Қарттарымыздың құрметіне «Karaoke Fest»

2019 жылғы 5 қазан күні Жастар ресурстық орталығы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесе «Елімай» демалыс базасына қарттарымыздың құрметіне орай «KARAOKE FEST» ұйымдастырылды. Әр ауыл аймақтан жиналған ата-апаларымыз көңілді әндер шырқап мерекеге ерекше көрік берді.
Аудан әкімі Даулет Бахитұлының бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс - шарада аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, ақ дастархан басында көңілді әндер тыңдап, тамаша би билеп көңіл көтерген қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
"Қарттарымыз – қазынамыз" дейтін халықпыз, егеменді еліміздің жастары біздер әрқашан асыл қазыналарымыз қарттарымызды үлгі өнеге тұтып, ардақтайтын боламыз.

Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Әлжанов