Ішкі саясат

Тіл дамыту

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК
2016 жылғы ІV тоқсанынында атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК 2016 жылдың 4-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқаруда. Қазан айынан бастап мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқуға ұйымдар мен мекемелерден, ауылдық округтерден мемлекеттік және басқа да санаттағы қызметкерлер оқуға тартылып, 8 айлық курс жалғасын тапты. Жаңа 2016 – 2017 оқу жылына 109 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқуға, 24 тыңдаушы ағылшын тілін оқуға тартылды.  Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.
4 қазан күні оқыту орталығы қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясына қатысты. Акцияның мақсаты - қарттар мен еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға қамқорлық көрсету. Осыған байланысты, біздің мекемеге еңбек ардагерлері Ислямова Низикуль мен Набродова Валентина Афанасьевна бекітілді. Жыл сайын оқыту орталығының қызметкерлері қарттардың үйіне барып, ақшалай сыйлық табыс етті. Қарттар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, жақсы тілектер тілеп, рақметтерін айтты.
16 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын мерекелеуге орай «Тіл керуені» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Оған мемлекеттік тілді оқитын базалық және тереңдетілген деңгей тыңдаушылары қатысты. Сондай – ақ, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асемгуль Мадениетовна Калтаева мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнура Ровшановна Байрамова сарапшы болды. «Тіл керуені»  интеллектуалды ойыныVІ кезеңнен құралды. Ойынға қатысушылар түрлі - түсті ленталар арқылы 2 топқа бөлінді. Әр топта 6 ойыншыдан болды. Қатысушылар «25 жылдың бейнесін» экраннан бейнекөрініс арқылы тамашалап, тапсырмаларын орындады. Ал «Шрифтограмма» шешуде екі топ та белсене қатысып, сөздерді дұрыс орналастыра алды. Суреттерді ватманға жабыстырып, үш тілде жаза білген ойынның қатысушылары «Тіл білгірі» кезеңінде 1-ші топтың жауаптары басымырақ болды. Интеллектуалды ойынның сергіту сәтінде «Кун – фу - Панда» әдісін қолдана отырып, сөйлемдерге тыныс белгілері қойылды. Ал «Таңдаулы тақырыпта» шарларда жасырылған тапсырмаларды орындауда 2 – ші топ мүшелері қызықты жауаптармен таңдандырды. Соңында топтар бірлесе отырып «Алға, Қазақстан!» атты патриоттық әнге флеш – моб биледі. Ойын барысында белсене қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.
2016 жылғы 24 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер мерекесінің төртінші күні аудандағы өзге ұлт өкілдері арасында "Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз" атты зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа Ерназар, Бесқарағай, Баскөл, Канонерка, Жетіжар ауылдық округтерінің командалары белсене қатысты. Сайыс "Танысу" сергіту сәті, "Қисыны қандай", "Алтын кілт", "Менің елім", "Бірлігіміз жарасқан" атты 5 айналым бойынша өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша барша командалар белсене қатысқаны үшін грамоталар және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының бастамасымен және Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 29 қараша күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер арасында Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздік тұғырында 25 жыл» тақырыбында диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің қазақша жазу сауаттылығын жетілдіру болды. Жалпы диктант жазуға – 40 минут уақыт, өзін-өзі тексеруге 5 минут уақыт берілді. Диктантқа Бесқарағай ауданы бойынша 51 мемлекеттік қызметшілер бір адамдай қатысып, ұйымшылдықтарын көрсетті. Нәтижесі электрондық пошта арқылы ШҚО лингвистикалық оқыту орталығына жіберілді.
Сондай – ақ, өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне, «Семей таңы» қалалық газетке мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығының
директоры Ү.Мирашева

 

 

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК 2016 жылғы ІІІ тоқсанынында атқарылған
жұмыстары туралы АҚПАРАТ

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК 2016 жылдың 3-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқарды. Мемлекеттік тілді жеделтеде оқыту курсы бойынша шілде – тамыз айларында 2 айлық «Тілашар» курсы жүргізілді. Оған ауыл тұрғындарының арасынан өзге ұлт өкілдері қамтылды. Оқытумен қатар орталықтың айлық, жылдық жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Ағымдағы жылы қыркүйектің 19 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және «Тілдер шеруі» атты айлық шеңберінде «Қазақ тілінің білгірі» атты сөзмерген өткізілді. Оған мекемелер мен ұйымдардан әртүрлі сала қызметкерлері қатысты. Сондай – ақ, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асемгуль Мадениетовна, Әділет басқармасының басшысы Гүлмира Мелісқызы, Тілдерді оқыту орталығының директоры Үмітжан Қайрғалиқызы әділқазылар алқасында мүшелік етті. «Сөзмерген» V кезеңнен құралды. «Сөзмергенге» қатысушылар түрлі - түсті тәтті кәмпиттер арқылы «Қара сөз» және «Тілашар» болып 2 топқа бөлінді. Әр топта 6 ойыншыдан болды. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы жаңа қақпа есігі ашылып отырды. Алғашқы «Тас қақпа» кезеңінде қазақ тіліне байланысты сұрақтар қойылып, қатысушылар 1 минут ішінде аса жылдамдықпен «иә», «жоқ» деп жауап берді. «Қола қақпаны» ашу үшін жұмбақтар жасырылып, Тамаша Шерікбай, Талғатбек Есімбаев, Ғайниса Какимжановалар топта басымырық болып, қақпаны айқара аша білді. Ал «Күміс қақпаға» келгенде қатысушылардың ой жүйріктері басым болды. Қатысушылар құлаққаппен әуен тыңдап отырады. Алғашқы ойыншыға жасырылған сөзді ым-ишарамен немесе жұмбақтап айтып түсіндірді. Солай келесі ойыншымен жалғасын тауып отырды. «Алтын қақпада» тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді табу тапсырмасы берілді. Тұрақты сөз тіркестеріне жүйрік болғандар - Айтолқын Ерғалиқызы, Тлеуберді Ильдебаев, Талант Еркінов пен Қуаныш Нұршаев. Соңғы кезең «Сиқырлы сандық» кезеңінде де әр топтан 3 ойыншы қоржындағы асықтарды алып, ұтымды жауаптар айта алды. «Сөзмергеннің» қорытындысы бойынша «Қара сөз» тобы 29 ұпаймен басымырақ түсіп, жеңімпаз атанды. Сайыс соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.

Сондай-ақ, ШҚО лингвистикалық оқыту орталығынан келіп түскен нұсқаулық - хаты бойынша аудандық Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінен «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тест алынды. Оған 11 қызметкер қатысып, бақылау тестінен өтті. Әр қызметкердің тест нәтижесі анықтама түрінде шығарылып, Лингвистикалық орталыққа жолданды.

Қыркүйек айының соңында ауданның мекемелері мен ұйымдары, ауылдық округтерге жаңа оқу жылының басталуы туралы хат жолданып, 2016-2017 жаңа оқу жылына тыңдаушыларды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту курсына қамту жұмыстары жүргізілді. Оқыту қазан айынан басталып, 2017 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Өткізілген іс-шаралар туралы «Бесқарағай тынысы» аудандық газетіне, «Семей таңы» қалалық газетке мақалалар жазылып, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Тілдерді оқыту орталығының директоры Ү.К.Мирашева

Парақтар өзгертілді: 09-01-2017