Әкімдердің есеп беру кездесуі

2020 жылғы 6 ақпан күні Жетіжар  ауылында Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Заманбекұлы Байбеков және Жетіжар ауылдық округінің әкімі Сунгат Болатбекович Назаров «2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2020 жылға міндеттер туралы» Жетіжар ауылдық округінің тұрғындары алдына есеп беру кездесулері өтті. Кездесуге Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов, аудандық бөлімдердің басшылары, аудан әкімінің қоғамдық көмекшісі Т.Н.Глазинский, шаруа қожалықтарының басшылары,  аудандық мәслихаттың депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, округ тұрғындары қатысты. Есеп беру кездесуін өткізу барысында округтің және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы слайдтар көрсетілді. Ауданның дербес бөлімдердің басшыларымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Аудан әкімінің атына бірнеше ұсыныстар енгізілді. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.

Округ әкімі  С.Назаров