Ішкі саясат

Бұқаралық ақпарат құралдары

Ауданда бір басылым – аудандық қоғамдық-саяси "Бесқарағай тынысы" газеті тіркелген. Аудандық "Бесқарағай тынысы" газетінің тақырыптық бағыты – ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін жария ету, хабарландырулар, құттықтаулар жариялау, баспа тілі – қазақ, орыс тілдерінде, шығу мерзімділігі аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері).
Аудандық газетте тұрақты айдарлар жұмыс істейді. "Бесқарағай тынысы" газетінің жұмысы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты жариялауға бағытталған. Ірі қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шараларды жарықтандыру үшін республикалық, облыстық "Қазақстан", "Хабар", "24kz", "Қазақстан-Өскемен" телеарналары мен қалалық "ТВК-6" телеарнасының тілшілері шақырылады. "Дидар", "Семей таңы" және "Вести Семей", "Устинка" газеттерімен тығыз байланыс орнатылып, олар үнемі біздің ауданда өткізілетін іс-шараларды жарықтандырып отырады.
Барлық маңызды іс-шаралар аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде және аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылады. 2017 жылдың 2 тоқсанында "Қазақстан", "24kz", "Хабар" республикалық телеарналарында эфирге – 15 сюжет, "ТВК-6" телеарнасында - 7 сюжет, "Қазақстан-Өскемен" телеарнасында - 16 сюжет шықты.
Ауданның мекемелері және ұйымдарымен, ауылдық округтермен 2017 жылдың 2-жартыжылдығына арналған мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары аяқталды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Калтаева

 

БАҚ жұмыс қорытындысы  

 

Парақтар өзгертілді: 15-08-2017