«Бард әндері - 2019»

Жастар ресурстық орталығы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесе ағымдағы жылдың 9 тамызы күні қойнауы қарағайлы Бесқарағай жерінің қасиетті Шошқалы көлінің жағалауында 7 ауылдық округтің жастары қатысқан бірінші аудандық "Бард әндері-2019" фестивалі өткізілді. Іс- шара қасиетті құндылығымыз болып саналатын Шошқалы көлінде аудандық төтенше жағдайлар  бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе таза экологиялық акциясымен бастау алып, талантты аудан жастары қатысқан фестивальмен жалғасты. Фестиваль барысында Ресей Федерациясынан және Семей қаласынан келген демалушы қонақтар жастардың өнерін жоғары көңіл күймен тамашалады.  

Аудан әкімінің орынбасары Баталов Бауржан Жекенұлы бастаған аудан басшылығы қатысып, жастармен бірге алау басында көңілді әндер орындап тарқасты.

Жастар ресурстық орталығының директоры   А.Амангельдинов