«Қарттарым-асыл қазынам» мерекелік концерт өткізілді.

2019 жылғы 6 қазан күні Қара-Мырза ауылының Мәдениет үйінде Қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды. Шараға ауыл егде жастағы тұрғындары шақырылды. Ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен және Мұғалімдер күнімен ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Төлегенова К.У. құттықтады.Қара-Мырза ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Г.Цепневскаяның ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік концертке Қара-Мырза ауылы Мәдениет үйінің «Гүлдер» би тобының жас қатысушылар «Қамажай», «Қыз қуу», т.б билерімен көрермендер көзайымына айналды. «Ақбота» үйірмесінің қатысушылары үлкен буын тұрғындарды мерекелерімен құттықтады. Мәдениет үйінің фойесінде Қара-Мырза ауылдық кітапханашысы Н.Ромазанованың ұйымдастыруымен көрме орналастырылды. Көрмеде ауыл тұрғындары Т.Котова және В.Котованың бисердан жасалған қолөнер бұйымдары көрсетілді. Кеш соңында көрермендер Қара-Мырза ауылы Мәдениет үйінің басшылығына алғыстарын айтты.

Канонерка ауылдық округінің әкімі К.Ипанов