Отбасы -бақыт мекені

2019 жылдың 9- 14 қыркүйек аралығында Үлкен Владимировка орта мектебінде «Отбасы бақыт мекені» атты апталығы өтеді.
2019 жылғы 9 қыркүйек күні апталықтың ашылусалтанаты өтті. Лездемені керекті көрнекліктермен әсемдеп, отбасы жайында презентация қойылды.Лездемені өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж. Ерланбек және музыка пәнінің мұғалімі Ж .Е. Оңласбекова әзірледі. Оқушыларға отбасы ұғымы жайында, оның мүшелерінің маңыздылығы туралы тыңғылықты ақпарат берілді. Апталық барысында әр түрлі сурет сайыстары мен ойындар т.б қызықты тәрбие сағаттары, ата-аналар мен кездесулер өткізлетіндігі туралы хабарлады. Оқушылар барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.
Отбасы апталығының ашылуына 8 «ә» сынып оқушыларыда белсенді қатысып, өлең жолдарын жырлап, жүректерінен шыққан «Ана-әке» әнімен лездемені аяқтады. 

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова