Балалық шаққа саяхат

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында Борас орта мектебінің 8- сынып оқушыларымен әйгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 – жыл толуына арналған «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында әдеби сағаты өтті. Алдымен оқушылар Б. Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен танысты, ол туралы бейнероликтер көрсетілді. Балаларға жазушының балалық пен жастық шақты жалғастыратын алғашқы өлеңдер жинағы «Родник», әңгімелері «Аяжан», «Гауһар сен қайдасың?», «Чемпион», «Балалық шаққа саяхат», «Менім атым – Қожа » шығармаларымен танысу қызықты болды. Сол сияқты автордын әлемге әйгілі болған «Менім атым - Қожа» фильмі көрсетілді. Соңында балалар фильм туралы және оның арманшыл, адасып оқыс жағдайларға кездесе беретін басты кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып ортаға салды. Іс-шара оқушыларды жазушының шығармашылық мұрасымен таныстыру мақсатында өткізілді.

Аудандық кітапхана директоры: Ж.Алпыспаева