Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен аудандық  Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді

Аудандық Достық үйінде аудандық Қоғамдық Кеңесінің жаңа құрамының жергілікті атқарушы органдарының қызметі бойынша тамызда алғашқы отырысы өткізілді.

Отырысқа аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамшылдар, ауданның мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты. 

Күн тәртібіне сәйкес, отырыста жергілікті атқарушы органдардың қызметі жөнінде 4 мәселе, облыстық Кеңестің 2 мәселесі қарастырылды.  

Аталған мәселелерді қарастыру барысында «Бесқарағай ауданында мектеп асханаларын жаңғырту және IT-сыныптарды жабдықтау туралы» баяндамамен  Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі басшысының м.а. Р.А. Оразалин, «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, көпбалалы отбасылардың мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту бойынша Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы» ақпаратымен Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры А.К.Курмангалиева, «Парыз-2016» бағдарламасы арқылы алынған медициналық жабдықтарды пайдалану туралы» ақпаратымен  Бесқарағай аудандық Орталық ауруханасы бас дәрігерінің АМСК бойынша орынбасары А.К. Ербосынов, «Ауданның тұрғылықты мекендерінің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғын-үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс туралы» ақпаратымен «ШҚО Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі басшысының м.а. Т.И.Назарова есеп берді.

«ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС-нің бөлім басшысы А.Т. Ашимова «Қоғамдық кеңестер қызметі арқылы тұрғындарды өңірлерді басқаруға тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» жобасының тұсаукесерін өткізіп,   облыстық Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша сараптау тобының мүшесі Т.С. Минеева «ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша сараптамалық тобының жұмысы туралы» ақпаратын берді.

Қарастырылған сұрақтарды талқылай келе, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелерімен тиісті ұсыныстар берілді.   

Кездесу соңында аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері келесі отырысқа енгізілетін сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Идрисова