Невада – Семей қозғалысының жабылуына 30 жыл толуына орай ақпараттық сағат

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні Жастар ресурстық орталығы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесе Невада – Семей қозғалысының жабылуына 30 жыл толуына орай аудан жастарына арнап ақпараттық сағат өткізді. Аталған іс – шараға Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аудан тұрғыны - Аргумбаева Наталья, аудандық бас дәрігердің орынбасары – Курмангалиева Г.А., Бесқарағай ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Токсейтов Т. қатысты. Кездесу барысында ядролық полигонынан зардап шеккен жағдайларды, болған оқиғаларды көз алдымызда болғандай, көзге жас келердей баяндап берді.
Невада – Семей қозғалысының жабылуына орай аудандық кітапхана директоры Алпыспаева Ж.Ж. «Ядролық қарусыз болашақ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмені оқушы жастарға қысқаша ақпаратпен таныстырып шықты.
Бұл шараны өткізудегі басты мақсатымыз ядролық жарылыс салдарынан әр түрлі ауруға шалдыққан, зардапқа ұшыраған адамдардың қандай күй кешкенін көрсетіп өскелең ұрпақтың қазіргі заманда жарқын өмір сүріп жатқанын түсіндіру.


Жастар ресурстық орталығы
директорының міндетін атқарушы Ж.Әлжанов