Абай Құнанбаев - халық данасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай аудандық кітапханада Борас орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай Құнанбаев –халық данасы» атты әдеби сағат өтті. Алдымен кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, еңбектері туралы айтып, «Қарасөздерінен» үзінділер оқыды. Іс-шара барысында Жидебайдағы Абай мұражайы туралы бейнебаянды тамашалады. Оқушылар Абай шығармалары, оның ішінде, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы М. О. Әуезовтың, Қ. Мұхамедхановтың, З. Ахметовтың зерттеу еңбектері қойылған «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» атты кітап көрмесіне ерекше назар аударды. Ақын-ағартушы Абайдың адамның азаматтық парызы туралы ішкі ойлары жазылған «Қарасөздері» мен махаббатқа толы өлеңдерін жатқа оқып соныңда «Қөзімнің қарасы» өлеңін бірлесе орындады. Оқушылардың ынтасы, белсенділігі мен қызығушылықтары қуантты. 

Аудандық кітапхана директоры: Ж.Алпыспаева