Ішкі саясат

Бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ жұмыс қорытындысы

2017 жыл

Ауданда бір басылым – аудандық қоғамдық-саяси "Бесқарағай тынысы" газеті тіркелген. Аудандық "Бесқарағай тынысы" газетінің тақырыптық бағыты – ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін жария ету, хабарландырулар, құттықтаулар жариялау, баспа тілі – қазақ, орыс тілдерінде, шығу мерзімділігі аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері).
Аудандық газетте тұрақты айдарлар жұмыс істейді. "Бесқарағай тынысы" газетінің жұмысы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты жариялауға бағытталған. Ірі қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шараларды жарықтандыру үшін республикалық, облыстық "Қазақстан", "Хабар", "24kz", "Қазақстан-Өскемен" телеарналары мен қалалық "ТВК-6" телеарнасының тілшілері шақырылады. "Дидар", "Семей таңы" және "Вести Семей", "Устинка" газеттерімен тығыз байланыс орнатылып, олар үнемі біздің ауданда өткізілетін іс-шараларды жарықтандырып отырады.
Барлық маңызды іс-шаралар аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде және аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылады. 2017 жылдың 2 тоқсанында "Қазақстан", "24kz", "Хабар" республикалық телеарналарында эфирге – 15 сюжет, "ТВК-6" телеарнасында - 7 сюжет, "Қазақстан-Өскемен" телеарнасында - 16 сюжет шықты.
Ауданның мекемелері және ұйымдарымен, ауылдық округтермен 2017 жылдың 2-жартыжылдығына арналған мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары аяқталды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Калтаева

 

2016 жылдың 4 тоқсанына БАҚ жұмыс қорытындысы

"Бесқарағай тынысы" Газеті қоғамдық-саяси басылым және уақытында обьективті ақпараттарды жариялау арқылы  қоғамның  оң пікірін қалыптастыруға әсер етеді.
2017 жылдың басында  оқырмандар аудиториясын әлдеқайда арттыратын және қызықты ақпаратты лезде алуға мүмкіндік беретін аудандық газеттің электрондық нұсқасын baq.kz порталында орналастыру жоспарлануда.  
2017 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімдік баспа басылымына  жазылу жоспары толық жүзеге асырылды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Идрисова

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы 3 тоқсан жұмыс қорытындысы

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Бесқарағай тынысы» аудандық газетімен және «Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттерімен тығыз жұмыс атқаруда. Барлық жарыққа шыққан  материалдарға апта сайын талдау жүргізіледі.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің тақырыптық бағыты- қоғамдық – саяси жарықтандыру, ауданның әлеуметтік – экономикалық  өмірі, хабарландыру, құттықтау, қазақша - орысша тілдерде шығады, шығу мерзімі аптасына 2 рет (сәрсенбі, сенбі).
Барлық  айрықша іс – шаралар ТВК- 6, Қазақстан – Өскемен және Қазақстан- 1 телеарналарында жарықтандырылады.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді баспаға жазылу науқаны басталды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімібасшысының міндетін атқарушы А.Калтаева

 

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы 2 жартыжылдық жұмыс қорытындысы

Қазіргі таңда ауданда тіркелген бір баспа басылым – «Бесқарағай тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті. Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 1998 жылғы 3 желтоқсандағы №459 куәлігімен берілді. Газеттің құрылтайшысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) күндері шығады.Газеттің  таралымы 2180 дананы құрайды.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің штаттық құрамында 1 редактор, 2 тілші, 1 көркемдеуші, 1 түзетуші бар. Газеттің редакторы - Қожахметов Асылбек Қожахметұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті қоғамдық-саяси басылым болып табылады және уақытында объективті ақпараттар беру арқылы оңды қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Идрисова

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылғы 4 тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындысы 

Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті қоғамдық-саяси басылым болып табылады және уақытында объективті ақпараттар беру арқылы оңды қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. 2015 жылдың 12  айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы бойынша 145 материал, электронды БАҚ - да 120 - дан астам материалдар жарық көрді. Елбасы Жолдауының логотипі Бесқарағай ауданының электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланылады. «Дидар», «Рудный Алтай», «Семей таңы» және «Вести Семея» газет тілшілерімен тығыз қатынаста жұмыс жасап, ауданымызда өтіп жатқан іс-шаралар жиі жарияланып тұрады.
2015 жылдың 8 қараша күні аудандық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Әлібек Қаңтарбайұлы және «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ертай Алғалиұлы мен ауданның этномәдени бірлестіктерімен, ақындарымен, журналистерімен, музыканттарымен кездесу өткізілді. 18 қарашада аудан әкімі Н.Т.Токсеитов «Бесқарағай тынысы» газетінің редакторы А.Қожахметовты және тілшісі Л.Шахворостованы  қабылдап,  іскерлік кездесу өткізді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а Н.Идрисова

 

 

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылдың 9 айы ішіндегі жұмыс қорытындысы

Қазіргі таңда ауданда тіркелген бір баспа басылым – «Бесқарағай тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті. Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 1998 жылғы 3 желтоқсандағы №459 куәлігімен берілді. Газеттің құрылтайшысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) күндері шығады.Газеттіңтаралымы2120 дананы құрайды.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетініңштаттық құрамында 1 редактор, 2 тілші, 1 көркемдеуші, 1 түзетуші бар. Газеттің редакторы - Қожахметов Асылбек Қожахметұлы Қазақстан Журналистеродағыныңмүшесі.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті қоғамдық-саяси басылым болып табылады және уақытында объективті ақпараттар беру арқылы оңды қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Газетте «Дін –имандылық негізі» атты айдар ашылған, 2014 жылы74 мақала жарияланып, Шығыс Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырғанбайқауда «2014 жылдың үздік газеті» номинациясына ие болып, ШҚО әкімінің жүлдесімен марапатталды.
2015 жылдың 9 айы ішіндегі мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында 74 мақала жарияланды, нәтижесінде«БАҚ жәнемемлекеттік тіл» аттыоблыстық байқауда 2 жыл қатарынан«Үздік басылым» атты номинацияға ие болып, аудандық газет жүлделі орынға ие болуда.
«Бесқарағай тынысы» газетінің жұмысы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты жариялауға бағытталған. 2015 жылдың 3 тоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы бойынша 115 материал, электронды БАҚ - да 90 - тан астам материалдар жарық көрді. Елбасы ЖолдауыныңлоготипіБесқарағай ауданының электронды және баспабұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланылады. Мәдени бұқаралықіс - шараларды жарықтандыру бойынша 1-ші және9-шымамыр мерекелерінде «Қазақстан – Өскемен» телеарналары шақырылды. Ағымдағы жылдыңшілде айында «Қазақстан - Өскемен» және «Хабар» телеарналарыменаудандағы әлеуметтік нысандар, кейбір шаруа қожалықтары телеарнаға түсірілді.

Осы мақсатта «Дидар» облыстық газетінің тілшісі шақырылды.
2012 жылғы 18 тамызда Өскемен қаласында Бесқарағай ауданы әкімінің пресс-конференциясы өтіп, ауданда Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша жұмысы жарықтандырылды. Пресс-конференцияда 15 газет тілшілері: «Егемен Қазақстан», «Дидар», «Рудный Алтай», «Устинка» және тағы басқалары қатысты. Бүгінгі күнге 10 материалдан артық осы газеттерге басылып, 10 материалдан артық әртүрлі республикалық және облыстық сайттарға шықты.
«Рудный Алтай», «Семей таңы» және «Вести Семея» газет тілшілерімен тығыз қатынаста жұмыс жасап, ауданымызда өтіп жатқан іс-шараларды жиі жарықтандырылып тұрады.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылғы 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысы

Қазіргі таңда ауданда тіркелген бір баспа басылым – «Бесқарағай тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті. Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 1998 жылғы 3 желтоқсандағы №459 куәлігімен берілді. Газеттің құрылтайшысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) күндері шығады.Газеттің  таралымы 2120 дананы құрайды.
«Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің штаттық құрамында 1 редактор, 2 тілші, 1 көркемдеуші, 1 түзетуші бар. Газеттің редакторы - Қожахметов Асылбек Қожахметұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газеті қоғамдық-саяси басылым болып табылады және уақытында объективті ақпараттар беру арқылы оңды қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Газетте «Дін –имандылық негізі» атты айдар ашылған, 2014 жылы 74 мақала жарияланып, Шығыс Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған байқауда «2014 жылдың үздік газеті» номинациясына ие болып, ШҚО әкімінің жүлдесімен марапатталды.
2015 жылғы 1 жартыжылдықта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында 64 мақала жарияланды, нәтижесінде «БАҚ және мемлекеттік тіл» атты облыстық байқауда 2 жыл қатарынан «Үздік басылым» атты номинацияға ие болып, аудандық газет жүлделі орынға ие болуда.
«Бесқарағай тынысы» газетінің жұмысы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты жариялауға бағытталаған. 2015 жылдың 1 жартыжылдығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы бойынша 70 материал, электронды БАҚ - да 60 - тан астам материалдар жарық көрді. Елбасы Жолдауының логотипі Бесқарағай ауданының электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланылады. Мәдени бұқаралық іс - шараларды жарықтандыру бойынша 1-ші және 9-шы мамыр мерекелерінде «Қазақстан – Өскемен» телеарналары шақырылды. Ағымдағы жылдың шілде айында «Қазақстан - Өскемен» және «Хабар» телеарналарымен аудандағы әлеуметтік нысандар, кейбір шаруа қожалықтары телеарнаға түсірілді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылғы 1 жарты жылдық жұмыс қорытындысы

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылғы 1 жарты жылдық жұмыс қорытындысыҚоғамдық бірлестіктермен байланыс.  Аудан аумағында келесі партиялар өз қызметін атқарады: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (төрағаның І орынбасары Н.Т. Идрисова), «Ақ жол» партиясының өкілеттілігі (үйлестіруші В.С. Радионов), Коммунистік партия, (үйлестіруші В.Н. Сысоев), «Ауыл» партиясы (үйлестірушісі Т.К. Капанов). Партия өкілдері ауданда өткізілетін дөңгелек үстелдерде, кездесулерде белсенді түрде  қатысады.

Ауданда 6 қоғамдық бірлестік, 1 ұлттық-мәдени орталық, 3 «ОШББ ДЖ» орман шаруашылығын бірлесіп басқаруын дамытуға жәрдемдесу», ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесі белсенді жұмыс атқарып, тәрбиелік қызметке, жастар арасында ұлттық бірлік идеяларын насихаттауға, салауатты өмір салтын дамытуға, гендерлік теңдікке, жастардың әлеуметтік белсенділігіне қолдау көрсетуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сәуір айында бөліммен 400 мың теңгеге конкурс өткізілді. Жеңімпаз ретінде «Бесқарағай әйелдері» қоғамдық бірлестігі аталып, «Аудан жастары арасында салауатты өмір салтын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Бесқарағай аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына арналған кезекті жылдығын, тұрғындардың қатысуымен дәстүрге айналған жыл сайынғы іс-шарасын өткізді.

«Бірлік» ауылдық ҮЕҰ ресурстық орталығы» қоғамдық қоры ұтып алған грант қаражатына Шошқалы көлінің жағасында балалардың сауығатын жазғы демалысын ұйымдастыруда.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен дөңгелек үстелдер және қоғамдық тыңдаулар түрінде диалогтік алаңдар құрылып, тұрақты жұмыс істеп, азаматтық қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Диалогтік алаңдардың тұрақты қатысушылары жергілікті атқарушы органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, жастардың өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ.

Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері түрлі комиссиялардың, қоғамдық кеңестердің құрамдарына еңгізілген.

 

Парақтар өзгертілді: 10-04-2018