Актив отырысы

2019 жылғы 4 қыркүйек күні Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары  Б.Ж.Баталовтың төрағалық етуімен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асырылуын талқылау мақсатында аудандық активтың отырысы өтті. Активке: ведомствоаралық жұмыс комиссиясының мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты.

Аудандық актив отырысының қорытындысы бойынша қарар қабылданып, нақты тапсырмалар берілді және бақылауға алынды.

 

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысы Н.Идрисова