Ішкі саясат

Дін

Діни ахуал және 2016 жылдың 2 тоқсанына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат

2016 жылдың 6 сәуірі күні Борас орта мектеп бақшасының акті залында Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Дін және жастар» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды. 
Мақсаты оқу бітіретін түлектердің діни сауаттылығын арттырып, түрлі ағымдардан аулақ болуға шақыру. Іс-шараны жастар орталығының директоры М.Табылдин ашты, ол жастар арасындағы діни экстремизмнің басты мәселелері жайында тоқталып өтті.
Сөз сөйлеушілер қатарында, аудандық мешіттің бас имамы С. Сасенов, және Ерназар ауылдық округінің имамы Ерсайын қажы қатысты. Жастар тарапынан сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойылып, толығымен жауаптар алынды.
Барлығы 60 адам қатысты. Қатысушылар ойларын бөлісіп, мұндай жиыннын ұйымдастырушылардан жиі өткізілуін сұрады.
2016 жылдың 26-27 сәуір айында облыстық кестеге сәйкес облыстық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері  ШҚО дін істері басқармасының діни ахуалды талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы Қуанышбек Тоқтағылұлы, ШҚО дін істері басқармасының дін мәселелерінін зерттеу орталығының мамандары Мирас Қайратұлы Еспаев және Арман Ахметкәрімұлы Томантаев Бесқарағай ауданына дін мәселерін түсіндіріп келіп қайтты. 
Бесқарағай, Канонерка, М-Владимировка, Өндіріс, Қарабас, Беген, Жыланды, Қарағайлы және Бәшкөл ауылдарында кездесулер өткізді. Кездесулерде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі, құқық қорғау қызметкерлері, зейнеткерлер, мектеп ұстаздары, жұмыссыздар, ауыл жастары, бөлім және мекеме басшылары, еңбек ардагерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, 9-11 сынып оқушылары, тұрғындар қатысты.
Кездесулер іскерлік   және игілікті қарым-қатынаста өтті.
2016 жылғы 27 сәуір күні ақпараттық-насихаттау тобы Қарабас ауылдық округінде  кездесу өткізді. Кездесуге округ тұрғындары, 9-11 сынып оқушылары, зейнеткерлер, мектеп ұстаздары және кәсіпкерлер  қатысты.
Кездесу  барысында  ауданның орталық мешіттің бас имамы Серікжан Аманұлы Сасенов және облыстық ақпараттық- насихат тобының өкілдері  сөз сөйледі. 
Кездесуде «Қазақстандағы діндер», «Діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негізі», «Жастардың діни сауаттылығының негіздері және теріс ағымдардың іс-әрекеттерін алдын алу», «Ұлтаралық және дінаралық тұрақтылық – қоғам дамуының негізі», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекеттер» атты тақырыптарда мәселелер талқыланды. 
Осындай кездесулер бекітілген кесте бойынша әр апта сайын округте өткізіледі.
Бесқарағай шіркеуінде таңертеңнен өтіп жатқан мерекеге Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов сенуші адамдарды құттықтау үшін келді. Аудан әкімі жиналған қауымды ұлы әрі шуақты Христос мерекесімен құттытқтап, бейбітшілік пен татулықта әртүрлі діни сенім мен ұлттар халқы тұрып жатқан мемлекетіміздің аманшылығы мен бейбітшілікті, жақсылық пен қуанышты тіледі.

Ішкі саясат, мәдениет және 
тілдерді дамыту бөлімі басшысы Н.Идрисова

Парақтар өзгертілді: 19-11-2018