Жастар жылына арналған 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі

2019 жылғы 8 қыркүйек күні Бесқарағай ауылының орталық стадионында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі өтті.
Турнирдің салтанатты ашылуына спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы О.Б. Болысбеков, Бесқарағай ауданының спорт ардагері Т.Н. Глазинский және Шығыс командасының құрылтайшысы А. Е. Машимов қатысты.
Турнирге 3 команда қатысты: Шығыс командасы (Семей қаласы), Ска командасы (Семей қаласы) және Бесқарағай ауданының командасы.
Тартысты жарыста орындар келесідей бөлінді: Ска (Семей қаласы) командасы III орын, Шығыс (Семей қаласы) командасы II орын және Бесқарағай ауданын командасы I орын алды.
Үздік ойыншылар: "Үздік ойыншы" - Серік Ильяс (Бесқарағай ауданы), "Үздік шабуылшы" Амангельдинов Елмұрат (Бесқарағай ауданы), "Үздік жартылай қорғаушы" - Кемелбаев Асхат Восток (Семей қаласы), "Үздік қорғаушы" - Әділбеков Әділ Ска (Семей қаласы), "Үздік қақпашы" - Лещенко Виталий (Бесқарағай ауданы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, сыйлықтармен және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.

Дене шынықтыру және
спорт бөлім әлдіскері А.Каримов