Мемлекеттік қызметтер

Электрондық Үкімет порталы арқылы қызмет көрсету

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылғаны туралы хабарлайды

Мемлекеттік қызметтерді алушылар тіркеу куәліктерінің (ЭЦҚ кілттері) жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушылардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады.
Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді, яғни 1 жылға тең болып қала береді. Өйткені файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды, әрі жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді.
Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің жарамдылығын ұзарту азаматтардың қолайлығы үшін жүзеге асырылған шара. Егер де бұдан бұрынғы уақытта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар кілттерді «электрондық үкіметтің» порталындағы жеке кабинет арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ бөлімшелеріне жыл сайын барып мерзімді ұзартып отырған болса, ендігі уақытта ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін үш жылда бір рет аталған бөлімшелерге баратын болады.
Естеріңізге салсақ, ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда, пайдаланушының электронды поштасына (егер де ЭЦҚ кілтін алу барысында өтінімде поштасын көрсеткен болса) ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді.

@EgovKzBot Telegram-боты арқылы қызметтерді алу

2015 жылы Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.
Біз де шетте қалмай 2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы ботының бірінші нұсқасын іске қостық. Бүгінгі күні бот арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

  1. Мекенжай анықтамасы;
  2. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
  3. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  4. Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
  6. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу;
  7. Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  8. Емханаға тіркеу;
  9. Дәрігер қабылдауына жазылу;
  10. Дәрігерді үйге шақыру.
  11. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу;
  13. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама алу.

Мақаланың толық нұсқасы:
https://egov.kz/cms/ru/articles/employment_relations/telegram-bot-egovkzbot

 

ШҚО Электрондық Қызмет Орталығы

Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында облыс әкімінің аппараты Электрондық Қызмет Орталығын (ЭҚО) www.e-vko.gov.kz. құрды.

2017 жылғы 15 қарашада облыстық әкімдігінің «Электрондық қызметтер орталығы» (ЭҚО) порталының жаңа нұсқасы шығарылды
Порталдың жаңа нұсқасында дизайны жаңартылып, ШҚО ЖАО өтініш беру рәсімі жеңілдетілді, енді өтінішті ЭЦҚ пайдалану арқылы ғана емес, аты-жөнін, БСН және мекен-жайын көрсетіп беруге болады.
Электрондық қызметтер орталығының жаңа нұсқасында «Мемлекеттік қызмет алудың тәртібі» тарауы қосылды. Осы тарауда пайдаланушылар мемлекеттік қызметті қалай, қандай мерзімде, қандай түрде (электронды немесе қағаз түрінде) алатындығы, осы үшін қандай құжаттар және облыс аудандарының қандай жергілікті атқарушы органдарына жүгінуге болатындығы туралы ең толық ақпаратты алуға болады.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет бойынша ұсынылатын ақпараттың сапасын порталға тіркелмей және авторизациядан өтпей бағалауға болады.
Қызмет көрсетудің сапасын бағалау үшін келесі өлшемдер бойынша қай келген сұраққа жауап беруге болады: қызмет көрседутің мерзімі, қызметкерлердің біліктілігі мен игілігі, қызметтің талаптары, жемқорлық және т.б.
Егер пайдаланушы рыза болмаса және мемлекеттік қызмет көрсетідің сапасына шағымданғысы келсе, бұны «Виртуалды қабылдау бөлмесі» тарауы арқылы жасауға болады.
«Виртуалды қабылдау бөлмесі» тарауында жергілікті атқарушы органдарына – облыстың аудан, қала әкімдіктеріне, басқармаларына шағым жасауға болады. Өтінішті қарау кезеңдерін қадағалау үшін пайдаланушыға жеке кабинет ұсынылады. Жеке кабинетте пайдаланушы өзінің өтінішіне жауап немесе қызмет көрсетуден бас тартудың сепептерін түсіндірумен бас тарту туралы хабарландыру алады.
Мемлекеттік қызметтер туралы және қызмет көрсету сапасының бағасы туралы ақпаратты ыңғайлы түрде алу үшін, өтініштерді ыңғайлы беру үшін «ШҚО Электрондық қызметтер орталығы» мобильді қолданбасы шығарылады.
Мобильді қолданбасы IOSи Android жүйелеріне қолжетімді болады.

Бесқарағай ауданы аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімі

2017  

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-09-2018