Учаскелік полиция инспекторының есептік кездесуі

2020 жылғы 11 ақпан күні Қарағайлы ауылының Мәдениет үйінде, Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ұланат Оралханович Шаянбаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы Баскөл ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру кездесуіне Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Е.Н.Валентинов, Баскөл ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Бытебаев, жергілікті қоғамдастықтың өкілдері, округтің мекемелерінің басшылары, орман шаруашылығының қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, округ жастары мен тұрғындары қатысты. Есеп беру кездесуінде округ тұрғындары белсенді түрде қатысып, қараусыз бос жайылып жүрген малдар, жастармен алдын- алу жұмыстарын жүргізу бойынша сұрақтарды көтеріп, округтің жергілікті қоғамдық кеңесімен бірлесе мал ұрлығының алдын –алу бойынша мал иелерімен, сәтсіз отбасыларымен жұмыс жүргізу туралы ұсыныстарын білдірді. Округ тұрғындары учаскелік инспекторының атқарған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Жиын соңынан кейін округтің қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіліп, отырыста Қарағайлы ауылының сәтсіз отбасыларының тәртіптері қаралды.

Баскөл ауылдық округінің бас маманы Л.Шарипканова