Ішкі саясат

Дін

Діни ахуал және діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі 2017 жылдың 7 айында арналған ақпарат

Конфессияаралық келісімді сақтау мәселесі баршамызды үлкен күш салу мен қарқынды еңбектенуді қажет етеді. Бүгінгі күні мемлекеттің мақсатты саясатының арқасында қазақстандық қоғам діни саласында тұрақтылық және төзімділікпен қамтамасыз етілген. Осының нәтижесінде тұрғындардың діни сана-сезімдері жандана бастады.
Дін ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін адамзат тарихының қозғалысын белгілейтін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты тұрғындардың базалық сауаттылығын жоғарылату мәселесі маңызды болады. Сөз дінді насихаттау мен дінге сенгендердің санын көбейту туралы емес, діннің адамзаттың рухани және мәдени өмірінің ең маңызды бөлігі ретінде бастауыш білім беру туралы айтылады.
Бүгінгі күндердің талабына сай болу үшін ауданның барлық мекемелері мен ұйым басшылары, қоғам белсенділері дін саласындағы мәселелрді халыққа түсіндіретін идеолог болу қажет. Ал осы жұмысқа басшылық ететін орган – ол діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес. Бесқарағай ауданында алғашқы Кеңес 2003 жылы құрылған, дербес құрамына соңғы өзгерістер аудандық мәслихаттың 2017 жылғы №20/16 шешімінемен енгізілген.
Облыстық дін істері басқармасының ұсынысы бойынша Кеңестің келесі құрамы бекітілді: Кеңес төрағасы – аудан әкімі, мүшелері – аудан әкімінің орынбасары, мекемелер мен ұйымдар, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің , этномәдени орталықтардың, БАҚ және қоғам өкілдері, барлығы 17 адам.
Сонымен қатар, барлық 10 ауылдық округтерге дін істері жөнінде Кеңестер жіне Ақылдастар алқалары құрылып, тұрғындармен дұмыс жүргізуде.
Жылдың басында, аудандық Кеңестің бірінші отырысында дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау тобының құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. АНТ құрамына аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат, құқық қорғау, Достық үйі мен діни бірлестіктердің өкілдері енгізілген. Апта сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі.
Кеңестің басты мақсаты – тұрғындардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқығын қамтамасыз ету, рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлесімдендіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Осыған байланысты ағымдағы жылы аудандық Кеңестің 5 отырыстары өткізілді. Отырыстарда қаралған сұрақтар:

  • Аудандық ақпараттық-насихаттау тобының тұрғындар және жоғары сынып оқушылар арасында діни экстремизм, терроризм және деструктивтік ағымдардың алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» аңының орындалуын анықтауға бағытталған мониторинг жүргізу туралы;
  • «Дінтану» пәні мұғалімдерінің іс-әрекеттерін тұрақты бақылауда ұстау, таңдаулы сабақтарына бару, олардың бірліктігін арттыруға қажетті жағдайлар жасау туралы;
  • діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттардың заңсыз таратуын болдырмау және заңсыз миссионерлік қызметке жол бермеу туралы;
  • аудандық «Бесқарағай тынысы» газетіндегі «Дін – имандылық негізі» айдарында материал жариялаударын жалғастыру туралы;
  • діни бірлестіктердің жағдайын жақсарту жөнінде және т.б. мәселелер.

Бесқарағай ауданының аумағында 16 діни бірлестіктер тіркелген, олар: 12 мұсылман мешіттері, 2 православиелік бірлестіктер (Өскемен және Семей Епархиясы «Канонер ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі бар. Ауданда діни ғимараттар бар, арнайы діни оқу орындары жоқ.
Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің басшылығымен 2017 жылы аудан аумағында 103 әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар саны 8500 адам құрады. Ол дін мәселелері жөніндегі Дөңгелек үстелдер, округ әкімдері мен имамдардың біріккен отырыстары, семинарлар, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен діни экстремизм мен терроризм, деструктивтік ағымдардың алдын алу жөніндегі кездесулер, діни мерекелер (Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт мерекесі, Пасха, Рождество) және т.б. іс-шаралар. Бұл іс-шараларға мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер және аудан тұрғындары белсенді қатысады.
Өткізілген Дөңгелек үстелдер аясында облыстық дін істері басқармасы берген «Діни экстремизм-опат болудың жолы» атты бейнефильмер көрсетіліп, қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылды (кітаптар, буклеттер, парақшалар).
Аудандық прокуратура қызметтерімен бірлесіп 16 кітапханаларының кітап қоры тексерілді. Тексерілген дін туралы кітаптардың саны 222. Пайдалануға тиым салынған әдебиеттер анықталған жоқ.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде «Дін – имандылық негізі» айдарында дәстүрлі емес, деструктивтік ағымдарға жол бермеу жөнінде және Ислам мен православие туралы ой-пікірлер, діни бірлестіктер басшылары мен қоғам өкілдерінің мақалалары жарияланды. Ағымдағы жылдың басынан 74 мақала жарияланып, аудандық газет облыс әкімінің «Ең үздік басылымы» номинациясында бас жүлде мен Құрмет грамотасына ие болды.
Ауданның 21 мектебіндегі 9-шы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат Дінтану сабағы беріледі. Сабақты Өскемен және Семей қалаларында орналасқан орталықтарда біліктілігін арттырған тарих пәнінің мұғалімдері береді. Дінтану сабағы әңгімелесу, пікірталас, сауалнама түрінде өткізіледі. Оқушыларды әлемдегі дәстүрлі діндер тарихымен таныстыру үшін сабақтарға діни бірлестіктердің басшылары шақырылады.
Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес пен мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және БАҚ-тар аралығына тиімді қарым-қатынастар құрылған. Осының нәтижесінде бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізілді.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде теріс діни ағымдардан зардап шеккенлерге көмек көрсететін «Қауырт желі 114» жөнінде ақпарат жарияланды.
Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында осы «Қауырт желі» жөніндегі ақпарат электроқуатты пайдаланудың 5000 астам квитанциялардың кері беттеріне басылып, ауылдарға таратылды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен бірлесіп, теріс ағымдардың алдын алу мақсатында, олардың заңсыздығын түсіндіретін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазпочта» АҚ арқылы 1000 дана жадынамалар таратылды.
25 ақпан күні аудандық ақпараттық-насихаттау тобының 28 мүшелері Семей қаласында өткен семинарға қатысып, біліктілігін арттырды.
4 шілдеде прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп Стеклянка ауылында орналасқан «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуі» діни бірлестігінің басшыларымен кездесу өткізілді.
Оқу жылы барысында «Сақ бол, жас түлек!» - «Будь осторожен, выпускник!» атты теріс ағымдардың алдын алу жөнінде акция өткізілді.
9-11 қыркүйекте аудан аумағында дін басқармасының басшысы М. Ә. Мұхамеджанов басқарған облыстық ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс жасап, күн бойы ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
2017 жылдан бастап дін саласына басшылық ететін ішкі саясат бөлімі «Facebook.com» әлеуметтік торының «Дін және қоғам» және «Религиоведы Казахстана» беттерінде тірлкелді.
Кеңестің бастауы және атқарушы органдардың қолдауымен округ әкімдері және ауыл имамдарының бірлескен отырыстары өткізілген болды. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «тірек ауылы» Қарабаста өткізілді. Осы іс-шаралардың барысында мұқтаж болғандарға арналған қайырымдылық акциялары өткізіліп, материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, ауыл имамдарының жыл бойы атқарған жұмыстары жөніндегі есептері қаралады.
Ауданда теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны мен электрондық мекен-жайы көрсетілген 4 баннер орнатылған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ, құзыретті органдарының жұмысы заңнаманың негізінде атқарылып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты жасаған зерттеуде Бесқарағай ауданы дін саласындағы жағдайлардың көрсеткіштері бойынша «әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейіндегі аймағы» деп бағаланады.
Мемлекет тарапынан дін саласындағы бақылау жалғасады, себебі мемлекет өзінің шекараларын бұзуға, конституциялық құрылымын өзгертуге, азаматтарының құқығын бұзуға не болмаса денсаулығына зиян келтіруге бірде-бір қоғамдық бірлестікке, саяси партияға, діни бірлестікке жол бермейді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. А.Калтаева

 

Парақтар өзгертілді: 19-11-2018