Шахматтан өткізілген турнир

Тамыз айында Семияр орта мектебінде өткізілген Шахмат жарысына Бесқарағай, Аққулы және Май аудандарынан  30-дан астам адам қатысты.

Бұл т у р н и р Жетіжар ауылының тумасы Ұлы отан соғысының батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш ашылуына орай ұйымдастырылған болатын. Турнирдің ашылу салтанатын  Бесқарағай аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы О. Болысбеков, ауданның ардагерлері атынан Т.Тоқсеитов және округ әкімі С.Назаров құттықтау сөзбен ашты. Бұл турнирға шахмат ойынының ардагері көптеген облыстық және аудандық шахмат турнирларының жеңімпазы ардагер Ж.Ахмедиев демеушілік көрсетті.

Нәтижесінде командалар арасында турнирдің бас жүлдесі Май ауданының қанжығасына байланды. Жеке ойыншылар арасында: жүлделі ІІІ орынға Май ауданының атынан қатысқан Адамжанов Ханыбек иеленсе, Аққулы ауданынан келген Есимов Жумабай ІІ орынға және турнирдің бас жүлдесіне Жумабаев Жәнібек ие болды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаз, естелік кубогымен марапатталды.

Округ әкімі    С.Назаров