Ішкі саясат

Жастар саясаты

Жастар ресурстық орталығының 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

20 сәуір күні Глуховка ауылдық округінің аумағында Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясына қатысты. Акция мақсаты жастарды қоршаған ортаны сақтауға деген жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, табиғатты аялауды насихаттау болып табылады. Аталған акцияға Агробизнес колледжінің студенттері, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері, сонымен қатар Бесқарағай ауданының Глуховка, Жыланды және Канонерка орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.Акцияның салтанатты ашылуынан кейін акцияға қатысушылармен 10 мың гектар жерге қарағай көшеттері отырғызылды.
Ағымдағы жылдың 4 мамыры күні орталық стадионда Жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе сонымен қатар «Дене шынықтыру және спорт» ММ- мен шағын футбол бойынша чемпионат ұйымдастырылды. Аталған турнир шағын футбол ойындарын дамытуға, ауданда бұқаралық спорттың одан әрі дамуына және денсаулықты күшейтуге, спорттық шеберлікті арттыруға бағытталды.
9 мамыр күні орталық алаңда Жеңіс күнін мерекелеу аясында шеру ұйымдастырылды. Шеруге Бесқарағай ауылының тұрғындары қатысты. Шерудің мақсаты Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жас ұрпақтың есінде сақтау, сонымен қатар патриоттылыққа және өскелең ұрпақтың арасында бейбітшіліктің құндылғын арттыру. Бұл күні барлық жастағы, мамандықтағы, түрлі ұлттағы адамдар қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің әке-аталарының, туған-туыстарының портреттерін зор мақтанышпен ұстап шықты. Шеруге қатысушылар ҰОС қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын және гүлтәждерін қойды.
Сағат 20-00-де Бесқарағай ауылының орталық алаңында "Өз алауыңды жақ" акциясы өткізілді. Акцияның барлық қатысушылары ҰОС қаза болғандарды еске алды.
4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы орталық алаңда мерекелік автошеру«Менің туым!» өткізілді.
2019 жылдың 13 маусымы күні Жастар ресурстық орталығында аудандық бөлім және ұйымның жас мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізілді. Аталған кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының директоры А.Е.Амангельдинов сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау, алдын алу және жеңу бойынша баяндама оқыды. Кездесу қорытындысы бойынша жас мамандар өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына жауап алды.
15 маусым күні Шошқалы көлінің аумағында "Таза жағалау" экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға 25 адам қатысты. Аталған іс- шара патриоттық сезімге тәрбиелейді, себебі жастар өз табиғатын сақтауға тиіс.
2019 жылдың 21 маусым күні аудандық Мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе мемлекеттік қызметкерлер арасында «Один в один» аудандық сайысы өтті.
Сайыс кезінде көрермендер: Виктор Цой, Мираж, Андрей Губин және басқа да жұлдыздарды тамашалай алды. Қатысушылар өздерінің әсем дауыстарымен ғана емес өздері таңдаған жұлдыздардың бейнесін айнытпай орындауларымен қайран қалдырды.

Жастар ресурстық орталығы
директорының міндетін атқарушы Ж.Әлжанов

 

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы 14 пен 29 жас аралығындағы өңір жастары арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттар Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға, 2018 жылғы 15 қараша (қоса алғанда), сағат 18.30-ге дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі http://www.dvpvko.gov.kz сайтында орналасқан. Анықтама телефоны: 8 (7232) 610-942, 710-234.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы ереже *.doc 35 KB


Жастар ресурстық орталығының 2019 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Бекітілген жоспарға сәйкес жастар саясатының іске асырылуы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында 15 мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар, кездесулер, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.
2019 жылдың 11 қаңтары күні жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе жастар саясатын түсіндіру бойынша бөлім қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс – шараға ауданның белсенді мамандары қатысты. Өткен жыл қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде тоқталып, 2019 жылға арналған жұмыстармен таныстырылып өтті.
Қатысушылар ойларын бөлісіп, мұндай жиынның ұйымдастырушылардан жиі өткізілуін сұрады.
2019 жылғы 13 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе Ескі жаңа жылға арналған кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов құттықтау сөздерімен келді.
Аталған іс- шараға «ДосStar» жастар клубы өздерінің концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті, содан кейін аудан орталығының студенттері мен жоғары сынып оқушыларына арналаған би кеші өтті. Іс- шара барысында ойын- сауық конкурстары мен ойындар өткізілді.
2019 жылғы 17 және 20 қаңтар күндері «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Zhas project» жобасының қатысушыларына арналған семинар- тренинг өткізілді. Жастар корпусын дамыту жобасына қатысушылар тобын оқыту үшін Семей қаласынан тәлімгер келді. Семинарға барлығы 13 адам қатысты. Жоба топтарының барлық қатысушыларына топтардың бірлесе орындалуына, жобаның алға жылжуына бағытталған жаттығулар, қаржыны басқару және әртүрлі дағдыларға және тұлға қасиеттерін оқытуға арналған тренингтер ұйымастырылып, өткізілді. Өткізілген семинар қорытындысы бойынша жоба қатысушылары, олар өздерінің жобаларын іске асыруда және есепті ресімдеу кезінде қажетті білім мен дағдылар алды.
Семинар соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
2019 жылғы 4 -6 ақпан күндері ауылдық округі жастарының аудан әкімімен бейресми кездесу өткізілді. Бейресми және еркін «галстуксіз» кездесу жағдайы қатысушылар арасында ашық әңгіме құруға мүмкіндік беді.
Еркін кездесу жағдайы барлық қатысушыларды әңгімеге жайғастырды, жас көшбасшылар өз өмірлері, оқулары, ғылыми және әлеуметтік жобалары туралы айтты.
Кездесу барысында аудан әкімі ауданның дамуына, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жастардың әр түрлі саладағы сұрақтарына жауап берді.
2019 жылдың 14 ақпан күні Ауған соғысының 30 жылдығына арналған аудандық мектеп оқушылары арасында Үлкен Владимировка орта мектебінің спорт залында әскери- спорттық іс- шара өткізілді.
Іс – шараға білім беру бөлімінің басшысы С.К.Омаргазин, Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник М.А.Айгазинов, ӘҚТЖ коменданты орынбасары, майор Д.Макабаев, Ауған соғысының ардагері Сабыров Қайрат және аудандық орта мектеп оқушылары қатысты.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орынды Үлкен- Владимировка орта мектебінің командасы, екінші орынды Беген орта мектебінің командасы, үшінші орынды Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
2019 жылғы 21 ақпан күні аудандық Мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе Жастар жылына арналған «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар форумы өтті. Іс- шараға жас кәсіпкерлер, жастар мәслихатының депутаттары, аудан белсенділері, жас мамандар және ұстаздар қатысты.
Жас кәсіпкерлер, «Zhas Project» жобасының қатысушылары құрметті қонақтарға өз өнімдерін көрсетті, сонымен қатар Канонерка орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, IT- сынып жетекшісі И.А.Беленков оқушылардың жұмысын және робот биін көрнекі көрсетті.
Форумның ашылу салтанатына «Қазақ жастары» атты жастар флешмобы ұйымдастырылды, оған Бесқарағай колледжінің студенттері, дербес бөлім мамандары және аудан жастары қатысты.
Форумның ашылу салтанатынан кейін спикерлер ретінде әр түрлі салада жетістіктерге жеткен, ауданның жарқын және жасампаз жас өкілдері сөз сөйледі. Сонымен қатар, ауданның этномәдени бірлестіктері театрландырылған көрініспен ортаға шықты.
Іс- шара соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов Бесқарағай ауданының жастарын «Жастар жылымен» құттықтады.
Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінде 1 наурыз алғыс айту күніне және «Нұр Отан» партиясының 20 - жылдық мерейтойына арналған «Мың алғыс» атты концерттік бағдарлама өтті. Бағдарлама барысында Жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе ұйымдастырылған «Жас отан - болашаққа бірге» мерекелік композициясы өткізілді. Композицияға ауданымыздың белсенді жастары қатысты.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында 2019 жылғы 7 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті.
Жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе мерекелік концертте «Болашақ» тобының тұсаукесері болды, сонымен қатар Бесқарағай ауданының «Формат» КВН командасы өнерлерін көрсетті. Олар ауданның барша әйел қауымын мерекемен құттықтап, әзіл- оспақ бағдарламаларымен ортаға шықты.
2019 жылғы 15 наурыз күні Қарағайлы ауылында жастар ресурстық орталығы Баскөл ауылдық округі аппаратының және «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруда аудандық «Аяулы жас келін» сайысы өтті.
Іс- шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Н.Глазинский құттықтау сөздерімен ашты. Сайысқа 5 ауылдық округтің жас келіндері қатысты.
Алпыспаева Ж.Ж. - аудандық кітапхананың директоры, Кисамиева Р.Н. – Аналар кеңесінің төрайымы, Каримов А.А. - балалар өнер мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, Солтангазина Т.К. - Аналар кеңесінің мүшесі, ұлағатты ұстаз және Амангельдинов А.Е. - Жастар ресуртсық орталығының директоры аудандық сайыста қатысушыларға әділ бағаларын беріп төрелік етті.
2019 жылғы 22 наурыз күні Бесқарағай ауылының орталық алаңында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс- шара өткізілді.
Салтанатты іс- шараға Жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе «Ел жастары Ел көшбасшысын қолдайды» флешмобы ұйымдастырылды, сонымен қатар Елбасын қолдау мақсатында бауырсақ тарату бойынша акция өткізілді.
Кешкі уақытта аудан жастарына арналған мерекелік би кеші өтті.

«Жастар ресурстық орталығының» директоры А.Амангельдинов

 

 

Мұрағат

2018 жыл
2017 жыл
2016 жыл
2015 жыл
2014 жыл
2013 жыл *. doc, 47 Кб

Парақтар өзгертілді: 13-09-2019