Аудан әкімінің тұрғындар алдында қорытынды есепті кездесуі

2020 жылғы 7 ақпанда Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Заманбекұлы Байбеков аудан тұрғындары алдында 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2020 жылға қойылған міндеттер туралы қорытынды есептік кездесуін өткізді. Есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Алишер Мархабат қатысты. Есептік кездесу басталмас бұрын ауданның дербес бөлім басшыларымен азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі негізгі көрсеткіштер мен ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын баяндады. Аудан әкіміне биылғы жылға жоспарланған екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысының салу орны мен мерзімі туралы сұрақ қойылды. Ардагерлер кеңесі төрағасы мен аналар кеңесінің төрайымы барша ардагерлер атынан алғыстарын білдіріп, аудан әкімінің есебіне оң бағаларын берді.