Жетіжар ауылдық округінде Абай Құнанбаевтың мерейтойлық жылының ашылуы

2020 жылғы 11 ақпан күні Жетіжар ауылдық округінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерекелік іс – шаралар бастау алды. Округ мектептерінде ашық сабақтар, көрмелер, бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханаларында оқушылар жастармен бірлесіп "Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара соңында ақынның мерейтой жылының ашылуына арналған бейнеролик көрсетілді .

Округ әкімі С.Назаров