Жұмыс тобының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығына сапары

Бесқарағай ауданының әкімі Д.Батырбаевтың 2019 жылғы 1 қазаны күні өкімімен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде маңызды мәселелерді анықтау бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы - Б.Ж.Баталов., Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, жұмыс тобы төрағасының орынбасары – Р.А.Заденов, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыс тобының хатшысы – М.М.Кунгазина, жұмыс тобының мүшелері: Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша) - К.К.Садыков, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) - Б.У.Омаров, Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) - М.Р.Абылгазинова, ерекше қажеттіліктері бар баланың ата-анасы (келісім бойынша) - З. К. Қалтаева, ерекше қажеттіліктері бар баланың ата-анасы (келісім бойынша) - С.Е.Узбекова., мүгедектің ата-анасы (келісім бойынша) - К. Карабекова.
2019 жылдың 8 қазаны күні жұмыс тобы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығына барды. Орталық директоры күндізгі бөлімше жұмысымен және орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуымен таныстырды. Жұмыс тобы сапарының қорытындысы бойынша анықталған проблемаларды жою үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.


Аумақтық орталықтың директоры Г. Байқадамова