Аудан аймақтары

Аудан тарихы

Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшікліктік бірлік ретінде 1928 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған.

Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федера-циясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудан-дарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік –шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан.

Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысы құрамына, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.
Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауданда 547-  шаруа қожалықтары тіркелген

Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан.
Тарихқа көз жүгіртсек, ХҮІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын нығайтылған жолы құрылды.

 1718 жылы  Ертісте Семей қорғаны қалыптас-тырылды. Осы уақытта қазіргі Бесқарағай ауданының аумағында Семияр, Долон фарпостары; Грачи, Известка, Черемуха бекіністері және Ертістің қапталында басқа да нығайтқыштар пайда болды.
Бесқарағай ауданы – ол Семей Ертісі. Ол бұрынғы арғын мен уақ руларына Орта жүз көшпенді қазақтарының жерлерінде орналасқан.
Ауданның бедері тегіс. Кейбір жерлерінде ғана 6-10 метрдей биіктікпен соқпақтар кездеседі.
Ауданның солтүстік – шығысы мен шығысына биіктігі 200-351 метр болатын Белағаш қыраты созылып жатыр, ол Құлынды даласымен өтіп, Алтай тауымен жалғастырылып жатыр.

 Ауданның батысында Ертіс өзені өтеді. Ертістің оң қапталы жыралармен бөлінген тізбектерден тұрады. Ертістің құмды алқапатырында белдеулі ормандар өседі. Бұндай алқаптар ауданда негізінен бес.
«Бесқарағай ауданы» өзінің атауын өте сирек кездесетін көне белдеулі бес орманға сәйкес алды.

Аудан аумағы Семей ядролық полигонның аумағымен тығыз байланысты, себебі 1949 – 1990 жылдары ядролық қаруларды жер асты және аспан арқылы тексеру жүргізілді. «Семей ядролық полигонның ядролық сынауынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Заңы бойынша ауданның төрт елді мекені төтенше, ал қалған аумақтары максималды аумаққа жатқызылды.

Бесқарағай ауданының орман қорының шеқарасында орналасқан Қарағайлы ауылындағы жақын жердегі ашық алаңда «ҚАЗАҚСТАН-2050» жазуына сәйкес 50 мың дана қарағай көшеттері отырғызылды. Бұл жазудың ерекшелігі сондай, оны ғарыштан көруге болады. Жазудың жалпы ұзындығы 1200 м, 1 әріптің биіктігі-70 см, әріптін ені -50 м, әріптердің арасы-40 м болды.

 «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы  Ербулат Айтжанов пен «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай филиалы Бөкебай  филиалының орман шаруашылығының  қор аймағында демалыс орнын ұйымдастырып, ауыл тұрғындары үшін  жалпы сомасы 1 млн. 800 мың теңгені құрайтын күркелер мен орындықтар, гүлзарлар сиректетіліп  отырғызылды.

«Бесқарағай ауданының Достық үйі» КМҚК-ны Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 177 қаулысы негізінде құрылып,    «Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ ретінде 2014 жылдың 28 қаңтарында Бесқарағай ауданы әкімдігінің № 19  қаулысына сәйкес қайта құрылды.  Аудандық Достық үйінің жұмысы ауданда тұратын барлық этностар арасында қонфессияаралық келесімді сақтау мен нығайтуға, ұлтаралалық тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін ай сайынғы қоғамдық-саяси, көпшілік-мәдени іс-шаралар жоспары әзірленгнен. 

Достық үйінде 6 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда: «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық тобы, «Башкуль» татар мәдени орталығы», славян және неміс этномәдени бірлестігі, славян мәдени орталығы «Воскресение», орыстардың мәдени орталығы «Деревенька моя». Аталған этномәдени бірлестіктермен Достық үйі үлкен жұмыстар атқаруда, ауданда 27-ден астам ұл өкілдері мекен еткендіктен олардың арасында түсініспенділік пен достықты нығайтуға септігін тигізер көпшілік, жарқын іс-шаралар өткізіледі.

Ұлттар мерекелерімен қатар «Наурыз мейрамы», «Масленица», «Сабантуй» мен қатар көне мерекелер де қайта жаңғыртылуда. Ауданда католиктер мен православтықтардың Пасха, Рождество мерекесі, немістердің  егін мерекесі «Oktoberfest», мұсылмандықтардың «Қадір түні» және т.б. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным!», «Ойна сырнай, Күмбірле Домбыра!», «Орыс романсының кеші», «Алтын Бауырсақ» және т.б. фестивальдар мен сайыстар дәстүрге айналған.
Қазақ кигіз үйі мен орыс избасы үлгісінде жасалған көне тұрмыстық заттар мен экспонаттар қойылған 2 мұражай бөлмелері Достық үйінің мақтанышы болып табылады. Келушілерді тұрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киіміндегі қуыршақтар, дөңгелек үстелдер өткізуге арналған әппақ, әсем зал, кестелеп тігілген, жарқын ою-өрнектер, қабырғадағы өрнектер мен суреттер таңқалдырып, еліктіріп алады алады.
Шошқалы көлі – облысымыздың тұрғындарына арналған табиғаты көркем емдік қасиеттерімен танымал болып қана қоймай,  бүкіл Қазақстанның сүйікті демалыс орны. Шошқалы көлі мамандардың пікірінше келешекте туризм мен дем алу орны  дамуындағы   Қазақстанда танымал болады.

Шошқалы көлі – тұз концентрациясымен ерекшеленіп, құрамы жағынан алғанда  әлемдегі танымал  Израиль еліндегі Өлі теңізбен  тең. Көл емдік балшықпен бай.

Шошқалы көлінде «Бесқарағай інжу -маржанын сақтайық» атты экологиялық  акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты жас ұрпақты табиғатты аялап, тәрбиелеу болып табылады.

Парақтар өзгертілді: 13-05-2016