Тіл - ұлт тірегі

Аудандық орталық кітапханада тілдер мерекесіне арналған «Тіл - ұлт тірегі», «Латын әліпбиі заман талабы» тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітап көрмесі бойынша тұғыры биік тілі бар Қазақстан елінің рухы артып, әрқашанда берекелі ел болатыны жайлы кітаптарға шолу жүргізілді. Кітап көрмесі алаш қайраткерлері Ш. Құдайбергенов, Ә. Бөкейхан, М.Жұмабаев, М.Әуезов, М.Шоқайдың тіл туралы жазған қанатты сөздерімен басталады. Кітап көрмесінде ҚР Конституциясы, Тіл туралы Заң, Ұлы ақиық ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары, «Ана тілі» мерзімді басылымдар беттеріндегі қазақ тілін дамыту, үйрету, тілден артық қазына жоқ екенін дәлелдейтін мақалалар, мемлекеттік тілді насихаттау барысында тілдің мағынасын, мәнін ұғындырып, оны пайдалана білуді түсіндіретін сөздіктердің түрлері мен тіл үйренушілерге арналған әдістемелік құралдар қойылған. Көрмеде оқу құралдары және ғылыми әдістемелік журналдар оқырман назарына ұсынылған .Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз.

Аудандық кітапхана директоры Ж.Алпыспаева