Қайырымдылық керуені

Аудандық "Мектепке жол" акциясы аясында 2019 жылғы 5 тамыз күні Долон ауылдық округінің мектептерінде көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға арналған Қайырымдылық керуені өтті. Округ балаларына арналған мектеп формасының жалпы саны 62 дананы құрады, осы акцияны ұйымдастырушылардың атына ата-аналардың жылы сөздер мен ізгі тілектер айтылды.

Жетекші маман Ж.Базылханова