«2019 жыл – жастар жылы» латын диктанты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың ақпан айында қазақ алфавитын латын графикасына ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Латын графикасына көшу сатылап 2025 жылға дейін жүргізіледі. 10 қыркүйек күні аудандық кітапхананың білім орталығында латын қарпінде жалпықазақстандық «2019 жыл- жастар жылы» тақырыбында диктант жазуға ауылдық әкімшіліктің, жастар орталығының, спорт мектебінің, кітапхана, Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Диктант жазу бір мезгілде ауданның 19 кітапханасында өтті. Оған барлығы 530 адам қатысты. Мұндай іс-шараның басты мақсаты – латын графикасын танымал ету және толықтай енуіне азаматтарды дайындау.

Аудандық кітапхана директоры: Алпыспаева Ж.