Ақпарат

Бесқарағай ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырым.
Аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізімін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар аяқталу сатысында, Бесқарағай ауданының Әділет басқармасында тіркелуде. Яғни, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4 шақырымға артады, «Қоянбай-РФ шекарасы» жол учаскесі жол аталуынан шығарылды. Сонымен қатар Қоянбай ауылынан РФ шекарасына дейінгі жалпы қолданыстағы жер учаскесін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылы «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігерлік ұйымының салғырттығынан мнерттік материалдарды (ҚТҚ, тау құмы, топырақ) тасу жұмыстары барысында ұзындығы 60 шақырым «Қарабас-Жетіжар» аудандық маңыздағы автомобиль жолы бүлінген болатын. Бүгінгі күнде мердігерлік ұйым автожолдарды қалпына келтірді. 51900 шаршы метр жалпы көлемде бағыттық тәсілмен шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнде Бесқарағай ауылында жалпы сомасы 50,0 млн.теңгеге Сейфуллин және Партизанская көшелерін орташа жөндеу және сомасы 10,0 млн.теңгеге Сейфуллин көшесіне тротуарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталу сатысында. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін шаруа қожалықтарының басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен ауыл ішіндегі жолдарды ұстауға келісім жасасатын болады.

Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т. Назарова