Ішкі саясат

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі *.doc 123 KB
Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды *.doc 43 KB
ДАИШ-тен келер қауiп қандай? *.doc 25 KB
Балғабек МЫРЗАЕВ: «Ислам – үрейдің діні емес!» *.doc 25 KB
Мұхитдин Исаұлы: ДАИШ террористері – шейхсымақтардың жетегіндегі сауатсыз тобырлар *.doc 31 KB
ДАИШ: бетперденің арғы жағындағы кім? *.doc 40 KB
Жалғас Сандыбаев: Пайғамбар айтқан хауариждер – осылар *.doc 60 KB
ДАИШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары *.doc 40 KB
Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес *.doc 39 KB
Досай КЕНЖЕТАЙ: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында» *.doc 41 KB
Иманды айдаладан емес, айналаңнан ізде *.doc 31 KB
Құдайберді БАҒАШАРОВ: ДАИШ-тің қаупі асқынып тұр *.doc 23 KB
Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ: Тұтынушылық психология - терроризм тұзағы *.doc 23 KB
«Даиш − мүдделер қақтығысының құралы»
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат
*.doc 65 KB
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама *.doc 74 KB


Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары *.doc 580 KB
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына ақпарат  
    2017 ж. *.doc 35 KB
    2016 ж. *.doc 123 KB

 

  • ШҚО дін істері басқармасы - http://dinvko.gov.kz
  • ҚР МСМ Дін істері комитеті - http://din.gov.kz
  • Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығы - http://www.mckr.kz
  • Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы - http://niac.gov.kz

Бесқарағай ауданының аумағында Әділет органдарында тіркелген 12 мұсылман мешіттері,  Өскемен және Семей Епархиясы «Канонерка ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы «Бесқарағай ауылының Свято-Троицкий Приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі, «Інжілдік Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан  шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі орналасқан. Барлығы 16 діни бірлестік, 15 ғибадат үйлері бар.

Аудан әкімдігінің жанында маслихат сессиясының шешімімен бекітілген діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды. Кеңес төрағасы – аудан әкімі, құрамына аудан әкімінің орынбасары, мекемелер мен ұйымдар, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың, БАҚ және қоғам өкілдері енгізілген, барлығы 17 адам.

Сонымен қатар, барлық 10 ауылдық округтерде дін істері жөнінде кеңестер құрылып, тұрғындармен жұмыс жүргізуде.
Аудан әкімімен дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау тобының құрамы бекітілді. АНТ құрамына аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат, құқық қорғау, Достық үйі мен діни бірлестіктердің өкілдері енгізілген. Апта сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі.
2015 жылы ауданда 57 әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар саны 1833 адам құрады. Мектеп оқушылары және  ауыл тұрғындарымен діни экстремизм мен терроризм, деструктивтік ағымдардың алдын алу жөніндегі кездесулер өткізіліп, 999 адам қамтылды.
Ауылдарда діни экстремизм, терроризм және деструктивтік ағымдар мәселелерін талқылау жөнінде Дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Дөңгелек үстел аясында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу жөнінде бейнематериалдар көрсетіледі.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде «Дін-имандылық негізі» айдарында дәстүрлі емес, деструктивтік ағымдарға жол бермеу жөнінде және Ислам мен православие туралы ой-пікірлер, діни бірлестіктер басшылары мен қоғам өкілдерінің мақалалары жарияланады. Ағымдағы жылдың басынан 32 мақала жарияланды.
Ауданның аумағында тоталитарлық секталар жоқ, діни сипаттағы басылымдар шығарылмайды, тек қалаушылар арасында мерзімді «Ислам нұры» газеті таратылады. 
Ауданның 22 мектебіндегі 9-шы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат Дінтану сабағы беріледі. Сабақты Өскемен және Семей қалаларында орналасқан орталықтарда біліктілігін арттырған тарих пәнінің мұғалімдері береді. Дінтану сабағы әнгімелесу, пікірталас, сауалнама түрінде өткізіледі. Оқушыларды әлемдегі дәстүрлі діндер тарихымен таныстыру үшін сабақтарға діни бірлестіктердің басшылары шақырылады.

Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсетін «Қауырт желі 114» жөнінде ақпарат жарияланды.
Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында осы «Қауырт желі 114» жөніндегі ақпарат электроқуатты пайдаланудың 5000 астам квитанциялардың кері беттеріне басылып, ауылдарға таратылды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен бірлесіп, теріс ағымдардың алдын алу мақсатында, олардың заңсыздығын түсіндіретін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазпочта» АҚ арқылы 1000 дана жадынамалар таратылды.

Ауданда теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны мен электрондық мекен-жайы көрсетілген 2 баннер орнатылған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік  әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы м.а. А.Калтаева

Парақтар өзгертілді: 18-05-2017