Ішкі саясат

АНТ

2018 жылдың 1 тоқсанындағы аудандық АНТ жұмысының қорытындысы

Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын аудан халқына насихаттау шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпарттық-насихат топтарының тұрғындармен кездесулері әзірленген кестеге сәйкес, ай сайын өткізіледі.
Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, кейбір ұсыныстар бақылауға алынды.
Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында барлық 10 ауылдық округтерде жаңа нұсқаға сай 22 баннер орнатылған. Ауданның 21 орта мектебінде, барлық мемлекеттік мекемелерде, кітапханаларында және клубтарда арнайы тақырыптық стендтер ресімделді. Ақпараттық топ құрамында– 29 адам: аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаты, әкім орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, еңбек ардагерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары бар.
2018 жылдың 1 тоқсаны ішінде бекітілген кесетеге сәйкес, тұрғылықты мекендерде 1280 астам адамды қамтыған 32 кездесу өткізілді, оның ішінде аудан орталығында – 13 кездесу, ауылдық округтерде – 19 кездесу.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Қалтаева

 

Mұрағат

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы  
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы  
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылғы жұмыс қорытындысы  
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылғы жұмыс қорытындысы  
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы  

Парақтар өзгертілді: 10-04-2018