыс істеуге шақыру

Е-gov ғалами пернесі ретінде нарық жағдайларында кәсіпкерге, кез-келген жетекшіге оң коммерциялық нәтижелерге шығу нысандарының кең қорын береді.
Е-gov порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Ең алдымен ЭЦҚ алып, тіркеуден өту керек.

Е-gov порталы арқылы қиындықтар болған жағдайда 1414 телефон арқылы сұрақтар қоюға болады, 1414 Бірыңғай байланыс-орталығының операторларымен қаңтар мен ақпан айларында 230 бен 270 мыңнан астам тиісінше, ал наурыз айының басынан бері 222 мыңға жуық қоңыраулар қабылданды.
Бұл ретте консультациялық қолдау 535 мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетіледі. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер бар.
Зейнетақы аударымдары туралы консультацияларды беру жөніндегі жұмысқа көп назар аударылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қызметтері бойынша сұрақтарға 10 оператордан тұратын арнайы ұйымдастырылған топ жауап береді.

Қазіргі уақытта олар атап айтқанда, зейнетақы шартын жасасу, жеке зейнетақы есеп шотын ашу, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алу, зейнетақы жинақтарын алу, сондай-ақ міндетті, еркін және кәсіби салымдар мәселелері бойынша консультация көрсетеді.
Ақпанда ҚР Статистика агенттігінің «Ресми статистикалық ақпаратты таратудың кестесімен ескерілмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» қызметі қосылды.

Еске салсақ Бірыңғай-байланыс-орталығы «Ақпаратты-Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. 1414 нөмірі бойынша консультация тәулік бойы жүзеге асырылады, ал қоңыраулар Қазақстан барлық өңірлері үшін мобильдік және қалалық телефондар бойынша тегін.

Инспектор Б.Курмангалиев
Ж.Жакиянова

Парақтар өзгертілді: 04-08-2014