Кеңес өткізілді

Канонерка ауылдық округі әкімінің аппаратында 2019 жылғы 9 айы ішінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша кеңес өткізілді. Кеңес өткізу барысында 2018-2020 жылдарға арналған аймақтық жоспардың орындалуы, ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімінің орындалуы және Канонерка ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобымен 3 тоқсанда жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің қорытындылары қаралды. Округ әкімі К.Ипанов мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу деңгейін арттыру және осы бойынша іс-шара әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.


Бас маман А.Мусаканова