Естелік жүрек Шеберлік сағаты

Жазғы демалыста аудандық кітапхананың коворкинг орталығында балалардың шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту мақсатында «Естелік жүрек» атты шеберлік сағаты өтті. Үлкен қызығушылық таныта отырып балалар қағаз, қайшы және желім көмегімен жүрек жасады. Балалар өз жұмыстарын әдемілеп, мұқият қиып, жабыстырды. Әр бала өзінің шығармашылық дарынын көрсете отырып, мерекелік жүрек жасады. Балаларға жасалған жүрек жақын адамдарға жылы сөздер, яғни, жақсылық, махаббат және бақыт тілей отырып сыйлау керектігі айтылды. Жақындарын қуанту үшін балалар өз жұмыстарын өздерімен ала кетті.

Аудандық кітапхананың кітапханашысы: В.Герман