Ішкі саясат

Дін

Діни ахуал және 2015 жылдың 4 тоқсанына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат

Конфессияаралық келісімді сақтау мәселесі қоғам дамуындағы ағымды кезеңінде баршамыздан үлкен күш салу мен қарқынды еңбектенуді қажет етеді. Бүгінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақсатты бағытталған саясатының  арқасында қазақстандық қоғамның діни саласында тұрақтылық және төзімділік қамтамасыз етілген. Осының нәтижесінде тұрғындардың діни сана-сезімдері жандана бастады.
Дін ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін адамзат тарихының қозғалысын белгілейтін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты тұрғындардың базалық сауаттылығын жоғарылату мәселесі маңызды болуда. Сөз дінді насихаттау мен дінге сенгендердің санын көбейту туралы емес, діннің адамзаттың рухани және мәдени өмірінің ең маңызды бөлігі ретінде бастауыш білім беру туралы айтылады.
Бүгінгі күннің талабына сай болу үшін ауданның барлық мекемелер мен ұйым басшылары, қоғам белсенділері дін саласындағы мәселелерді халыққа түсіндіретін идеолог болулары қажет.
Біздің ауданда 2003 жылы  Діни кеңестермен байланыстар жөніндегі кеңес құрылып, барлық 10 ауылдық округтерде 5 адамнан тұратын дін істері жөнінде Кеңестер және 11 адамнан тұратын «Ақылдастар алқалары» құрылып, тұрғындармен жұмыс жүргізілуде.
Жылдың басында дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау тобының құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді.
АНТ құрамына аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат, құқық қорғау, Достық үйі мен діни бірлестіктердің өкілдері енгізілген. Апта сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі.
Кеңестің басты мақсаты – тұрғындардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқығын қамтамасыз ету, рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Осыған байланысты 2015 жылдың ағымында мемлекеттік органдар және дін өкілдерімен бірлесіп, келесі сұрақтар талқыланды, олар:
аудандық ақпараттық-насихаттау тобының тұрғындар және жоғары сынып оқушылары арасында діни экстремизм, терроризм және деструктивтік ағымдардың алдын алу жөніңдегі түсіндіру жұмысы туралы,
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483 «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының орындалуын анықтауға бағытталған мониторинг жүргізу туралы;
«Дінтану» пәні мұғалімдерінің іс-әрекеттерін тұрақты бақылауда ұстау, таңдаулы сабақтарына бару, олардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдайлар жасау туралы;
діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттардың заңсыз таратуын болдырмау және заңсыз миссионерлік қызметке жол бермеу туралы;
аудандық «Бесқарағай тынысы» газетіндегі «Дін-имандылық негізі» айдарында материал жариялаударын жалғастыру туралы;
Діни бірлестіктердің жағдайын жақсарту жөнінде және т.б. мәселелер.
Бесқарағай ауданының аумағында 16 діни бірлестіктер тіркелген, олар: 12 мұсылман мешіттері, 2 православиеліқ бірлестіктер (Өскемен және Семей Епархиясы «Канонерка ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы «Бесқарағай ауылының Свято-Троицкий Приходы»), «Інжілдік Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі бар. Ауданда 15 діни ғимараттар бар, арнайы діни оқу орындары жоқ.
2015 жылы аудан аумағында 107 әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар саны 3333 адамды құрады. Ол дін мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелдер, округ әкімдері мен имамдардың біріккен отырыстары, семинарлар, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен діни экстремизм мен терроризм, деструктивтік ағымдардың алдын -алу жөніндегі кездесулер, діни мерекелер (Ораза айты, Құрбан айты, Мәуліт мерекесі, Пасха, Рождество) және т.б. іс-шаралар. Бұл іс-шараларға мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер және аудан тұрғындары белсенді қатысады.
Өткізілген Дөңгелек үстелдер аясында облыстық дін істері басқармасы берген «Діни экстремизм-опат болудың жолы» атты бейнефильмдер көрсетіліп, қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылады (кітаптар, буклеттер, парақшалар).
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде «Дін-имандылық негізі» айдарында дәстүрлі емес, деструктивтік ағымдарға жол бермеу жөнінде және Ислам мен православие туралы ой-пікірлер, діни бірлестіктер басшылары мен қоғам өкілдерінің мақалалары жарияланады. Ағымдағы жылдың басынан 77 мақала жарияланды.
Ауданның аумағында тоталитарлық секталар жоқ, діни сипаттағы басылымдар шығарылмайды, тек қалаушылар арасында мешіттерде мерзімді «Ислам нұры» газеті таратылады.
9-шы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат Дінтану сабағы беріледі. Сабақты Өскемен және Семей қалаларында орналасқан орталықтарда біліктілігін арттырған тарих пәнінің мұғалімдері береді. Дінтану сабағы әнгімелесу, пікірталас, сауалнама түрінде өткізіледі. Оқушыларды әлемдегі дәстүрлі діндер тарихымен таныстыру үшін сабақтарға діни бірлестіктердің басшылары шақырылады.
Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес пен мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және БАҚ-тар аралығында тиімді қарым-қатынастар құрылған. Осының нәтижесінде бір қатар бірлескен іс-шаралар өткізілді.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсетін «Қауырт желі 114» жөнінде ақпарат жарияланды.
Оқу жылы барысында «Сақ бол, жас түлек»! – «Будь осторожен, выпускник»! атты теріс ағымдардың алдын- алу жөнінде акция өткізілді.
Наурыз-шілде айларының аралығында әділет басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, шекара комендатурасы, ішкі істер бөлімі, аудандық колледж, медицина бірлестігі қызметкерлерімен бірге және аудан әкімшілігінің құқықтық білім беру мектебінде кездесулер өткізілді.
10-13 маусымда аудан аумағында дін істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Ә.Мұхамеджанов бастаған облыстық ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс жасап, 3 күн бойы ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.
16 қазанда облыстық дінтанушылардың 2-ші Форумына қатысты.
2014 жылдан бастап дін саласына басшылық ететін ішкі саясат бөлімі «Facebook.com» әлеуметтік торының «Дін және қоғам» және «Религиоведы Казахстана» беттерінде тіркелді.
Кеңестің бастамасымен және атқарушы органдардың қолдауымен округ әкімдері және ауыл имамдарының бірлескен отырыстары өткізілетін болды. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Бозтал ауылында өтсе, үшінші тоқсанда ауданның орталығы Бесқарағайда өткізілді.
Осыған ұқсас іс-шаралардың барысында мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық акциялары өткізіліп, материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ауыл имамдарының жыл бойы атқарған жұмыстары жөніндегі есептері қаралады.
Ауданда теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны мен электрондық мекен-жайы көрсетілген 3 баннер орнатылған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ, құзыретті органдарының жұмысы заңнаманың негізінде атқарылып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты жасаған зерттеуде Бесқарағай ауданы дін саласындағы жағдайлардың көрсеткіштері бойынша «әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейіндегі аймағы» деп бағаланды.
Мемлекет тарапынан дін саласындағы бақылау жалғасатын болады, себебі мемлекет өзінің шекараларын бұзуға, конституциялық құрылымын өзгертуге, азаматтарының құқығын бұзуға не болмаса денсаулығына зиян келтіруге бірде-бір қоғамдық бірлестікке, саяси партияға, діни бірлестікке жол бермейді.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Н.Идрисова

 

Діни ахуал және 2015 жылдың 3 тоқсанына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат

2015 жылғы  8 шілде   күні  аудан әкімі  Нұрлан Бәтташұлы  Сыдықов  Бесқарағай ауылының «Томирис» кафесінде  ауыз бекіткен мұсылман жамағатқа ауызашар берді. Ауызашарға ауданның ақсақалдары,  зиялы қауым өкілдері, жастар  шақырылды. Іс -шара басында  аудан әкімі   жиналған қауымға  құттықтау сөзін айтып,  жақсы тілектер тіледі. 

Аудан имамы С.Сасенов ауызашарда Рамазан айы туралы уағыз насихат айтып, құран оқып,  дастархан мәзіріне шақырылған жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтап, ауыз бекітіп, мұсылмандық парызын өтеп жүрген жамағатқа ізгі тілегін білдірді. 
Сонымен қатар,  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы М.Ж.Чегибаев, зейнеткерлер Р.Несипбаев,  О.Курбатова, К.Нурсейтова, Долон ауылдық округінің имамы  С.Мурумбаев  сөз  сөйледі. 

2015 жылғы 13  шілде күні Рамазан айының аясында   Бесқарағай ауылының орталық  мешітінде   аудан имамының ұйымдастыруымен  және  аудан әкімдігінің қолдауымен  Қадір түні өткізілді.  Қадір түніне   оразаға ұстаған жамағат, ауыл ақсақалдары, мүмкіндігі шектеулі  жандар,  аз қамтылған отбасылар, әйел адамдар,  жастар және балалар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллин  жиналған қауымды   Қадір түнімен құттықтап, ел тыныштығы мен бірлігі аясында атқарылып жатқан жұмыстардың сәтті болуын тіледі. Аудан имамы С.Сасенов   ауылымыздың  бірлігі, үлкендерді сыйлау   және имандылық жөнінде әңгіме қозғап,  Рамазан айына байланысты уағыздарын айтты. Сонымен қатар  «Шығыс» кафесінде  ораза  ұстаған  жамағатқа   дастархан жайылып,  азық – түлік   дорбасы,  дін тақырыбына арналған  әдебиеттер  таратылды.
Ауданның  мешіттерінде  жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7: 00 де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазы оқылды.
Аудандық Айт намазына арналған іс - шарада  аудан әкімінің  орынбасары Е.Е.Рахметуллин қатысып,  аудан әкімінің атынан  жамағатты   жылы лебіздерімен құттықтады.   Дәстүр бойынша, Айт намазы қасиетті Құран Кәріммен басталып, аудан имамының  мерекелік уағызымен аяқталды. Өз сөзінде Серікжан Аманұлы  Рамазанды тағатсыз қарсы алып, оны құлшылықпен өткізе білген әрі ораза тұтып, күнәлардан аулақ жүрген жанды Алланың мейірімі мен үлкен қарымы күтіп тұрғанын жамағаттың есіне салып өтті. Сөз соңында барша жамағатты және аудан  халқын оразаның аяқталуымен құттықтап, барша мұсылмандардың осы қасиетті айдағы жасаған сауапты амалдары қабыл болсын деп тіледі.
Айт намазы аяқталған соң намазға қатысқан жамағат мерекелік дастарханнан  дәм татты.  

Ішкі саясат, мәдениет және 
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Аринов


Діни ахуал және 2015 жылдың 2 тоқсанына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат

Бесқарағай ауданының аумағында Әділет органдарында тіркелген 12 мұсылман мешіттері, Өскемен және Семей Епархиясы «Канонерка ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы «Бесқарағай ауылының Свято-Троицкий Приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі, «Інжілдік Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі орналасқан. Барлығы 16 діни бірлестік, 15 ғибадат үйлері бар.

Аудан әкімдігінің жанында маслихат сессиясының шешімімен бекітілген діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды. Кеңес төрағасы – аудан әкімі, құрамына аудан әкімінің орынбасары, мекемелер мен ұйымдар, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың, БАҚ және қоғам өкілдері енгізілген, барлығы 17 адам.

Сонымен қатар, барлық 10 ауылдық округтерде дін істері жөнінде кеңестер құрылып, тұрғындармен жұмыс жүргізуде.
Аудан әкімімен дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау тобының құрамы бекітілді. АНТ құрамына аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат, құқық қорғау, Достық үйі мен діни бірлестіктердің өкілдері енгізілген. Апта сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі.
2015 жылы ауданда 57 әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар саны 1833 адам құрады. Мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен діни экстремизм мен терроризм, деструктивтік ағымдардың алдын алу жөніндегі кездесулер өткізіліп, 999 адам қамтылды.
Ауылдарда діни экстремизм, терроризм және деструктивтік ағымдар мәселелерін талқылау жөнінде Дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Дөңгелек үстел аясында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу жөнінде бейнематериалдар көрсетіледі.
Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде «Дін-имандылық негізі» айдарында дәстүрлі емес, деструктивтік ағымдарға жол бермеу жөнінде және Ислам мен православие туралы ой-пікірлер, діни бірлестіктер басшылары мен қоғам өкілдерінің мақалалары жарияланады. Ағымдағы жылдың басынан 32 мақала жарияланды.
Ауданның аумағында тоталитарлық секталар жоқ, діни сипаттағы басылымдар шығарылмайды, тек қалаушылар арасында мерзімді «Ислам нұры» газеті таратылады.
Ауданның 22 мектебіндегі 9-шы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат Дінтану сабағы беріледі. Сабақты Өскемен және Семей қалаларында орналасқан орталықтарда біліктілігін арттырған тарих пәнінің мұғалімдері береді. Дінтану сабағы әнгімелесу, пікірталас, сауалнама түрінде өткізіледі. Оқушыларды әлемдегі дәстүрлі діндер тарихымен таныстыру үшін сабақтарға діни бірлестіктердің басшылары шақырылады.

Аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде теріс діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсетін «Қауырт желі 114» жөнінде ақпарат жарияланды.
Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында осы «Қауырт желі 114» жөніндегі ақпарат электроқуатты пайдаланудың 5000 астам квитанциялардың кері беттеріне басылып, ауылдарға таратылды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен бірлесіп, теріс ағымдардың алдын алу мақсатында, олардың заңсыздығын түсіндіретін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазпочта» АҚ арқылы 1000 дана жадынамалар таратылды.

Ауданда теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны мен электрондық мекен-жайы көрсетілген 2 баннер орнатылған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы м.а. А.Калтаева

Діни ахуал және 2015 жылдың 1 тоқсанына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөніндегі ақпарат

9 ақпанда аудандық Ардагерлер үйінде «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс –шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бақылау және ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі Р.Б.Сакешов, аудандық мешіттің имамы С.А.Сасенов және аудан мекемелерінің басшылары мен аудан жастары қатысты. Іс - шара барысында дін және дәстүр туралы тартымды пікірлер айтылды. Жастар жағынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар алынды.
13 ақпанда Жыланды ауылында жаңа мешіттің алғашқы іргетасы қаланды. Іс – шарада аудан әкімі Н.Б.Сыдықов, «Семей орманы» МОТР ММ Жаңасемей орман шаруашылығының директоры Б.Мусаканов, ауданның бас имамы С.Сасенов, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, ауыл тұрғындары және орман шаруашылығы қызметкерлері қатысты. Мешіт аудан демеушілерінің, «Семей орманы» МОТР ММ Жаңасемей орман шаруашылығы филиалының қолдауымен және ауыл тұрғындарының күшімен қайта салынатын болады және 5 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. 10 ақпан күні «Қазақстан Халық банкі» аудандық филиалында мешітті қайта қалпына келтіруге қаражат жинау үшін Житбисбаев Мұқтар Серікбайұлының атына KZ426014043000005474, ЖСН: 490925300227 есепшот ашылып, аудандық «Бесқарағай тынысы» газетіне хабарландыру берілді.

16 ақпанда Бозтал ауылында аудан әкімінің орынбасары Е.Рахметуллиннің төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға округ әкімдері, ауыл имамдары, Бозтал және Малая Владимировка орта мектептерінің директорлары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қатысты.

Березовка орта мектебінің акт залында өткен дөңгелек үстелде дін саласындағы мәселелер талқыланды. Ауыл имамдарына «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» атты кітап таратылды.
11 наурызда Бесқарағай ауданындағы кәсіптік колледжде аудан имамы Сасенов Серікжан Аманұлымен кездесу өтті. Кездесуге оқу орнының басшысы Қ.Н. Қайырханов, ұстаздар және студенттер, ішкі саясат бөлімінің дін инспекторы Ә.Т.Тұқтыбаев қатысты. Бас имам өз сөзінде қазіргі кездегі дін атын жамылған кері тартпа ағымдар, қоғамда орын алған келеңсіздіктер және ұстазға, ата-анаға құрмет жайлы кеңінен айтып түсіндірді. Студенттер, ұстаздар жиын соңында имамға бүгінгі іс-шараға байланысты өздерінің көкейлерінде жүрген діни мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алып тарқасты.

26 наурызда Бесқарағай шекаралық коммендатурасында аудан имамы Сасенов Серікжан Аманұлымен кездесу өтті. Кездесуге шекара қызметкерлері, ішкі саясат бөлімінің дін инспекторы Ә.Т.Тұқтыбаев қатысты. Бас имам өз сөзінде қазіргі кездегі дін атын жамылған кері тартпа ағымдар туралы түсіндірді. Жиын соңында шекара қызметкерлері өздерінің көкейлерінде жүрген діни мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. «Бесқарағай тынысы» газетінде 2015 жылдың 1 тоқсанында дін мәселесі бойынша 17 материал жарияланды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Аринов

 

Парақтар өзгертілді: 19-11-2018