Қыздар сұлу көрінер қылығымен

2019 жылғы 7 қазан күні Үлкен Владимировка орта мектебінде 7-14 қазан аралығында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен»атты апталығының ашылу салтанаты өтті.
Осы лездеме де 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 11 қазан күнін- Халықаралық қыздар күні деп бекіткені туралы айтылды. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты - бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту. Олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау жататынына назар аударды. Сонымен қатар, әйел заты, оның ішінде қыздар туралы ақпараттар айтылып, қазақ қыздарының сұлулығын сипатталды. Бұл апталыққа тек қыздарғана емес, соны мен қатар ұлдар да атсалысатыны ескерілді.
Апталықтың ашылуын әсем сазды әуен, презентация және қажетті көрнекіліктер лездемінің көркін кіргізді.


Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова