Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз.
ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.
Бұл үшін
✅Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
✅«Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз
✅Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз
✅ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз
Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.


Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі
Порталда egov.kz осы сервис бойынша 8 ақпараттық анықтама қолжетімді Бұл нені білдіреді? Үшінші тұлға Сіздің келісіміңіз арқылы келесі анықтамаларды сұрай алады:
- Тұрғылықты жерінен мекенжай мәліметтері ( анықтама емес);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы;
- жылжымайтын мүлік (бар) екендігі туралы;
- соттылығының болуы немесе болмауы туралы;
- өтініш берушінің (отбасының) АӘК алуға тиесілігі туралы;
- псих/нарко/туб диспансерден анықтама.

Ол үшін ЭЦҚ көмегімен/немесе бір реттік құпия сөзбен ️egov.kz порталда авторлану қажет - Төмен жағынан «Сервистер» бөлімін ашу - ️ кімге керек анықтама сол тұлғағаның ЖСН жазу және жауап күту.
Сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде келісу немесе бас тарту қажет.
Маңызды: мобильді азаматтар базасында тіркелу