ПИАР – іс-шарасы өткізілді

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманымен Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендеріне тұру және жұмыс істеу үшін келген білім беру мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселесі бойынша ПИАР – іс-шарасы өткізілді.
Іс-шаралар ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні «Борас орта мектеп-бақшасы» КММ-де және 10 қыркүйек күні «Үлкен-Владимировка орта мектебі» КММ-де өтті. Іс-шара аясында мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ұсынылып, әлеуметтік көмек алу жөнінде таныстыру болды, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беріліп, үлестірмелі материалдар таратылды.


Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Алимбаева